Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жылулық құбылыстар -

Жылулық құбылыстар

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4533 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылулық құбылыстыр
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Жылулық құбылыстар» тақырыбындағы алған білімдерін табиғаттағы жылулық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік, ептілік, қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып, достық қарым-қатынастарын дамыта отырып, оларды шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау – пысықтау сабағы
Пәнаралық байланыс: География, қазақ әдебиеті.
Көрнекіліктер: спиртшам, сіріңке, қағаз, мыс цилидр, шарлар, су, шыны ванна, шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе. Табиғатта,тұрмыста және техникада жылулық құбылыстар болады. Ендеше табиғаттағы жылулық құбылыстарды есімізге түсірейік.

ІІ. Табиғаттағы су айналым видеоролик көрсетіледі. (табиғаттағы жылулық құбылыстардың құпиясы мен сырын ашу үшін).
Су күн сәулесінен сәулелену арқылы жылу алады да, жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, конденсациялану арқылы қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады.

ІІІ. Физика мақал – мәтелдерде. Ертеден халқымыз осы жылулық құбылыстарға сүйене отырып тұрмыста мақал-мәтелдер қолданған екен.Ендеше сол мақалдардың мағынасын ашайық.
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
- Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.
Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.
3. Нан піскенше күлше күйеді.
Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.
4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.
5. «Қақпақсыз қазан қайнамас, анасыз бала ойнамас» қазандағы судың алған жылуының жартысы ауаға тарап кетеді. Яғни булану құбылысы болады.
6. «Оты жанбағанның, қазаны қайнамас» От жанбаса онда жылуда болмайды.
7. «Түнгі су - ну, күндізгі су – бу» Түнгі су ну дегеніміз жазғы кеште ауа салқындағанда шықтың түсуін будың конденсациясымен түсіндіруге болады. Бұндағы күндізгі су- бу дегеніміз су күн сәулесінен сәулелену арқылы жылу алады да, буға айналады.
8. «Аузы күйген үрлеп ішеді» жел немесе қозғалыстағы ауа, бу молекулаларын сұйықтан ұшып шыға салысымен ілестіріп әкетеді. Сол кезде сұйықтың кинетикалық энергиясы азаяды, яғни температурасы төмендейді

IV. эксперименттік, мөлшерлік, графиктік есеп шығару.
1. Қажетті құрал- жабдықтар: Каллориметр, салқын су, интерактивті тақта, спирт шамы.
Есептің шарты: Салқын суды жылытқанда қанша жылу мөлшерін алғанын анықтау.
Берілгені: ХБЖ: Шешуі:
t1,
t2,
Дж/кгºС

Т/к: Q
2. Қайыңнан жасалған текше берілген. Отынның осы түрі толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін анықтау қажет.
Берілгені: ХБЖ: Шешуі:
qқай = 14•106Дж/кг
ρқай = 700 кг/м3
а = м
b= м
c= м
Т/к: Q

Мөлшерлік есеп

1. Егер оған массасы 880 г суды 0°С - тен 100°С-ке дейін қыздыру үшін қажет жылу мөлшеріндей жылу берсек, массасы 2 кг алюминий кесегі қанша градусқа қызады?
2. 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? r=2,3*106Дж/кг.

Графиктік есеп

Массалары бірдей су, мыс және темір бірдей температурада қыздырылды. Қай график су үшін, қай график мыс үшін, қай график темір үшін тұрғызылғанын анықтаңдар. Жауабын негіздеңдер. (Жылу мөлшерінің кеңістіктегі кейбір шығынын ескермеуге болады)

V. «Алдар Көсе бізде қонақта»

1 – сұрақ: Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Ол келгенде байдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып ұзақ отырып алғаннан сон, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ суып калмасын үшін, оны мына темірден өріп жасалған ыдысқа адейі салып әкелдім. Сонда көп білетін қу Алдар Көсе былай дейді:
- Жоқ, қарындасым, қателесесіз. Оданда бауырсақты ағаштан өріп жасалған ыдысқа салсаныз болғаны, бауырсағыңыз ұзақ уақыт ыстық қалпында сақталады.
Сұрақ : Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы: Дұрыс, ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суйды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдыкінен – темірдікінен аз.
2 – сұрақ: Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шәйді үйге алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар:
-Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр, - деген екен. Сонда асып – сасқан бәйбіше: -Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? – деген екен.
Сұрақ : Алдар, шынында да, шайдың қайнағанын қайдан білді?
Жауабы: Шәй қайнағанда, судың ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де, су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне тән дыбыстар шығарады да ыдыс қақпағын көтеруі де мүмкін.
3 – сұрақ: Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді.Бай мен Алдар көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра береді де, Алдар алдына келген шайға бірден бір ас қасық шекер салып, әңгімесін жалғастыра береді. Бай Алдардың аузына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.
Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың ба, әлде Алдардың ба?
Жауабы: Алдардың шайы тез суиды, өйткені шекерді ыстық шайға бірден салса, шайдың температурасы бірден төмендейді.Ал шайға шекерді кейінірек салса, шайдың температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да, шай баяу суиды.
4-сұрақ:Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысықтың жүні үрпиген, мысыққа қарады да, құлақшынын алып жатып былай деді:
- Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен – деді.
Сұрақ : Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн суықта барлық жануарлар, соның ішінде мысықта жүнін үрпитіп, торсыйтады да оның арасына көбірек ауа жинайды. Ауа жылуды нашар өткізеді.

