Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақмола облысының рекреациялық ресурстары және  маңызы. -

Ақмола облысының рекреациялық ресурстары және маңызы.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 735 | Просмотров: 5126 | Размер: 490.6 Kb | Автор: munira
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
Ақсукент елді мекені
№ 93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп

Тақырыбы :


География пән мұғалімі Умиджан Маминов

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ....................................................................................................
1 Туристік – рекреациялық іс- әрекеттердің теориялық- әдіснамалық негіздері ....................................................................................
1.1 Туристік- рекреациялық іс – әрекеттердің теориялық әдіснамалық аспектісі................................................................................................................
1.2 Туристік рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері...............................................................................................
1.3 Туристік- рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары.................................................................................................
1.4 Табиғи туристік- рекреациялық ресурстар.............................................................................................
1.5 Рекреациялық ресурстардың халық шаруашылығындағы маңызы.................................................................................................
1.6 Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні.....................................................................................................
2 Ақмола облысының туристік- рекреациялық ресурстары және оның негізгі даму бағыттары (Бурабай мысалында) ...........

2.1 Ақмола облысының физикалық географиялық жағдайы ...............
2.2 Бурабай туристік- рекреациялық ауданының физикалық географиялық жағдайы....................................................................
2.3 Бурабай курортты аумағының дамуы.............................................
2.4 Бурабай курортты аумағының даму бағыттары.................................
2.5 Бурабайдың қазіргі кездегі экологиялық жағдайы.............................
Қорытынды ............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................
Қосымшалар............................................................................................

Аннотация

Берілген жұмыста біз табиғи аймақтардың туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді. Қазіргі әлемге тән – белгілердің бірі- өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады.
Шығармашылық жұмыста сонымен қатар Қазақстанның жер жаннаты – Бурабай туристік-рекреациялық аумағын толық қарастырылған және бұл аймақтың туристік- рекреациялық потенциалына талдау жасалған.



Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Берілген жұмыста біз табиғи аймақтардың туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді.Қазіргі әлемге тән белгілердің бірі өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады. Туризмнің мәні- бір жағынан адамдардың рухани және физикалық күш- қуатын қалпына келтіруге қажетті демалысты ұйымдастырудың әдістер мен формаларын қарастыратын болса, екініші жағынан туристер қаржысы есебінен дамитын экономиканың тиімділігі жоғары саласы болып саналуында өз үлесімізді қосу.
Қазіргі кезде тұрақты даму әлеуметтік экономикалық категориядан басқа қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану мен қатар туризм саласының қалыптасып дамуына өзіндік байланысы бар. Бүгінде елдің экономикалық дамуы экологиялық, географиялық, туристік факторлармен тығыз байланыста. Қоғамның әлеуметтік экологиялық туристік даму моделдері ғылыми тұрғыдан жан- жақты зерттелуде.
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген өңірлеріне деген сұраныс күннен- күнге артып келеді. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік- рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликтативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, елемізде туризмді тұрақты дамыту қамтамасыз етуге деген көзқарас туризмді біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, аталған саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінді мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
Қазақстандағы туризмнің жай – күйін талқылаған қатысушылардың айтуынша Қазақстандағы туризм саласындағы кәсіби қызмет көрсету жетіспейді, ақпарат аз, жарнамасы мардымсыз. Мамандардың айтуынша туризмнің Қазақстан брендісінің дамуына үлес қоса алмай отырғандығы туризм ошағы саналуы тиіс өлкелерде инфрақұрылым нашар. Сонымен қатар біздегі бір мәселе Қазақстан туризм жаз маусымында ғана істелетін жұмыс болып есептелінеді. Міне осы мақсатпен Қазақстанның жер жаннаты – Бурабай туристік- рекреациялық аумағын толық қарастырсақ.
Бүкіл Қазақстандағыдай Бурабайда да осы жағдайлар бағыланып отыр. Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынгы ТМД елдерінің ориентациясын сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиіспелі бөлік шамасын үлкейтуде. Соымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және бәсекелеуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті аймақ үшін болашағы зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі концепциясын қарастыруда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын,машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабилеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ- ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген.Кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан туристік- рекреациялық ресурстары және Бурабай туристік – рекреациялық аймағының потенциялын анықтап оның экологиялық жағдайына сипаттама беру

