Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қысым қызықтары -

Қысым қызықтары

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1587 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Күні: 15.05.2013жыл. 7 класс _______________
Тақырыбы: Қысым қызықтары.
Білімділік: Қысым тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау,оқушылардың белсенділігін арттырып,бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық:Осы тарауда нені білді,қандай шамалармен танысты,алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа ,жинақтылыққа тәрбиелеу,пәнге қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:Тест тақтасы ,интерактивті тақта,анықтамалық кітапша,экспериментке қажетті құралдар
Пәнаралық байланыс: Математика,информатика,биология.
I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Бағалау.
Сабақтың барысы:
I. Ой қозғау
II. Тәжірибешілер
III. Кім жүйрік?
IV. Тест тақтасы
V. Топтастыру
VI. Ой қорыту
Блез Паскаль: Француз философы,жазушы,математик және физик.Жазған еңбектері:”Арифметикалық үшбұрыштар туралы трактат”, “Сұйықтардың тепе-теңдігі жайында трактат”, “Ауа массасының салмағы туралы трактат” және т.б.
Архимед: Көне грек ғалымы,өнертапқыш.Астроном және математик.Жазған еңбектері:”Шар және цилиндр”, “Жүзетін денелер туралы” және т.б.
1.Ой қозғау.
1.Қысым дегеніміз не?
2.Паскаль заңының тұжырымдамасы?
3.Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
4.Қысымның негізгі өлшем бірлігі: _Паскаль
5.Сұйықтар мен газдардағы қысымды зерттеген ғалым:___________________
6.Бұл құрал қалай аталады?
7.Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
8.Газдың қысымы қалай пайда болады?
9.Сорғы түрлерін ата?

10. 1 мм.сын.бағ _______Па тең?
11.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі? _______
12. Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:
1кПа =__________Па ,
1МПа =__________Па,
15000Па =____________Па
2.Тәжірибешілер:
Тәжірибе:
1. Қажетті құралдар: Айран құтысы, піскен жұмыртқа, шырпы, бір тілім қағаз. Айран құтысына тек қана осы құралдардың көмегімен піскен жұмыртқаны қалай енгізуге болады?
2. Қажетті құралдар: Ыдыстар (тарелка, стакан), шырпы, тығынға бекітілген шырпылар, тиын, су. Қолымызды суға малмай тиынды қалай алуға болады?
3.Кім жүйрік.
1.Темір шеге 20Па қысым түсіруі үшін оның басына қандай күшпен әсер ету керек?Шеге ұшының ауданы 0,5м2 деп есептеңдер?
Бер: Формуласы: Шешуі:
P=20Па
S= 0,5м2
т/к:F-?
2. 2.Емен ағашының суға толық батырылған кесегіне 9,8Н архимед күші әсер етеді?Осы ағаштың көлемі қандай?
Бер: Формула: Шешуі:
F=9.8Н
g=9.8Н/кг
ρ=1000кг/м3
V=?
4.Тест жұмысы.

5.Топтастыру.
1. Ареометр –сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал.
2. Сфигмотанометр-адамның қан айналым жүйесіндегі қысымын өлшейтін құрал. “сфигмос”-жүрек соғуы.
1.манометр.
2.манжет.
3.үрлеуіш.
3. Манометр-қысым айырымын өлшеу үшін қолданатын құрал.
“манос”-сирек,тығыз емес, “метрео”-өлшеймін.
4. Альтиметр-ұшақтар ұшу биіктігін үнемі қадағалап отыру үшін қолданылатын құрал
5. Барометр-қысымды өлшеуге арналған құрал.
“Барос”-ауырлық, “метрео”-өлшеймін.
6. Бурдон манометрі-сұйықтың ,газдың немесе будың қысымын өлшейтін құрал.
6.Ой қорыту.
1. Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?
2.Ауа сорғысы қалпағының астына аузы
байлаулы,ішінде аздаған ауасы бар резеңке шар орналасқан.Сорғымен қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шығаратын болсақ,шар торсия бастайды.Осы құбылысты түсіндіріп беріңдер?
3.
Қатты Көлемін, пішін сақтайды, молекулалары белгілі бір ретпен тербелмелі қозғалады қысым бір бағытта
беріледі
Сұйық Құйылған ыдыстың пішінін алады, аққыш, көлемін сақтайды, молекулалары секірмелі қозғалады
қысым жан-жаққа
бірдей таралады
Газ Көлемін, пішінін сақтамайды, оңай сығылады, молекулалары ретсіз, шапшаң қозғалады.
қысым жан-жаққа
бірдей таралады

4.Тәжірибені түсіндір.


Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Тарауды қайталау.Сөзжұмбақ құрастыру.



Нагорный орта мектебі

Ашық сабақ тақырыбы:

7класс

Өткізген физика пәні мұғалімі:
Қойшыбаева Нурша Қамзанқызы

2013жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.