Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Су сорғы моделі» практикалық жұмысы -

«Су сорғы моделі» практикалық жұмысы

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1399 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шакенов Қанат Серікұлы
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы
№3 Явленка орта мектебінің физика пәнінің
мұғалімі
Есіл ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы

«Су сорғы моделі» практикалық жұмысы
Мақсаты : қарапайым материалдарды қолдана отырып жұмыс істейтін су сорғы моделін жасау.
Материалдар:
1. көлемі 1,5 л. пластмассалық бөтелке ;
2. көлемі 5 мл. бір рет қолдануға арналған медициналық шприц ;
3. қайшы ;
4. медициналық жүйенің мөлдір түтікшесі ;
5. біз ;
6. пластмассалық шарик;
7. қаламсап стержені ;
8. су бар стақан.
Жұмыс барысы:
1.Шприц поршенінің резеңкесің алыңыздар.

2.Қайшы көмегімен резеңкенің төменгі жағына тесік жасаңыздар.

3. Біз арқылы шприцтің төменгі жағына төрт кішкентай тесік жасаңыздар.

4.Шприц поршена резеңкені кигізіңіздер.

5. Су сорғының суәкеткіш (водоотвод) рөлінде (мақсатында) қаламсаптың бос стерженді 3-4 см кесіп алып қолдаңыздар.

6. Шприцтің 5 мл белгіленуде бұрыштап суәкеткіш сыйатындай тесік жасаңыздар.

7.Шприц цилиндрінің төменгі жағына пластмассалық шарик түсіріздер.

8.Алдын- ала дайындаған су сорғы поршенің салыңыздар.

9.Абайлап суәкеткішті орына қойыңыздар.

10. Медициналық жүйенің мөлдір түтікшесінен 25 см-ге жақын ұзындықты кесіп алыңыздар.
11.Пластмассалық бөтелке қақпағына шприцтің төменгі тесігіне тең тесік жасаңыздар.

12.Қақпақ арқылы түтікшені өткізіңіздер.
13. Шприцті өз орнына орнатыңыздар.

14.Пластмассалық бөтелкеге стақаннан су құйыңыздар.
15.Мөлдір түтікшені пластмассалық бөтелке жіберіңіздер және тығыз бұраңыздар.
16. Поршенді тік жоғары және төмен қозғала отырып су сорғының жұмыс моделін көрсетіңіздер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.