Зерттеу міндеттері:
- Туристік – рекреацияылқ іс- әрекеттердің әдіснамалық аспектісі;
- Туристік- рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері:
- Туристік- рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары;
- Бурабай ауданының физикалық географиялық ерекшеліктерін талдау;
- Бурабай курортты аумағының туристік- рекреациялық потенциалын анықтау;
- Бурабай арнайы экономикалық ауданынның даму перспективасы;
- Бурабай аумағының геоэкологиялық жағдайын қарастыру;
Зерттеудің әдістемелік негізін ғылыми әдебиеттердегі талдау әдістер, статистикалық келтірулер және білім беру диалектикалық әдістері құрайды.

1 Туристік- рекреациялық іс- әрекеттердің теориялық- әдіснамалық негіздері.
1.1 Туристік- рекреациялық іс – әрекетттердің теориялық әдіснамалық аспектісі.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек. Көптеген авторлар туризмге анықтама теруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы «Туризм- халықтар өмірінде маңызыд орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, Қазан 1980 жыл) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді; «Туризм-бұл өзінің «тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі»».
Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): Туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір көлік түрімен жасалатын саяхат.
П.Г.Олдактың пікірінше, жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» - дейді. Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ.Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбр жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде – әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы КСРО кезінде тірікшілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Кәсіподақ жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметін тегін ұсынып отырды.
Қазір «туризм» терминін кең және терең түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта берілуге тиісті географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік- аумақтық кешенділік қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген. Г.А.Папирян: «Туризм – ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқаауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді» - десе, П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағатттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса,онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады деген ұғымды қалыптастырады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтаманы сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа көлік,туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызметі жатады.
Біздің ойымызша «Туризм- рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі туристік іс-әрекеттер жиынтығымен байланысты адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы».Бұл анықтама географиялық мәнге ие. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер факторлары бар. Олар: экономикалық – әлеуметтік - географиялық- демографиялық – саяси - этникалық – құқықтық болып келеді. Сондықтанда қазіргі кезде туризм – экономика, шаруашылық саласы, бизнес,кәсіпкершілік, таным спорт және демалыс деп атау орынды.
ХХ ғасырдың 60 жылдарында физикалық география мен экономикалық география аралығында демалыс және туризм географиясы қалыптасты. Кейінірек осы термин рекреациялық география болып аталды. Рекреация термині көпсалалы мағынаны білдереді. Ол тек адамдардың тіршілік әрекетіне ғана байланысты емес, қоршаған орта, кеңістігіне де байланысты. Демалысты және туристік іс – әрекеттерді ұйымдастыруда табиғат жағдайлары мен ресурстық қорына баға беру, туристік нысандарды ландшафтық геожүйе жағдайында сараптай отырып географиялық зерттеулердің барлық сапаларының нәтижелерінің барысында, маусымдық, климаттық, ландшафт өзгерістері мен әртүрлі антропогендік және табиғи апат салдарынан қорғау жұмыстарын ғылыми тұрғыда зерттеу қажет.
Туристерді бірегей ландшафт, табиғат құбылыстары мен көріністері, сонымен қатар табиғат ресурстарының алуан түрлігі қызықтырады. Ал рекреациялық іс – әрекеттерді жүзеге асыруда туризмге қажетті материалдық техникалық база, тұрғын жайлар, көлік түрлері инфрақұрылымдық салалардың дамуы қажет.Бір сөзбен айтқанда, туризм инфрақұрылымы географиялық зерттеу нысандарына жатады. Онымен экономикалық және әлеуметтік география саласы айналысуға тиісті. Туризм географиясындағы аумақтық рекреациялық жүйе географиялық жүйе негізінде құрылғандықтан көпшілік жағдайда біржақты қарастырылуда. Аумақтық географиялық жүйе бір бірімен тығыз байланыстағы жүйе асты құрылымдардан тұрады. Олар табиғи, мәдени кешендер, инженерлік құрылымдар, қызмет көрсетушілер тобы, басқарушылар мен демалушылардан тұрады. Туризм адамзат қоғам өміріндегі күрделі әрі көпсалалы пайда болған құбылыс. Ол ең алдымен «кеңістік әлеуметтік экономикалық құбылыс». Батыс экономика ғылыми туризмді күрделі экономикалық әлеуметтік жүйе ретінде, ал оның құрамындағы туризм индустриясын басты компоненті ретінде қарастырады. Егерде, туризм көпқырлы, көпсалалы құбылыс ретінде қарастырсақ неге жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық т.б. ғылым салаларымен байланысын, оларға тигізетін ықпалын кемсітеміз.
