.
.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылы Қысым
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2336 | Размер: | Автор: Нартай4540Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі физика пәнінің мұғалімі
Айтжанова Бағила Бердешовна.
Тақырыбы: Қысым.
Мақсаты: қысым, қысым бірліктерін күнделікті өмірде кездесетін
мысалдар арқылы түсіндіру.
а/білімділік: қысым туралы алған білімдерін пысықтау,пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б/дамытушылық: оқушылардың жан-жақты білім алуына бағыт-
бағдар беру,қабілетін тануға көмектесу,ой-өрісін дамыту.
в/тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,жауапкершілікке,топпен жұмыс
істей білуге,ынта-ықыласының артуына,адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы.
1.Ұйымдастыру бөлімі.(түрлі-түсті фигураларды таңдау арқылы сыныпты
2 топқа бөлеміз.) 1-ші топ «Кеңістік»,2-ші топ «Уақыт».
2.Үй тапсырмасын тексеру.»Қызығушылықты ояту» «Кім шапшаң?»
қайталау сұрақтары. «Не білемін?»
3.Жаңа тақырыпты меңгерту.»мағынаны тану» «Не білгім келеді?»
4. «Көкпар» суреттер бойынша әңгімелер құрастыру.
5. «Сен білесің бе?» қызықты тәжірибелер.
6. «Сабақты бекіту.»Ой толғаныс» кезеңі.»Мен нені білдім?» есептер шығару.
^ оқулық бойынша есептер
^ логикалық есептер
^ деңгейлік тапсырмалар.
Қорытындылау.Бағалау.Үйге тапсырма §33
1.Физика және астрономия қандай ғылым грекше аудармасы қандай?
(фюзис-табиғат,астрон-жұлдыз,номос-заң)
2.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?
(барлық заттар ұсақ бөлшектерден тұрады,олар үздіксіз,ретсіз қозғалыста
болады. және өзара әрекеттеседі)
3.Зат неден тұрады?(молекулалардан)
4.Молекулалар неден тұрады? (атомдардан)
5.Заттың үш күйі.(қатты,сұйық,газ)
6.Температура дегеніміз не? (заттың жылулық тепе-теңдәк күйін
сипаттайтын шама)
7.Диффузия дегеніміз не?(әр заттың молекулаларының екінші заттың
молекулаларының араларына енуі).
8.Жылдамдық дегеніміз не,өлшем бірлігі қандай?(орын ауыстырудың
сол уақыт аралығына қатынасы, км/сағ,м/с).
9.Заттың тығыздығы дегеніміз не,өлшем бірлігі қандай?(көлем бірлігіндегі
массасына тең физикалық шаманы айтады. кг/м3)
10.Динамометр қандай құрал?(күшті өлшейтін құрал)
2.Жаңа тақырыпты меңгерту..»мағынаны тану» «не білгім келеді?»
Қысым бетке әрекет ететін перпендикуляр бағытта күштің беттің
ауданының қатынасымен анықталады.Белгілі бір бетке түсетін күш
әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды..
қысым=күш/аудан P=F/Ѕ F=PЅ Ѕ=F/P P=Па(Паскаль)
еселік-үлестік өлшем бірліктер.
1гПа(гектопаскаль)=102, 1кПа(килопаскаль)=103, 1МПа(Мегапаскаль)=106,
Мысалы:қайшы,пышақ,ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз.
Бұл құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтсек қысым үлкен болады.
Табанының ауданы үлкен болса,қысым аз түседі.Мысалы:шаңғымен жүрген
бала қар үстімен жеңіл жүреді.
3. «Көкпар» суреттер бойынша әңгіме құрастыру.(мазмұндылығы,өзектілігі)
4. «Сен білесің бе?» қызықты тәжірибелер көрсету.
Саған керегі: Ұзындығы 25-30 см болатын пластмасса таяқша бірдей екі әуе шары, жіп, қарындаш
Тәжірибе барысы:
1. Таяқшаның ортасын қарындашпен белгілеп, жіппен ілгек жасап, оны таяқшаның ортасына байла.
2. Шарларды таяқшаның екі ұшына ұзындығы бірдей жіппен байлап бекіт.
3. Таяқшаның ортасындағы ілгектен таяқшаны көтеріп ұста. Олар теңгеріліп тұрады.
4. Шарлардың бірін өте қатты үрлеп, екі шарды қайтадан өлше.
Не байқалады?
Ауасы бар шар ілінген жағындағы таяқша төмен түседі, ал екінші ұшы жоғары көтеріледі
Себебі: ауаның массасы бар, сондықтан бос шарға қарағанда ауасы бар шар ауырлау келеді
5. «Сабақты бекіту.»Ой толғаныс» кезеңі. «мен нені білдім?» есептер шығару.
1.Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2 .
Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?
2.Күй табақтың инесі оны ойнатқанда 0,27 Н күш түсіреді.Егер ине ұшының ауданы 0,0003 см2 болса,оның қысымы қандай болар еді?
3.3кН күш 600 см2 ауданға бірқалыпты әсер етеді.Сонда қысым күші қандай?
4.Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр.Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м ені 8 см.Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр.
5.Лимонад пен минералды су жабық шөлмекте тыныш тұрады,ал тығынын
алса қайнай бастайды?
6.Құрғақ отын жанғанда неге сатұр-сұтыр етеді?
7. деңгейлік тапсырмалар.1-ші,2-ші нұсқалар.
Қорытындылау.Бағалау.Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.