Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құпия шипалы сусын -

Құпия шипалы сусын

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2032 | Размер: | Автор: гость
. Сыныбы: 7а, б сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Құпия шипалы сусын
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибе көрсететін құрал - жабдықтар, сыйлықтар, марапаттау қағаздары.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: кіріспе әңгіме , сабақтың өту барысын , мақсатын хабарлау .
- Балалар , бүгінгі сабағымыз « Құпия шипалы сусын » деп аталатын ойын сабағын өтеміз- Алдымен бүгінгі сайыстың шартымен таныстырайын
Ойын шарты: мұғалім тапсырмалары бар қоржын, кебеже, сандықты алдын ала даярлайды. Оқушылар сол тапсырмаларды орындау арқылы сусын егесін тауып, құпия шипалы сусынға қол жеткізеді.
1) Қоржында анықтамалардан 7 сұрақ қойлады, сол сұрақтарға жауап беру арқылы сандық кілтін алады.
Ол сурақтар:
• Гипотеза – ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар.
• Орын ауыстыру – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын онның келессі орнымен қосатын бағытталған кесінді.
• Масса – денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеруі дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
• Қысым – беллгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
• Қылтүтікті құбылыстар – қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілу немесе төмен түсу кезінде байқалатын беттік құбылыстар.
• Потенциялдық энергия – денелердің немесе бір дене бөліктерінің өзара орналасуымен анықталатын энергия.
• Механиканың алтын ережесі – қарапайым механизмдерді пайдалану кезінде күштен қанша есе ұтсақ, қашықтықтан сонша есе ұтыламыз.
2) Сандықта 7 әріп берілген, сол әріптердің мағынасын түсіндіріп, өлшем бірліктерін, немен өлшенетінін айту керек.
Ол әріптер:
• m = масса, ө.б. (1 кг) таразы
• p = қысым, (ө.б. 1Па) барометр, манометр, ареометр
• S = аудан, (ө.б. 1м2) сызғыш
• V = көлем, ө.б. (м3) мензурка
• t=уақыт, ө.б. (1с) сағат
• Ғ= күш, ө.б. (1Н) динамометр
• = жылдамдық, ө.б. (1м/с) спидометр
3) Сандық ішіндегі кебежеден «Физика» сөзжұмбағының 7 тапсырмасы шығады
• Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы (диффузия)
• Итальян ғалымы (Галилей)
• Заттың үш күйінің бірі (Газ)
• Табиғатты зерттейтін ғылым (Физика)
• Заттың ең ұсақ бөлшегі (Молекула)
• Суды көлем өлшейтін құрал (мензурка)
• Инерттілік өлшемі (масса)
4) Кебеже ішіндегі ашық хаттан 7 түрлі тәжірибе тапсырмалары шығады
• Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттардыпайдаланып, мұздыстаканнаналукерек.
Жауабы: тұздыңәсеріненмұзериді де, жіпмұзғакіріп, лездесалқындапжабысыпқалады. (кристалдану, балқу)
• Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)
• Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әртүрлі деңгейдегі қысымдары әртүрлі болады, төмендеген сайын қысым артады)
• Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтыңекіортадатаралуы)
• Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбедеұзақуақыттұрады. Неге? (шар электрленеді)
• Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатпаймыз. Оларбір - бірінетебеді, неліктен? (аттасзарядтартебіледі)
• Бір шарды газетпен үйкелеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір - біріне жақындатайық. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (әр аттас зарядтар бір - бірін тартады)
5) Кебеже ішіндегі келесі хаттан 7 түрлі формулалар бойынша тапсырмалар шығады
• Қуат
• Тығыздық
• Потециялдық энергия
• Күштер
• Кинетикалық энергия
• Қысым
• ПӘК
6) Келесі ашық хатта физикалық өлшем бірліктер тапсырмасы:
• Оқушы үйден шығып 15 мин жүрді.Осы уақыттың сағат,секунд бірліктерін жазыңдар.
• 1,5 тәулікте неше секунд бар
• Үстел ұзындығы 0,8м.Оны дециметр,сантиметр,миллиметр,километрмен жазыңдар
7) Қонақ сұрағы
Тапсырмаларды орындап болған соң оқушыларға Қамбар ата өсиеті оқылып:
Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал оны салт мінуге, күш көлік ретінде пайдаланады. Сайын далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан батырларымызда аз емес. Қымызды емге пайдаланған, бойыңды қыздырып қысты күні жылы әрі жұғымды болады. Жылқының жалынынан, құйрығынан арқан жіп есілді, етінен қазы - қарта, жал - жая жасайды.
Төрт түліктің пайдасы туралы өлеңдер ( қымыз, шұбат, сүт т. б. )
Жылқы атасы қазақта – Қамбар ата.
Тілігенде өзің атқа бата,
Үйір - үйір жылқыны шұрқыратып,
Әкеледі кешке жақын Қамбар ата
Құпия сусын ұсынылады, марапаттау қағаздары беріледі.
Қорытынды: рейтингтік әдіс бойынша бағалау.
Оқушының аты - жөні Дәптер
Ауызша
жауап Уй тапсырмасы Жинақ қоры
1 Бейсенбаева Ару Бақытжанқызы 36 30 30 96%
2 Ангелекова Айдын Нұрғалиқызы 30 35 30 95%
3 Шатырбай Бақдаулет 30 30 34 94%
4 Бекмұрат Асылбек Нұрланұлы 30 33 30 93%
5 Ускенбай Жансая Ержанқызы 30 30 33 93%
6 Қуатбай Бағжан 30 31 25 86%
7 Джунисов Ахан Ажибекұлы 30 30 25 85%
8 Сапаралы Бақкел 17 30 35 82%
9 Мамыр Ақперне Пазылханқызы 40 6 35 81%
10 Өсер Бекзат Ералханұлы 5 40 36 81%
11 Мұхтарқызы Дана 22 22 36 80%
13 Мергенбай Серғазы Сәкенұлы 20 25 35 78%
14 Толысбай Бекбосын Керимқұлұлы 35 25 15 75%
15 Азимтаев Әсел Сәбитқызы 16 15 40 71%
16 Аманкелді Сүндет 15 15 40 70%
17 Пернебай Ақерке Нүржігітқызы 40 15 15 70%
18 Дөненбай Лаура 15 40 15 70%
19 Сатылханова Айжан Нұрмаханқызы 25 20 20 65%
20 Сары Ажар Сағатбекқызы 20 25 20 65%
21 Иса Ағарыс 23 20 20 63%
22 Жораханова Аяжан Абдрашитқызы 20 20 20 60%
23 Дихан Меруерт Бақытбекқызы 20 20 20 60%
24 Жандар Жансая 20 20 20 60%
25 Әлиайдар Маржан Күмісбекқызы 20 20 19 59%
26 Дүйсенбек Айгерім Құрбанбекқызы 10 10 30 50%
27 Оспан Сейітқожа Бекжанұлы 8 3 9 20%
28 Тәңірқұл Бақдаулет Сәбитұлы 5 3 5 13%
29 Кучкинбай Нұрғали Эгамбердіұлы 2 5 7%
30 Исабай Бақтыбек Мұратбекұлы 1 5 6%
31 Батырбек Нурислам Батырбекұлы 3 3%
33 Тұрсынбай Сейілбек Әсілбекұлы 2 2%
Өмір Айдана Асылбекқызы 1 1%
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.