Туризм географиясының қалыптасып дамуына В.С.Преображенский,Ю.А.Веденин, В.Даринский т.б. физикалық география және оның салаларын зерттеушілерінің мақалалары мен зерттеулерінен көреміз. Әдебиетттермен ғылыми мақалаларды талдау барысында география ғылымы оның салаларының туризмді тұрақты дамытуға қосар үлесі зор екендігі байқалады.
Туристік іс – әрекеттер ең алдымен географиялық қоршаған ортамен тікелей байланыста. Тек география табиғи әлеуметтік экономикалық процестерді кеңістік аумақтық тұрғыда зерттейді, сипаттайды.Барлық экономикалық әлеуметтік экологиялық нысандар аумақтық процесстер мен оның табиғи тарихи құрамында тікелей қатысты. Сондықтанда туризм географиясы туристік іс – әрекеттердің барлық салаларын қамтуына орай табиғи - географиялық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, тарихи, археологиялық т.б. салалармен байланыстылығына қарай, тек экономикалық географиялық пән ретінде қарастыруға болмайды.
Қазіргі кезде тұрақты даму әлеуметтік экономикалық категориядан басқа қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстық әлеуеттін тиімді пайдалану мен қатар туризм саласының қалыптасып дамуына өзіндік байланысы бар. Бүгінде елдің экономикалық дамуы экологиялық географиялық, туристік факторлармен тығыз байланыста. Қоғамның әлеуметтік экологиялық туристік даму моделдері ғылыми тұрғыда жан жақты зертелуде.
Жаһандану дәуірінде қоғам дамуының көп құрамбөлік (компонент) кешенін қалыптастыруда жалпы теориялық әдіснамалық зерттеулер өте қажет. ХХ ғасыр бойында адамзат болашаққа онша көңіл бөлмеді.Тіршілік даму қауіпсіздігі барысында тұрақты даму идеясы пайда бола бастады. Ол ХХ-ХХІ ғасырлар түйісінде анық зерттеу нысанына айналғанын көреміз. Тұрақты дамуға көшу ұзақ мерзімді қажет ететін, күрделі және көп векторлы процесс. Бұл ғаламдық проблеманы шешуде әртүрлі ғылым салалары мен мамандарын қатыстыру қажет. Болшақ тұрақты даму моделдерінде және өндіріс салаларын аумақтық орналастыруда ең басты сегменттердің бірі адам мен қоғамның әлеуметтік қажеттілігі ескерілуі тиісті, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, жергілікті тұрғындардың әл ауқатын арттыру көзделеді.
Тұрақты даму моделдері ішінде өндіріс орындарын соның ішінде туристік рекреациялық іс – әрекеттерді ұйымдастыруда аумақтық орналастыру қазіргі және болашақта жоғарыдағы өзекті мәселелерді шешуде рекреациялық шаруашылықты дамыту бағытындағы зерттелетін тақырыптар көп.
Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік: «Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. КСРО кезінде оған бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы».
С.Р.Ердәулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» таза экономикалық категория болып табылады. И.В. Зорин, В.А.Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; кешенді салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.
Біздің ойымызша «туризм индустриясы – бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі».
«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылдағаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы- географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік болып алғашқыда қалыптасты.
«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустриясы сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (лат. «industria» - қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты. Ол туризм менеджменті мен маркетингі т.б. ғылым салаларымен қатысты. Сондықтанда туризм индустриясы және туристік іс – әрекетттер арасындағы байланысты табу үшін оның ерекше қасиеттеріне тоқталамыз.
«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері : туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек. Туризм индустриясының оң жақтарына :
- ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
- Аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
- Туризм сферасында жұмыс істейтіндердің көбеюі;
- Экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
- Аудандардың білім және ғылым әлеуетінің өсуі;
- Агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;
- Инвенстициялық бағдарламалардың тез өтелуі;
Теріс жақтарына :
- ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
- Өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагиациясы;
- Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;
- Туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
- Игерілмеген табиғи аумақтарға антропогенді әсердің өсуі.
Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

