Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заттың тығыздығы -

Заттың тығыздығы

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3430 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қаратөбе мектеп-гимназиясы

7а сынып

Өткізген: физика пәнінің мұғалімі
Ж. М. Жұмабаева.

2009/2010 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы
Сабақ мақсаты: Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең болатын физикалық шама заттың тығыздығы ұғымын қалыптастыру. Масса мен көлемге тәуелді формуласын, өлшем бірлігін тағайындату. Дербес жұмыс жасауға, жұппен жұмыс жасауға және бірін-бірі бағалауға үйрету. Масса мен көлем берілгендегі заттың тығыздығын, тығыздық пен көлем берілгендегі заттың массасын, заттың массасы мен заттың тығыздығы берілгендегі көлемін анықтауға арналған формуланы есепте шығарта отырып, есептре шығаруға, эксперименттік есептер шығаруға пайдалана білуге үйрету.
Сабақ түрі: түсіндірмелі-практикалық.
Сабақ әдісі: дербес жұмыс (тест), жұптық жұмыс(эксперимент).
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, тест, карточкадағы есептер, бағалау парағы, таразы, гір тастар, әртүрлі қатты денелер: кір сабын, иіс сабын, ағаш, темір білеуше.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру –амандасу, сабаққа қатынасын тексеру.
Үй тапсырмасы. (тест)
І. Қызығушылықты ояту.
 1кг мақта ауыр ма, темір ауыр ма? m1=m2, V1> V2
 m1>m2, V1= V2
Олай болса масса мен көлемге байланысты анықталатын тағы бір шама қажет.
ІІ. Мағынаны тану.
Ол шама заттың тығыздығы.
Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.
-заттың тығыздығы (ρο)
m-заттың массасы
V-заттың көлемі

1м3 көлемдегі массасы 1кг болатын заттың тығыздығы.

Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онад заттың массасын қалай анықтауға болады?


Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?


Белгілі бір массасы мен көлемі бар заттың тығыздықтарын есептеулер арқылы есептеп алынған мәндері бар. Біз заттың үш күйі болатынын білеміз. Олар : қатты, сұйық және газ. Осы заттың үш күйіне тән тығыздықтың мәндері сіздердің кітаптарыңыздың 218 бетінде 6,7,8 кестелерінде берілген.
Біз қазір күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген заттырдың тығыздығын анықтай қояйық. Ол үшін бізге не қажет: Сызғыш, таразы, кір сабын, иіс сабын, ағаш және темір білеуше, бор, сүт.
Сонымен біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген тұрмыстық заттардың тығыздығын анықтап білдік.
Енді жалпы табиғатта кездесетін қатты, сұйық және газ түріндегі заттардың тығыздығын, көлемін, массасын анықтап көрелік. Ол үшін мына карточкадағы есептерді көршілеріңізбен алмастыра отырып шығарасыздар.
ІІІ. Толғаныс.
 Заттың тығыздығы дегеніміз не?
 Заттың тығыздығын қалай анықтаймыз?
 Заттың тығыздығының өлшем бірлігі қандай?
 Тығыздығы мен көлемі белгілі болса, заттың масасын қалай анықтауға болады?
 Тығыздығы мен массасы белгілі болса, заттың көлемін қалай анықтауға болады?
ІҮ. Үйге тапсырма. 12-жаттығу. Сыныпта шығармаған есептерді шығару.
№3 зертханалық жұмысты оқып келу.

1. Массасы 3кг, ал көлемі 2*10-4м металдың тығыздығы қандай?

2. Автомашинаның бензин құтысының сыйымдылығы 3*10-2м3 оған толтыра құйылған бензиннің массасын есепте.

3. 8кг керосин сыятын құтының көлемі неге тең?

4. Тығыздықтың сан мәнін кг/м3 өрнекте. 2,5г/см3

5. Көлемі 2м3заттың массасы 5200кг болса, ол заттың тығыздығы қаншаға тең және қандай зат.

6. Массасы 78г болаттың көлемі қаншаға тең?

7. Тығыздықтың мәнін кг/м3 өрнекте. 0,07кг/дм3

8. Массасы 4кг, ал көлемі 2*10-4м металдың тығыздығы қандай?

9. Көлемі 20см3 алюминийдің массасы неге тең?

10. 80кг мұнай сыятын құтының көлемі неге тең?

11. Тығыздықтың мәнін кг/м3 өрнекте. 0,8кг/л

12. Массасы 3кг, ал көлемі 2*10-4м металдың тығыздығы қандай?

13. Шамның құтысының сыйымдылығы 10-5м3 оған толтыра құйылған керосиннің массасын есепте.

Оқушының
аты-жөні Үй жұмысы Эксп тап Есептер Сұрақ Барлығы



Тест
1.Қозғалыстағы қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін
елемеуге болатын дене.
а) түзу б) нүкте в) материалдық нүкте г) траектория
2. Орын ауыстырудың белгіленуін көрсет.
а) 1 б) S в) v г) t
3. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын
Формула.
а) v= st б) v = в) v = s г)
4. Материалдық нүктенің қозғалыс заңының формуласын көрсет.
а) Х=Х1+Х2 б) Х=Х0+v в) Х=Х0+vt г) Х=Х0+t
5. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамтықтың өзгеру
дәрежесін анықтайтын физикалық шама қалай аталады ?
а) жылдамдық б) масса в) жол б) орынауыстыру
6. Халықаралық бірліктер жүйесінде массаның өлшем бірлігі.
а) кг б) г в) м г) т
7. 1кг неше граммға сәйкес келеді ?
а) 0,001 б) 10000 в) 1000 г) 0,01
8. 1,45т берілген мәнді килограммен өрнекте.
а) 1450 кг б) 145кг в) 0,145кг г) 145000кг
9. Килограммның Халық аралық үлгісі қай қалада сақтаулы ?
а) Париж б) Лондон
в) Север г) жауаптардың ішінде дұрыс жауап жоқ.
10.Дененің массасын анықтауға арналған құрал.
а) термометр б) спидометр в)сызғыш г) таразы


№ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А
Б
В
Г

Г
В
Б
А
№ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.