VІ. Қызықты тәжірибе

1.Суды шарда қайнатуға бола ма?

Жауабы: Жылу бірден спиртшамның жалынынан суға беріледі. Шардың температурасы жану температурасына жетіп үлгермейді.

2.Қағаз жанбайды дегенге сенесізбе?

Керек құралдар: парақ қағаз, спиртшам, шырпы, мыс цилиндр, ыдыстағы су(қауіпсіздік техникасы үшін)

Жауабы: Мыстың жылуөткізгіштігі өте жоғары, ол берген жылуды өзі тартып алады да, қағаз жану температурасына дейін жетпейді.

3.Сулардың әр түрлі бағытта таралуы.

Керек құралдар: шыны ванна, екі кішкене ыдыс, екі стакан, екі түрлі бояу.

Жауабы: Конвекция құбылысы бойынша. Салқын су төменге, ыссы су жоғарыға таралады.

4.Орамал жанбайды дегенге сенесізбе?

Керек құралдар: платочка, спирт, шырпы.

Жауабы: алған жылу спиртті кептіруге кетеді.

VІІ. Кім жүйрік?

1. Жылу мөлшерін есептеу формуласы. Жауабы:
2. Меншікті балқу жылуы формуласы:Жауабы:

3. Кез келген отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері. Жауабы: Q=q*m
4. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының формуласы. Жауабы: ϕ=p/pқ
5. Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерінің формуласы.Жауабы: Q=r*m

VІІІ. Тест
1. Булану дегеніміз:
A. Сұйықтың молекулаларының кез-келген бағытта таралуы
B. Сұйықтың суға айналу құбылысы
C. Шапшаң қозғалатын молекуланың қозғалысы
D. Заттың сұйық күйде болуы
2. Сұйықтың бетінде жүретін булану ........... деп аталады.
A. Кебу
B. Булану
C. Кристалдану
D. Қатаю
E. Конденсациялану
3. Қаныққан бу дегеніміз -
A. өз қысымы тұрақты болатын бу
B. жабық ыдыстағы бу
C. будың концентрациясы
D. температурасы өзгермеген кездегі бу
E. өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу
4. Шық нүктесінің анықтамасын көрсет:
A. ауадағы су буының қанықпауы
B. салыстырмалы ылғалдылықтың жоғары температурасы
C. бу қаныққан күйге өткендегі, ал салыстырмалы ылғалдылықтың 100 пайызға тең болған кездегі температурасы
D. жердегі өмір сүруге қажетті жағдай
5. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құралды көрсет.
A. Таразы
B. Спидометр
C. Психрометр
D. Термометр
6. Меншікті булану жылуының анықтамасын көрсет.
A. Сұйықтың агрегаттық күйі
B. Сұйықтың 1 кг-ын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу.
C. Салыстырмалы ауаның ылғалдылығындағы жылуы
D. Заттың булану қабілеті
7. Меншікті булану жылуын қандай әріппен белгілейді?
A. r
B. μ
C. λ
D. φ
8. Меншікті булану жылуының өлшем бірлігін көрсет:
A. Дж
B. Км/Сағ
C. м/с
D. Дж/кг
E. Мм
9. Кебуге немесе булануға кері жүретін процесс
A. Қайнау
B. Қатаю
C. Конденсация
D. Балқу
E. Кебу
10. Меншікті балқу жылуы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
A. Дж/кг
B. Дж/м
C. Дж/м3
D. Дж/с
E. Дж/Н

Дұрыс жауабы:
1. A
2. A
3. E
4. C
5. C
6. B
7. A
8. D
9. C
10. A
IX. Жұмбақтар
1. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(Күн)
2. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан
(Энергия)
3. Жылдың төрт мезгілінде де мазасызданады. Ол не? (жел. Суық ауа мен ыстық ауаның алмасуы. Диффузия.)
4. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (Диффузия)
X. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстары тарауын қайталау
ХI. Бағалау

№ Оқушының аты-жөні Мақал- мәтел есептер Алдар көсе бізде қонақта Қызықты тәжірибе Кім жүйрік Тест Бағасы
1
2
3
4
5
6
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.