.
.
Физика. Заттың тығыздығы.
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2369 | Размер: | Автор: Нартай4540№64 Ж Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы.
Пән мұғалімі: Кейкиева Айсулу Алымқожақызы.
7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: § 32 Заттың тығыздығы.
Сабақтың мақсаты: 1.Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан жасалғанына байланысты болатынын түсіндіру. «Тығыздық» ұғымының физикалық мағынасын ашу.
2. Танымдық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрету.
3.Ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Өтілу әдісі: Сұрақ-жауап ,баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Буклет «тығыздықтар кестесі»,3 стакан ,су,сүт , күнбағыс майы ,таразы ,кірлер, ағаш білеушелер, сызғыш ,т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:(2 мин)
Сынып оқушыларын түгелдеп ,олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:(5-6 мин)
а) Дененің массасы деп нені айтады
ә) Массаның ХБЖ-дегі негізгі бірлігі
б) Тағы қандай еселік бірліктерін білесіңдер
в) 1т кг
г) 1г кг
д) 1мг кг
е) массаны қандай құралмен өлшейді
ж) өлшеу алдында таразы табақшалары қандай күйде болуы керек
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:(10мин)
Енді, осы дененің массасымен қатар физикада заттың тығыздығы деген ұғым да енгізіледі.
а) Жалпы «тығыздық» дегенді сендер қалай түсінесіңдер
ә) Біз табиғаттағы барлық заттарды неше күйге бөлдік
б) Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде
в)Яғни, қатты, сұйық және газды алатын болсақ, олардағы молекулалардың орналасуы әр түрлі. Олай болса, бірлік көлемге келетін заттың массасы әр түрлі, яғни тығыздығы әр түрлі.
Сонымен, заттың тығыздығы дегеніміз сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама:
әрпімен белгіленеді.
(1) m v (2) v (3)
Х.Б.Ж-дегі өлшем бірлігі: ─ 1
Еселік бірліктері:
1
1
1
Олай болса, 1 1
Қосымшадағы 6-7-8 кестелерде кейбір заттардың тығыздықтары берілген.
Қатты денелердің ішіндегі тығыздығы ең көбі қайсысы екен (платина)
Ал сұйықтардың ішіндегі ең тығыздығы көбі ше(сынап)
IV.Енді балалар осы кестелерді пайдаланып есеп шығарып көрейік: (10 мин)
1)Шойын шардың көлемі 125 ,ал массасы 800 г болса, ол тұтас жасалған ба, әлде іші қуыс па (шойынның тығыздығы 7000 )
Берілгені: талдау шешуі
V= 125 = = = 6,4 = 6400
m= 800 г
= 7000 Олай болса, шардың іші қуыс.
─
2) Өлшемдері 1м * 0,8м * 0,1м мәрмәр тасының массасын анықтаңдар.
Берілгені:
V= 0,08 талдау шешуі
m= 800 г m = * V m = 2700 * 0,08 =216 кг.
= 2700
m ─
3) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек
Берілгені:
m =50т= 50000кг талдау шешуі
= 800 V = m = = 62,5
V ─
V. Эксперименттік тапсырма (3-4 мин)
Әр қатарға көлемдері бірдей 200 стаканға толтыра құйылған
1-қатарға су,
2-қатарға сүт,
3-қатарға күнбағыс майы беріледі.
Өздеріңе берілген заттың массасын анықтаңдар.
VI. №3 зертханалық жұмыс(7-8 мин)
«Ағаш білеушенің массасын және тығыздығын анықтау»
Әр партаға таразы кірлерімен қойылған және бір-бір ағаш білеуше таратылып беріледі.Оқушылар өздері орындап, нәтижесін кестеге толтыруы тиіс.
VII. Сабақты қорытындылау (3-4 мин)
Оқушылар жұмыстарын тексеріп, бағалау.
Жіберген қателіктерін түсіндіру.
VIII. Үйге тапсырма:(1-2 мин)
§32 Заттың тығыздығы.
№12-жаттығу есептері.
Эксперименттік тапсырма: «Өз бөлмеңдегі ауаның массасын есепте».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.