.
.
Мекеме атауы № 24жалпы орта білім беру мектебі. Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3150 | Размер: | Автор: Нартай4540Аты – жөні Нурабев Саябек Токашевич
Лауазымы физика пәнінің мұғалімі.
Жұмысы өтілі 1 6 жыл.
Санаты бірінші.
Пәні физика.
Тақырыбы «Практикалық жұмыс: Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу».
Сынып 8 «А».
Физика 8-сынып.
Пән мұғалімі:
2-апта Күні:24.11 №4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: . Практикалық жұмыс: Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу».
Сілтеме: Оқулық 8-сынып, нұсқаулық: СТО, (43-45 бет) Блум таксономиясы (45-80 бет), Диалог (98-102бет), Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс (78-80 бет).
Жалпы мақсаты: Білу: Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін ажырата білу.
Түсіну: Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруін, жылу мөлшерінің қандай физикалық шамаларға қалай тіуелділігін түсіну
Қолдану: Теориялық білімдерін есеп шығаруда, тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдану.
Талдау: Есеп шығару кезінде талдау жасау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Жинақтау: «Заттың агрегаттық күйлері» тақырыптары бойынша білімдерін жинақтау .
Бағалау: Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан қорытынды жасау.
Негізгі идеялар: Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
Топпен жұмыс істеуін дағдыландыру.
Танымдық белсенділігін арттыру.
Акт-ны
Көрнекі құралдар: Компьютер, интерактивті такта, плакат, А-3 қағазы, маркерлер, карточкалар,
Үйге тапсырма: §§13-19,
Жаттығулар: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау түрі Оқу нәтижесі
Ұйымдастыру 1. «Шаттық шеңберін» құру 1-мин
2. Сынып оқушыларын процесс атаулары арқылы топқа бөлу - 1 мин.
3. Топ ережесін қайталау
4. Топ спикерін тандап, бағалау парағы таратылады-2 мин. 1. «Шаттық шеңберін» құру арқылы оқушылар бір-біріне деген ықыластары мен тілектерін білдіреді.
2. Оқушылары бес топқа бөлінеді.
3. Топ ережесін қайталайды.
4. Спикер бағалайды
Бі-біріне тілек айтады, топқа бөлінеді, топ ережелерін қайталайды,. Спикер топ мүшелерін бағалайды
Білу «Не біліп келдім...» өткен тақырыптарды қайталау. – 3 мин. Кесте толтырады.
(топта оқушылар бір - бірін бағалайды, мұғалім топты бағалайды) Бірін бірі- бағалайды Жылу процестерінің анықтамаларын, өлшем бірліктерін, есептеу формулаларын қайталайды, кесте толтырады,
Тұсіну «Кім жылдам» арқылы- 3 мин.
Топ мүшелері (Денені қыздыпрғанда немесе суытқанда шығындалатын немесе қабылданатын жылу мөлшерін анықтайтын, Отынның жану энергиясы, 1 кг затты балқытуға қажет жылу мөлшері, Сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерін анықтайтын формула) А3 форматта бір бірден мен белгілеген уақытта сағат тілінің бағытымен (сол жақтан оңға қарай)формулаларды жазады.
балқу
қыздыру
жану
қайнау
салқындау
Конденсация
Қатаю
Өзін-өзі, бірін-бірі бағалау Тақырыпты түсінеді, формуларды жазады
Қолдану «КІм жүйрік» атты ойын деңгейлік есептерді береді – 20 мин.
тест тапсырмасын береді Есептерді шығарады:
№ 1. Массасы 1, 5 т кірпіштен жасалған пешті 100С –тан 200С – қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?. с = 880 Дж/кг0С
№ 2. Массасы 3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген, Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер.
№3. Температурасы 570 С массасы 200 г сынапты буға айналдыру ұшін қанша жылу мөлшері жұмысалады. r = 0,3*106 Дж/кг
№4. Бастапқы температурасы 270С массасы 1 кг қорғасын кесегін балқыту үшін қандай жылу мөлшері қажет? = 0.25*106 Дж/кг, t = 3270C, c = 140 Дж/кг0C
№5.Бастапқы температурасы 200С,массасы 10 кг суды ашық ыдыста қайнағанға дейін қыздырып,буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады? С=4200 ДЖ/кг 0С
L=2,3*106Дж/кг
Тест орындайды.
1. 0˚С температурада мұз ериді.Осы кезде энергия:
А)* Жұтылады В) Бөлінеді С) жұтылмайды және бөлінбейді
2. Булану кезінде сұйық суиды,себебі:
А)* бөлшектер сұйықтан жоғары кинетикалық энергиямен шығады
В)сұйықтын массасы азаяды
С)сұйықтан ең жеңіл бөлшектре шығады
3.Массасы 1 кг зат толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын шама:
А)меншікті булану жылуы В) *меншікті жану жылуы С)меншікті балқу жылуы
4. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға қалай тәуелділігін анықта:
А)тәуелді емес
В)қысым артқан сайын қайнау температурасы төмендейді
С)*қысым артқан сайын қайнау температурасы да артады)
5. Бөлме температурасы 20 0 болса, абсалюттік Кельвин шкаласы бойынша мәні-
А.393К В.20 К С.*293 К
6.Бұлтта су буы кристалға айналады.Бұл процестің нәтижесінде ауа:
А)суиды в)*қызады С)температурасы өзгермейді
7. Қайнау кезінде сұйық толық буланып болғанша температура
А.Анықталмайды. В. Төмендейді . С.* өзгермейді
Тест критериі:
100 -85 % - «5»
65 -85 % - «4»
50 -65 % - «3»
0--50% - «2» Өзіндік бағалау, Алған білімдерін практикада қоладнып еспетер шығара біледі, тестік тапсырмаларды орындайды.
Талдау Логикалық есептерді береді, талдайды. 1. Сынап қандай температурада кристалға айналады?
2. Булану кезінде ішкі энергия өзгереді ма? Неге?
3. Өзенге шомылып шыққан адамның ыстық күннің өзінде тонатыны неліктен?
4. Неге темір пеш кірпіш пешке қарағанда бөлмені тез жылытады, және тез суиды?
5. БІр тал сереңкемен ағаш жаңқасын тез тұтандыруға болады, ал үлкен кесекті тұтандыруға болмайды? Өзін-өзі бағалау, Алған білімдерін практикада қолданады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, физикалық тілде сөйлеу қабілеттері артады.
Жинақтау Мозайка әдісін қолданып үш сұрақ құрастырады, басқа топтың сұрағына жауап береді. Әр-бір топ мүшелері 3 сұрақтан құрастырады. Сұрақтар алмастырылып басқа топқа беріледі. Топтар сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау. Салыстырады, сұрақтарға жауап береді, топта жұмыс істеуге дағдыланады,
Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек жазады Екі жұлдыз, бір тілек жазады Екі жұлдыз, бір тілек жазады (Оқушылар өз ойларын жазып стикерге береді тақтаға іледі)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.