Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жұмыс, қуат, энергия тақырытарына есептер шығару -

Жұмыс, қуат, энергия тақырытарына есептер шығару

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1665 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Жұмыс,қуат,энергия тақырытарына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Өткен материалдар бойынша алған білімдері мен білік-дағдыларын практикада,есеп шығарғанда қолдануын қадағалау.
Тәрбиелік: оқушыларды ойлау,еңбек ету қабілеттерін жетілдіру,оларды жауапкершілікке,ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып,оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,дамыту.
Сабақтың ұстанымы: «Естігенімді ұмытып қаламын,көргенімді есімде сақтаймын,істегенімді түсінемін» (Конфуций)
Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс (есептер шығару).
Сабақтың көрнекілігі: АКТ құрылғысы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
40-жаттығу. № 1,
№453,№477.
ІV.Қызығушылықты ояту.
1. Топтастыру стратегиясы.
V.Мағынаны тану.
«Физик-бизнесмен» ойыны
VI.Ой толғаныс.
Тастарда қандай мәлімет бар?
VII.Үйге тапсырма.
VIII.Оқушыларды бағалау.

Топтастыру стратегиясы.

Сабақтың негізгі бөлімі.Банк қаржы мекемесі онда барлық халық,барлық мекемелер,кәсіпорындар қаражаттарын жинайды және несие береді.Оқушыларды 2 топқа бөлемін.Әр топқа банк атауы беріледі.
Мысалы: І- топ:Нұрбанк,ІІ- топ Темірбанк, 2 топқа «өте жақсы» оқитын оқушылар арасынан банк президенті сайланады.Қалған оқушылар-салымшылар.
Әр банктың тапсырмалары 2 мыңдық,5 мыңдық,10 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға жазылады. 2 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне байланысты,яғни жеңіл тапсырмалар беріледі.5 мыңдық бейнесінде сәл күрделі тапсырмалар,ал 10 мыңдық бейнесінде қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі.
Ойын аяқталғанда қай топтың банкісінде көп «ақша» болса ,сол топ жеңімпаз болып жарияланады.



А деңгейі
1.Денеге әсер ететін ауырлық күші мына жағдайларда жұмыс істейме:
1) үстелде жатқан гір тас;
2)қолдан түсіп бара жатқан тас;
3)байланған жіптен тартқанда,горизонталь бағытта үстелдің бетімен сырғанап келе жатқан кішкентай тақтай?

2.Суы бар шелекті жоғары көтергенде қай жағдайда аз жұмыс істеледі?
Жәшіктердің қайсысын жоғары көтергенде аз жұмыс істеледі?Неліктен?

3. А жағдайда жүк машиналарының қайсысының кинетикалық энергиясы көп? Б жағдай да ше?Неге?

А тобы
Күш,Ғ (Н) Жол, S (м) Жұмыс,А (Дж )
1 130 3 ?
2 250 5 ?

Ќуат; N (Вт) Жұмыс,А (Дж ) Уақыт, t (с)
1 ? 200 4
2 36000 ? 2

Потенц.энергия,Е (Дж) Биіктік ,һ (м) Масса , m (кг)
1 ? 20 3
2 400 ? 2

Б –деңгейі
1.Суретте көрсетілген денелердің қайсысында-кинетикалық.қайсысында потенциалдық энергия бар және қандай деңгеймен салыстырғанда,ал қайсысында энергияның қатарынан екеуі де бар?

2.Бірдей заттан жасалған екі дене төбеге ілінген (а –сурет).Еден деңгейімен салыстырғанда олардың қайсысының потенциалдық энергиясы көп?Төбеде ілулі тұрған көлемдері бірдей детальдардың,осы деңгейлермен салыстырғанда,потенциалдық энергиялары бірдей ме (б-сурет)? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

3.Жүк тасу кезінде жүкті өздігінен түсіретін машина 30 кВт қуат өндіреді.Осы машинамен 45 минутта қандай жұмыс істеледі?

4. 40 –жаттығу №2

С- деңгейі
1.Оқушы мектептің екінші қабатына 20 с-та көтеріледі.Қабаттың биіктігі 2 м болса,массасы 40 кг оқушының өндіретін қуаты қандай болар еді?
2.Көтергіш кранның қуаты 10 кВт.Онымен массасы 2 т жүкті 0,5 с ішінде көтеруге болады.Бұл жағдайда кран қандай жұмыс істейді.Ол жүкті қандай биіктікке шығарады.
3.Тереңдігі 150 м шахтадан көлемі 200 м 3 суды тартып шығару үшін қуаты 50кВт насос қанша уақыт жұмыс істеуі керек?

Әр топтың жинаған капиталы есептелінеді.
Егер топ тапсырмаға дұрыс жауап берсе,оның капиталы 50% артады.Ал егер қате болса 50% кемиді.

Эксперименттік есептер
Құрал -жабдықтар: өлшеуіш лента, динамометр, ағаш білеуше.
Тапсырма: үстел үстіндегі білеушенің үстел бетімен қозғаландағы жұмысты анықтау.
Құрал -жабдықтар: динамометр, металл цилиндр, өлшеуіш лента,
Тапсырма: : орындық үстіндегі білеушені парта үстіне көтеріп шығарғандағы потенциалдық энергияны анықтау.

VI.Ой толғаныс.
Таста қандай мәлімет бар?

VII.Үйге тапсырма:
1. 40-жаттығу № 3
2. Сурет бойынша есеп құрастыру.





VIII.Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.