Сурет

Сурет 1 Қазақстан туризм индустриясының құрылымы
1.2 Туристік рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері.
Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүдені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар «транспортық қызметті, тамақтану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін енгізуде».
Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтегу болады; яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік;саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс қалаларды; саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері; туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б.
Туризм келесі түрлерге бөлінеді.
1. Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
2. Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді: а) діни мерекелерге мешіттерге, шіркеулерге бару; б) әулие жерлерге бару;
3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
4. Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, сипозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатусыға байланысты ұйымдастырылады.
5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
6. Өз бетінше ұжымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді.Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік – спорт клубтарымен және біорлестіктермен біріге отырып ұйымдастырады.
7. Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін, әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.
9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажетттілік жатыр, осыған байланысты; активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.
Қозғалыс құрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.
1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.
Тәжірибе жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ- автобус, темір жол- автобус және т.б. түрлерін айтуға болады.
2. Автобус туризм. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусы қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік – экскурциялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және «денсаулық автобусы» деп аталатын – серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус)
3. Велосипед туризмі. Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.
4. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
5. Әуежол туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытты үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қолданылатын үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған – әуе сапарларына бөлінеді.
6. Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бұл бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттар тоқтамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары – өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға : бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.
Круизді және туристік – экскурссиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады. Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.
7. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ ғасырдың 40- шы жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспроттың басқа түрлері арасында бәсекелестікте болып тұрады.
Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.
Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм ұзақ және қысқа мерзімді болады. Топ құрамы бойынша:
1) Жаппай туризм
2) Жеке туризм (туризмнің бұл түрі көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі).
3) Жанұялық туризм.
4) Жастар туризмі.
5) Балалар туризм (жастар және балалар туризмді елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда)
Туристік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төменгі деңгейде жалақы алатындар және т.б.
Әйгілі американ социологы Т.Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни туристік демалыс моделіне, әсер ететін факторлардың үш тобын бөледі:
 Технологиялық (жаппай коммуникация құралдары)
 Институттық (заңдылық)
 Әлеуметтік – экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық)
Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Статикалық табиғи – географиялық факторлар жиыны жатады. Өйткені ол тұрақты мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп қана қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи – климаттық және географиялық факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторлар жатады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік- динамикалық, материалды – техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін. Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына : тұрғындардың жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғы басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұя құру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі, иммигарция шегінің қысқаруы жатады.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік – демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.
Тұрғындардың бос уақыт құрылымы :
а) қоғамдық өндірістегі еңбек
б) физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты
в) үй шаруашылығындағы еңбек
г) білім алуға келетін уақыт шығыны
д) еркін уақыт
Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға : экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі) : жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады. Туризмнің дамуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері : технологиялық өзгерістер : транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады. Ішкі (эндогендік) факторлар – бұл туризмге тікелей әсер ететін факторлар. Оған ең бірінші материалды – техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты.
Ішкі факторға туристік нарықтың төмедегі факторлары жатады.
а) ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықтық қатынастардың ерекшілігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың тұрақты сұранысқа айналуын, сонымен қатар жеке туризмнің өсуін айтуға болады)

б) нарықты сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік сегменттердің пайда болуы, саяхатқа баратын жерлердің қашықтығының ұлғаюы, демалыстың әртүрлілігі және т.б.)
в) туристік қызметпен монополия процесіндегі сәйкестік ролінің өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және кіші фирмалармен серіктік қатынастарының өсуі: туристік одақтары құра отырып тікелей интеграциялау және т.б.)
г) туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі, маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т.б.)
д) жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы
Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрамды дамыту;
ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру; қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.
Негативті факторлар: тұтыну заттарына бағаның өсуі; жұмыссыздық; ақшаның тұрақсызыдығы; жеке тұтыну көлемінің қысқаруы; қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротқа ұшырауы және т.б.
Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсызыдығы; туристік қыхмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі; қонақ үй қызметінің нашарлауы; сапардың ұзақтығының, оған кететін шығынның қысқаруы; шетелде шығу сұранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигезеді. Қазіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде.
Республикамыздың Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған: «Қазақстан – 2030» жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.

