.
.
Сарысай негізгі мектебі Өткен тақырыптарды қорытындылау
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1522 | Размер: | Автор: Нартай45408 класс
Тақырыбы: Өткен тақырыптарды қорытындылау
Дайындаған: Акильжанова А.С
2013-2014 оқу жылы
Бекітемін:____________
Күні: 11.03.2014
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: Өткен тақырыптарды қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алған білімдерін бекіту және жалпылау, жүйелеу,
оқушылардың танымдық қабілеттерін белсендіру.
Дамытушылық: Шығармашылық тапсырмаларды қолдана отырып,
қиындықтарды жеңе білу, өз бетімен жұмыс жасай
білу,білімін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын
қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымда жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бақылай білуге
дағдыландыру.
Сабақтың типі: Білімді жалпылау, жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Практикалық, көрнекіліктік, жеке, өз бетімен жұмыс, топпен
жұмыс
Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, топ атаулары жазылған парақтар, смайлдар,
бағалау парағы, «Бременские музыканты» және «Винни Пух»
мультфильмдерінен үзінділер
Құрал-жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта, проектор
Программалық жабдығы: ActivStudio бағдарламасы, мультимедиалық объектілер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушыларды екі топқа бөлу: «Қуат», «Жұмыс». Фронтальды сұрақтар топтарға қойылады. Берген жауаптарына қарай түрлі түсті парақтар беріледі.
Кіріспе: Бүгінгі сабақ маңызды нәрселер жайында болмақ. Сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің көмегіне жүгінеміз. Олай болса, бастайық. Алғашқы болып қол көтерген топ оқушылары сұрақтарға жауап береді.
(Жауап үшін түрлі түсті парақтар тарату)
Қызықты сұрақтар:
1. Винни Пух ағашпен жоғары өрмелегенде жұмыс атқара ма?
Винни Пух жұмыс жасайды, себебі ол ағашқа күш түсіреді және осы күштің әрекетінен орын ауыстырады.
2. Винни Пух ағашпен жоғары көтерілгенде және еркін құлағанда ауырлық күші жұмыс атқара ма?
Екі жағдайда да ауырлық күші жұмыс жасайды.
3. Екі жағдайда ауырлық күшінің жұмыстарының айырмашылығы неде? Қай жағдайда ауырлық күшінің қуаты көп?
Винни Пух жоғары көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысы теріс, құлағанда оң болады.
4. Шарға ілінулі тұрған Винни Пухқа қандай күш әрекет етеді?
Торай мылтықты әкелу үшін үйіне жүгіріп барып кері қайтқанда қандай жұмыс атқарды? Торайдың үйінен еменге дейінгі қашықтық 800 м. Жүгіру кезіндегі оған әрекет ететін күш 75 Н.
120 000 Дж
Мылтықтан атылған тығынның орын ауыстыруы кезіндегі ауырлық күшінің толық жұмысы неге тең? Еменнің биіктігі 60 м. Тығынның массасы 20 т.
0 Дж
1. Кезбе музыканттардың (Бременские музыканты) қайсысы арбаның орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады? Неге?
Есек қана жұмыс атқарады, себебі музыканттар күштерінің бағыты арбаның қозғалыс бағытына перпендикуляр.
2. Егер арбаға жегілген Есек тұрақты жылдамдықпен қозғалса, қай бөліктерде Есектің қуаты ең үлкен (ең кіші) мәнге ие болады?
Есек тауға көтерілгенде арбаға көп күш түсіргендіктен оның қуаты көп болады.
3. Егер Ханшайым (Принцесса) бірдей жолда бірде жүгіретін болса, бірде жай жүретін болса, ол бірдей жұмыс атқара ма? Екі жағдайда қуат бірдей бола ма?
Жүгірудің жүруден айырмашылығы мынада: қандай да бір биіктікке секіреді. Осы кезде Ханшайым денесін қандай да бір биіктікке көтергенде қосымша жұмыс атқарылады. Жүгіру кезінде қуат көп.
