.
.
8-сынып Металдардағы электр тогы.
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2331 | Размер: | Автор: гостьСабақ тақырыбы: §45. Металдардағы электр тогы.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға металдарға электр тогы, металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатыны туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарауға қорытынды жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Егер металды электр өрісіне енгізсе, онда электр өрісінің күштерінің әрекетінен электрондар 10-4 м/с орташа жылдамдықпен реттеліп қозғала отырып, электр тогын тудырады.
Металдардағы еркін электр тогын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
Металдардағы электр тогы –еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
Электр өрісінің әрекетінен металдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы оша үлкен емес. Ал, өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады.
Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибе (Стюарт пен Толмен):
Стюарт пен Толмен бөлшектр зарядының олардың қатынасын анықтады: 1,8ּ1011 Кл/кг-ға тең болды. Бұл шама электрон зарядының оның массасына қатынасына сәйкес келеді.
ІІІ. Пысықтау.
1. Әдеттегі жағдайда металл электр бейтарап екенін қалай түсіндіруге болады?
2. Металдардағы электр тогы дегеніміз не?
3. Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын қандай тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады?
IV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §45
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.