1.3 Туристік – рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары.
Ақмола обылысының кең байтақ даласында тарихи, табиғи рекреациялық аймақтар жеткілікті. Тарихи ескерткіштер, орманды, таулы осы секілді көптеген көрнекті көз тоймайтын жерлер де аз емес. Сол өңірлерге туристерді, әсіресе шетел туристерін көптеп тарту қажет.
Туризм – көңіл жайланып демалу ғана емес. Дәл бүгінгі уақыт талабымен қарағанда, ол – таң қалдыру. Таң қалдыра білу әдісі және ірі бизнес. Сіз әлемді таң қалдыра аласыз ба? Әлемнің назарын өзіңізге аудара аласыз ба? Бұл - туристік рынокка кірген әрбір елдің көкейін мазалаған сұрақ. Неліктен, осы рыноктағы бәсекелес мемлекеттер өз демалыс аймағын ұысынып қана қоймай, таң қалдыру тәсіліне көшіп кетті? Себебі, жылдан – жылға, күннен – күнге туризм күшейіп келе жатыр. Бәсеке де артты. Ал, дүниежүзі бойынша әрбір мемлекетке табыс алып келуі жағынан туризм үшінші орында тұр. Және туризм сол елдің инфрақұрылымын халықаралық деңгейде дамыта алады. Мысалы, әуе жолы, темір жолы, автокөлік жолы, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану орындары, құжат толтыру үстелі, тағы басқа барлығы 32 саламен тығыз байланыса ілгері жылжитын туризм – алпауыт елдермен нық тіре алатындай, тіпті бәсекеде басып оза алатындай болу керек.
Ұлттық туризмді дамытуға үш фактор негіз бола алады: бірінші – табиғи бай ресурс және тарихи – мәдени нысандар, екінші – қаржы, үшінші – еңбек ресурстары. Ақмола облысының қазіргі ахуалында бұл үш тетікті де қолға алуға болады. Оның үстіне туризм айналып келгенде инфрақұрылымға келіп тіреледі. Ал, инфрақұрылымды халықаралық стандартқа сәйкестендіру аса маңызды шаруа. Ақмола облысында шетелдік туристер ағынын ұлғайту мүмкіншілігі көп. Қазіргі кезеңде шетелден келетін туристер ағынының аз болуының басты себебі туристік бағдарлама мен мәліметтердің жан – жақты, кең көлемде болмауы, қызмет көрсетудің төменгі деңгейінде болуына байланысты деп түсіндірумізге болады.
Осыған байланысты дүние жүзіндегі елдер арасында саяси және мәдени байланыстарды нығайту, кеденді қолайлы ету, визалық жасандықты жою, қызмет сапасын жоғарылату және таңдаудың мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде көптеген жұмыстар атқару керек.
Осы мәселеде, біз туризм жүйесін дамытуға арналған келесі критерийлер мен қызметтерді ұсынамыз:
o Мемлекет және Үкімет тарапынан туризмнің дамуына көмек және демеу көрсетуді қамтамасыз ету;
o Осы мақсаттарға жету үшін заңда көрсетілген нормативті құқықтық базаны нығайту және тапсырманың орындалуын қатаң қадағалау;
o Аталған саланы ең жоғары дәрежеде қаржыландыру және материалдық – техникалық базаны көтеру;
o Туримзге инвестиция ағымын көбейту үшін қаржы - несиелік жүйені күшейту;
o Туристік инфрақұрылымдарды халықаралық стандарттар дәрежесіне көтеру;
o Шетелдерде өкіметтіктер мен елшілер көмегімен еліміз туралы толық ақпаратпен қамтылған тур орталықтар ашу мәдени – тарихи этнографиялық мұраларын, табиғат әсемдігін танытатын (ғаламтор арқылы) жарнамалар беріп, кеңінен насихаттау;
o Болашақта Ақмола облысының туризмінің сәтті дамуына кепіл болатын жоғары білікті, кәсіби шебер маман даярлау;
o Осы заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру үшін ұйымдастырушылық және инновациялық негіздерді дамыту;
o Қазақстан туризм индустриясында маркетинг және менеджментін дамыту және қолдану.
Осы таңда Ақмола облысы туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде болғандықтан, көптеген өзгерістерге ұшырау үстінде. Барлық туристік қызмет салаларында еңбек бөлінуі, туристік фирмалар жұмысының мамандандырылуы секілді жаңа ұйымдастыру қызметі ізденіс үстінде.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі туристік қызметі мемлекеттік реттеу және қолдану жүйесін дамытудан, қазақстандық туристік өнімнің маркетингінен және ілгеріленуінен, экологиялық туризм тұрақты даму факторынан, балалар мен жасөспірімдер туризмі – ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторларының бірінен, кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен және туризм саласын ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуден, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан және халықаралық маңызы бар туризм саласындағы «белсенді» жобаларды іске асырудан тұрады. Алайда туризм саласындағы түйін тек қаржыға тіреліп тұрған жоқ. Жергілікті тұрғындардың өз елінде демалуы үшін ең алдымен инфрақұрылымды жақсарту қажет. Мамандардың да, қарапайым халықтың да пікірі осындай.