4. Бозбала Ханшайымды қолымен көтеріп ұстап жүрсе жұмыс жасай ма? Ал егер ол қозғалмай Ханшайымды қолымен көтеріп ұстап тұрса ше?
Бозбала екі жағдайда да жұмыс жасайды. Мұнда көлденең-талшықтық бұлшықеттердің қимылына байланысты болады.
Қызықты есептер:
«Қуат» тобына:
Электр тізбегінің ұштарындағы кернеу U=2В. Ондағы I=1А ток күштері t=60 с уақытта қанша A жұмыс жасайды?
Жауап: A=120 Дж
Жүкшығырын айналдыратын электрқозғалтқышы Q=9120 Дж –ге тең жұмыс атқарады. I=4А ток күшінде q=24 Кл заряд өткендегі электромотордың P қуатын табыңдар?
Жауап: Р=1520 Вт.
№637
Кернеу U=220 В, ток күші I=5 А желіге жалғанған электрқыздырғыш
t=1800 с жұмыс істегенде, қанша Q электр энергиясы шығын болады?
Жауап: Q= 198*104 Дж
«Жұмыс» тобына:
Электр тізбегінің ұштарындағы кернеу U=2В. Ондағы I=10 А ток күштері t=60 с уақытта қанша A жұмыс жасайды?
Жауап: A=1200 Дж
Кедергісі R=4,4 Ом, U=220 В кернеуге есептелген, электрқондырғының P қуатын табыңдар?
Жауап: Р= 11000 Вт.
№673
Ток күші I=5 А желіге жалғанған, кедергісі R=30 Ом электр пешінен
t=60 секундта қанша Q жылу бөлінеді?
Жауап: Q= 45000 Дж
Бекіту:
А) «Домино» ойыны
Механикалық жұмыс А=F*s
Механикалық қуат P=A/t=IU
Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі механикалық қуат N=F*v
Ауырлық күші F=m*g
Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы v=s/t
Кинетикалық энергия 〖 E〗_k=〖mv〗^2/2
Потенциалдық энергия 〖 E〗_p=mgh
A=IUt - жұмыс Q=I2Rt - энергия
Б) ХБЖ-гі өлшем бірліктері неге тең? Бұл қандай физикалық шамалар?
1 Дж=1Н*1м 1Дж=1кг*1Н/кг*1м 1Вт=1Дж/с 1 Вт=1Н*1м/с
Бағалау:
Сабақ басында Бағалау парақтары оқушыларға таратылады. Оқушылар жинаған түрлі түсті парақтар бойынша өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма:
1. Егер қасқырдың массасы 40 кг болса, оны 10 м тереңдіктен көтергенде аңдар қандай механикалық жұмыс атқарады?
2. Сюжетке қарап есепті құрастырыңдар және шешіңдер.
Қызықты есептер:
«Қуат» тобына:
Электр тізбегінің ұштарындағы кернеу U=2В. Ондағы I=1А ток күштері t=60 с уақытта қанша A жұмыс жасайды?
Жүкшығырын айналдыратын электрқозғалтқышы Q=9120 Дж –ге тең жұмыс атқарады. I=4А ток күшінде q=24 Кл заряд өткендегі электромотордың P қуатын табыңдар?
№637
Кернеу U=220 В, ток күші I=5 А желіге жалғанған электрқыздырғыш
t=1800 с жұмыс істегенде, қанша Q электр энергиясы шығын болады?
Қызықты есептер:
«Жұмыс» тобына:
Электр тізбегінің ұштарындағы кернеу U=2В. Ондағы I=10 А ток күштері t=60 с уақытта қанша A жұмыс жасайды?
Кедергісі R=4,4 Ом, U=220 В кернеуге есептелген, электрқондырғының P қуатын табыңдар?
№673
Ток күші I=5 А желіге жалғанған, кедергісі R=30 Ом электр пешінен
t=60 секундта қанша Q жылу бөлінеді?
А = F * s P = A/t
= I * U N = F * v 〖 E〗_к = 〖mv〗^2/2
E_p = m
g h A = I U
t Q = I2 R t
«Қуат» тобы
«Жұмыс» тобы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.