.
.
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сағат. 7-класс. Жұлдызды сағат. 7-класс.
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2382 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: «Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар. Заттың
құрылысы. Қозғалыс. Масса және күш. Қысым.» тараулары бойынша
негізгі ұғымдарын бекіту, түсінігін бақылау.
ә) дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын дамыту және
ойлау қабілетін арттыру.
б) тәрбиелік: Білімін практикада қолдана білу білігін қалыптастыру. Оқушыларды
шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, адамгершіліке тәрбиелеу. Ізденімзаздыққа
үйрету.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірме- илюстрация, есеп шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жасалған слайдтар, жұлдызшалар, мензурка,
таразы, кірлер,жүк, су құйылған ыдыс.
Сабақтың барысы: ойын тәртібімен таныстыру.
Ойыннға сегіз оқушы қатысады. Сынып ішінен ойыншыларды іріктеп алу үшін физикалық құбылыстарға байланысты сұрақ қойылады. Сол сұраққа жауап берген оқушы ойынға шақырылады. Ойын үстелінде номермен белгіленген (1,2,3,4,5,,6) таяқшалар жатады. Әр турда сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапты көрсету үшін ойыншы сұрақ номеріне сәйкес таяқшаны көтеру керек. Дұрыс жауап берген оқушыға бір жұлдызша беріледі. Әр тур сайын жұлдызшалар саналып отырады, жұлдызшасы аз оқушы ойыннан шығады.Ақтық ойында екі оқушы сайысқа түседі. Соңында жеңімпаз анықталады.
Ойынға қатысушыларды іріктеу.
1-сұрақ: Қатты денелерде диффузия құбылысын қалай жеделдетуге болады?
- Қатты денелерде диффузия құбылысын жеделдету үшін дене температурасын жоғарлату керек,жоғару температурада диффузия құбылысы тез жүреді.
2-сұрақ: Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған доп жерге түседі?
- Себебі әлемдегі барлық денелер бір – біріне тартылады. Бұл жағдайда допқа Жер тарапынан тартылыс күші әсер етеді.
3-сұрақ: Шөмеледегі пішенді тюк жасап престегенде оның массасы өзгере ме?
- Жоқ, массасы өзгермейді, көлемі кемиді.
4-сұрақ: Аузы тығындалған бөтелкеге жартысына дейін су құйылған. Бөтелкенің жоғары жағында су жоқ деп айтуға бола ма?
- Бөтелкенің жоғары жағында су болады, бірақ ол басқа күйде – газ тәрізді, су буы түрінде болады.
5-сұрақ: Неліктен стол үстіндегі сия дақтарын ол төгілісімен тазарту оңайырақ та, ал ол кепкеннен кейін тазарту қиынырақ?
- Егер дақ пайда болған мезеттен бастап көп уақыт өтпеген болса, онда бояушы заттың молекулалары материалға терең еніп үлгермейді. Уақыт өткен сайын бояудың ену тереңдігі болып жатқан диффузияның салдарынан арта түседі де дақты кетіру қиынға түседі.
6-сұрақ: Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды?
- Ілініп тұрған жүк өзінің тыныштық күйін сақтауға тырысады. Ал кран жүкті дереу көтергенде жүк үзіліп кетеді. (Инерция құбылысы)
1-ші тур
Тақтада нөмірмен белгіленген физик ғылымдар белгіленген:
1.Б.Паскаль. 2. И. Ньютон 3. Ломоносов
4. Галилей 5. Әубакіров Т. 6. Аристотель
1- сұрақ: Ғылымға «физика» - деген сөзді енгізген ғалым кім? (Аристотель)
2- сұрақ: Орыс тілінде «физика» атауын енгізген ғалым кім? (Ломоносов)
3- сұрақ: Сұйықтар мен газдарға түсіретін қысымды дәлелдеген ғалым кім? (Паскаль)
4- сұрақ: Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім? (Әубәкіров Т.)
5- сұрақ: Инерция заңын ашқан кім? (Галилей)
6- сұрақ: Күш ұғымын ғылымға енгізген ғалым кім? (И. Ньютон)
2-ші тур
Тақтада біздің ата – бабаларымыз қолданған өлшем бірліктер берілген:
1. Шақырым 2. Шаршы
3. Пұт 4. Қас - қаққанша
1-сұрақ: Уақыттың өлшем бірлігі секунд бұрынғы уақытта қалай аталған? (Қас-қаққанша)
2-сұрақ: Ертедегі ата – бабаларымыз қолданған масса бірлігі? ( Пұт)
3-сұрақ: Қазақ қыздарының тағатын орамалының өлшемі? ( Шаршы)
4-сұрақ: Қазіргі орын ауыстыру бірлігі километрді ата-бабамыз қалай атаған? (шақырым)
3-ші тур
Тақтада физикалық шамалардың формулалары көрсетілген.