1.4 Табиғи туристік – рекреациялық ресурстар.
Табиғат зонасының таулы аймақтарында таулы жермен жаяу жүру, спорттық және спорттық сауықтыру мақсаттағы әртүрлі базалар болады. Орта- таулы аймақтардың табиғаты мен ауа –райы жағдайы бұл жерлерде туризм мен демлудың, спорттың қысқы түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Елімізде тропиктік және экваторлық климаттық белдеуден басқа белдеулердің барлығы бар. Климаттық факторлар мен минералды су көздерін, емдік батпақ орындарын қамтитын емдік – ресурстық фонд, емдік – сауықтыру туризмі мен рекреациялық шаруашылықты дамытуға жол ашады.
Сауықтыру туризмнің ресурстраы Ақмола облысында қолайлы ландшафтық – климаттық жағдайлармен, жайлы кезеңнің ұзақтығымен, жетілген көл –өзен жүйесінің болуымен, жылы теңіз жағалауымен, туристік – рекреациялық қызметтің түрлері; қыдыру, суға түсу, жағажай, су спортын дамытуға арналған орындардың болуымен анықталады. Қолайлы кезеңнің ыстық (комфорт), салқын (субкомфорт) және суық (дискомфорт) күндердің санымен есептеледі.
Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне оның рекреациялық ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп – рекреациялық сұранымды қанағаттандыруға негізгі технологиялық компоненті болып есептелетін, рекреациялық салаға тартылған объектілерді адамдардың дене және рухани күштерін, оның денсаулығы мен еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, арттыруға ықпалды және де курор пен туристік қызметті тұтыну мен өндіруге, сондай –ақ туризмнің әртүрлі түлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға қатысты қолданылатын табиғи және мәдени – тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз.
Туризмде қолданылатын мақсатты рекреациялық ресурстар қатарына:
• Емдік демалыс ресурстары; минералды су, емдік батпақ, климаттық жағдайларды (орман, дала, теңіз және т.б.);
• Сауықтыру туризмінің ресурстары; ландшафты климаттық жағдайлар, қолайлы жыл мезгілінің ұзақтығы, көлдік – өзендік, теңіз жағасы, суға түсу маусымын;
• Спорттық туризм ресурстары:табиғи ортаның өлшемдері, оның өзіне тән ерекшеліктері;
• Экскурсиялық туризм ресурстары: тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары этнографиялық және шаруашылықтық объектілер, музей және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Рекреациялық ресурстардың жоғарыда келтірілген анықтамалары мен туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарлама мен Жібек Жолындағы тарихи орталықтарды қайта жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар әртүрлі заң күші бар актілердегі терминологияларға сүйене отырып, рекреациялық ресурстарға төмендегілерді жатқызуға болады :
 Адамдардың өмір сүру ортасы мен оған тәуелді емес табиғи – жаратылыс жүйесі ретіндегі табиғи – рекреациялық ресурстар;
 Мәдениеттің ұрпақтан – ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін этникалық топ, ұлт, азаматтық қоғамдастық, азаматтық өркениеттің тарихи мәдени адамдардың қолдан жасаған немесе өңдеп жатқан табиғи ландшафт;
 Қайта қалпына келтірудегі адамзат дамуының ежелгі цивилизациясының тарихи және этно – мәдени орталықтарын; көлік және ақпараттық коммуникация, орналыстару, тамақтандыру, сауықты ұйымдастыруды қамтитын әлеуметтік – мәдени ресустар;
Табиғи кешендерді туристік қызмет өндірісіне пайдалануда табиғат ресурстары шешуші фактор болып саналады.
Табиғи жағдайдың сипаттамасы туристік кешен, жол және бағыттарды айқындайтын фактор болып есептеледі. Себебі туристердің демалу мен саяхатқа шығу маршурттарын таңдауда табиғи ресурстар шешуші рол атқарады.