1. V= S / t 2. S = V*t 3. m = ρ* V
4. ρ = m / v 5. P = F / S 6. V = m / ρ
1- сұрақ: Тығыздықтың формуласы: 4
2- сұрақ: Жылдамдықтың формуласы: 1
3- сұрақ: Массаның формуласы: 3
4- сұрақ: Жолдың формуласы: 2
5- сұрақ Көлемнің формуласы: 6
6- сұрақ: Қысымның формуласы 5
Аз жұлдызша жинаған оқушы ойыннан шығарылады.
4-ші тур
Жұмбақтар шешу.
1. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? ( ой - қиял)
2. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар көбірек атайды. (есім)
3. Нені сандыққа тыға алмайсың ? (күннің жарық сәулесі)
4. Аяғы жоқ ,қолы жоқ, бірақ үйге кіреді. ( суық пен жылу)
5. Атасы қалғып мүлгиді, әкесі зорға жылжиды
Ағасы – шабан, өзі – жорға,
Інісі – жылдам, баласы- жүйрік зымырап тұрған. (жыл, ай, күн, сағат,минут)
6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш )
5-ші тур
Демонстрациялық столға назар аударыңыздар. Столға әр түрлі тәжірибелер жасау үшін қажет құрал – жабдықтар берілген. Қ ай құрал қандай тәжірибе жасау үшін қажет екендігіне жауап беріп, жасап көрсету керек.
1. Су құйылған мензурка 2. Сызғыш пен білеуше
3. Мензурка, таразы, кірлер, жүк. 4. мензурка, таразы, кірлер, жүк, су құйылған ыдыс.
1-сұрақ: Білеушенің өлшемін анықтау – 2
2-сұрақ: Сұйықтың көлемін анықтау – 1
3-сұрақ: Сұйықтың тығыздығын анықтау – 3
4-сұрақ: Дененің массасын оның тығыздығы мен көлеміне байланысты анықтау – 4
Жұлдызшалар саналып, аз жинаған оқушы ойыннан шығады.
6-шы тур
1-есеп: Көмірқышқыл газы бар ашық ыдысты таразыда теңгеріп алған. Уақыт өтуімен таразы теңдігі неге бұзылды? (ашық ыдыстан газ молекулалары ұшып шығып, мөлшері азаяды.)
2-есеп: Қатты денелердегі диффузия процесін қалай тездетуге болады?(температураны жоғарлату арқылы)
3-есеп: Қандай зат сұйық күйден қатты күйге көшкенде басқа атауға ие болады? (Су)
4-есеп: Жақындап келе жатқан көліктің алдынан, көшені неліктен кесіп өтуге болмайды? (Инерция)
5-есеп: Ағаш, алюминий және болат шарлардың өлшемдері бірдей. Осылардың массасы ең үлкен, ал қайсысынікі ең кіші? (ең үлкені болат, ең кішісі ағаш)
6-есеп: Қалың қарда жаяу жүру қиын, ал шаңғымен жүру оңай. Себебі не? ( Қысымға
байланысты)
7-ші тур
1-есеп: Массасы 461,5 г металл кесегінің көлемі 65 см³. Бұл қандай металл?
2-есеп: Массасы 300 г білеушенің өлшемі 15х5х2 см. Білеуше жасалған заттың тығыздығын анықтаңдар.
3-есеп: Ұзындығы 30 см және ені 20 см аквариумге 25 см биіктікке дейін су құйылған. Аквариумдегі судың массасын анықтаңдар.
4-есеп: Машинаға арналған болат детальдың массасы 780 г. Оның көлемін анықтаңдар.
Аз жұлдызша жинаған оқушы ойыннан шығарылады.
8-ші тур
Ақтық ойын.
Тақтада «Динамометр» деген сөз берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, өмірде нақты бар заттарды жазу керек. Берілген уақыт өткеннен кейін жазған сөздерін кезекпен оқиды.Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.
Д И Н А М О М Е Т Р
Тор Ен Тон
Метр Ине Рет
Ер Дар Мина
Рота Ет Тер
Нар Ат Ор
Матор Отар От
Тир
Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.