Туристік шаруашылықты ұйымдастыруда қайсы бір территорияның жерінің маңызы ерекше. Туристер көбінесе ландшафтар мен ауа – райы, өсімдіктер әлемінің сан қилылығы, аң мен балық аулау мүмкіндіктері,сондай-ақ демалуден спорттың тиімді түрлерімен айналысуды қалайды.
Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтардағы көрікті орындар әсемдігі, туристерді тартатын, өзіндік ерекшеліктері, ауасының тазалығы альпинизм, тау шаңғысы мен аң аулау және т.б. істермен шұғылдануға ыңғайлы маршурттар ашуға сұраныстар туғызғанымен, туристік объектілер мен коммуникация құрылыстарын жүргізу көптеген техникалық – экономикалық қиындықтарға кездеседі,алайда сондай қиындықтарға қарамастан жұмсалған шағын тез арада –ақ өзінің орнын толтыратыны белгілі.
Рекреациялық ресурстар – бұл тек қана ТМД елдерінде тараған түсінік. Оның маңызы мен жіктемесі жайлы біздің елемізде де шет елдерде де бірыңғай анықтамасы жоқ. Дүниежізілік туристер ұйымының Бас Ассамблесының IV сессиясында мақұлданған туризм Хартиясында «табиғат, жасандық» мәдени сондай – ақ «туристік» табиғаттық ресурстар деген ұғымдар қоладанылған.
Рекреациялық ресурстар жөніндегі әртүрлі терминологиялық айырмашылықтар болғанмен олардың барлығы да оған белгілі бір объектілер мен құбылыстарды: табиғи ландшафттық компоненттерін, тарихи – мәдени заңдылықтар мен кешендерін, халықын қолданбалы және көркем шығармашылығының этномәдени құндылықтарын, инфрақұрылымын, еңбек ресурстарын және басқаларды құрастырады.
Рекреациялық ресурстар мен туристік ресурстардың ұғымдары өздерінің мәндері жағынан өте жақсы ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға танымдық және коммуникативтік танымдарын қанағаттандыруға қатысты қарастырылады.
Осы объекті мен құбылыстар жиынтығын шатастырмау үшін туристік рекреациялық ресурстар деп қарастыру дұрыс болып отыр.
Туристік нарық қызметінің саласын таңдауда немесе оның ары қарай, жетіспеуіне базистік факторға туристер жағынан толастатпайтындай табиғи географиялық ресурстардың болуы жатады. Табиғи жаратылыстық ресурстарға технологиялық құрамдық, жайлылық, сыйымдылық, тұрақтылық, кешендік және т.б. жатады.
Технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа бөлінеді; біріншісі технологиялық міндетті, екіншісі этнологиялық міндетті емес, яғни мүмкіндік туғызушы ресурстар.
Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік – рекреацияылқ қызметті елестетуге болмайды. Туристік нарықта жетілдіруде технологиялық қажетті ресурстар болуы қажет. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан обылысының экологиялық туризм ресурстарына әсем табиғи комплекстің болуы, ал тау туризмі мен альпинизмге – тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей массалардың болуы жатады. Технологиялық міндетті ресурстар толық демалу мен рекреациялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді мүмкіндік болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін өзіне тән орта, жан –жақты әсемдік, жарасымдылық қалыптастыратын бірнеше ресурстар комплексі, яғни мүмкіндік туғызатын ресурстар болуы қажет.
Технологиялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандыратындай туристік – рекреациялық ресурстар кешенін қалыптастырады.
Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстар рекреациялық ресурстың өзі немесе мақсатты бағыттағы ресурстар (емдік сауықтыру және т.б.) болып және рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажеттілігі бар (орман қалындығы, судың көптігі т.б.) ресурстар болып екіге бөлінеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.