.
.
«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Африка өзендері мен көлдері
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2591 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық сабақ
Сыныбы : 7 « а »
Тақырыбы: Африка өзендері мен көлдері
Орындаған: Сисенова Ж.
Жетібай кенті
2013ж.
Сабақтың тақырыбы: § 48 Африка өзендері мен көлдері
Сабақтың күні : 11.03.2013 ж
Сабақтың мақсаты: а)Білімділік :
Оқушыларға жер шарындағы ең құрғақ материк туралы
түсінік бере отырып,ішкі сулары туралы толық мағұлмат
беру.
ә) Тәрбиелік:
Оқушыларды отансүйгіштікке,еңбекқорлыққа ,жер бетін-
дегі су көздерін қорғауға ,тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
б)Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау,картамен
жұмыс жасау шеберліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : Дүниежүзінің физикалық картасы,интерактивті тақта.
Сабақтың пән аралық байланысы: география ,экология
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Даптермен жұмыс
V. Картамен жұмыс
VI. Бекіту
VII. Қорытынды.
I. Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасып
2.Сыныпты түгендеу
3.Оқушыларды сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын сұрау
1.Ауызша әңгімелеу.
2.Топтастыру стратегиясы
Шеткі нүктелерін тап:
Мына ғалымдар қай жылдары материкті зерттеген сәйкестендір:
1840-1870
1876-1896
1497-1498
«Сұрақ менен –жауап сізден»
1.Африка материгінің аудандары мен қоса есептегендегі ауданы?
2.Материктің биік нүктесін атаңыз?
3.Материктің ірі аралы және астанасы?
4.Африканың шығысындағы ірі арал?
5.Субтропиктік ылғалды климат дегеніміз?
III. Жаңа сабақ
Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік -шығыс бөлігі.Шөлді аймақтарда өзендер өте аз.Керсінше кеуіп қалған арналар – уәдтер көп кездеседі.
Конго – Африканың ең мол сулы өзені ,су жинау алабы мен суының молдылығы жағынан дүниежүзінде Амазонкадан кейінгі екінші орын алады. Жоғарғы ағысы (Кисангани қаласынан жоғары) Луалаба деп аталады. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін жалғыз ірі өзен. Салалары: Ридольфа Танганьика
Су алабының ауданы — 4 014 500[1] км². Конго ұзындығы — Чамбези бастауынан бастап 4700 км, Луалаба бастауынан бастап 4374 км құрайды. Луалаба Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік шығысынан бастау алады.
Нигер (Nіger) – Батыс Африкадағы өзен; алабы мен ұзындығы жөнінен Конго мен Нілден кейін үшінші орында. Гвинея, Мали, Нигер, Нигерия мемлекеттерінің аумағы арқылы ағып өтеді. Ұзындағы 4160 км, алабының аумағы 2,1 млн. км². Жылдық орташа су ағымы 12000 м3/с. Солтүстік Гвинея қыратынан басталып, Атлант мұхитындағы Гвинея шығанағына атырау жасап құяды. Басты салалары: Бани (оң), Сокото, Кадуна және Бенуэ (сол). Жоғары және төменгі ағысы тұсында жауын-шашын мол, орта ағысы климаты құрғақ аймақта. Өзенде Каинджи СЭС-і мен бөген салынған. Жеке бөліктерінде кеме жүзеді. Балық ауланады. Сахарамен іргелес өңірде кең көлемде жер суаруға пайдаланылады.
Замбези - Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км². Бастауын Конго-Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазынақұяды. Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі.
Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км-ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8,0 мың км² болатын атырау түзеді.
Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді.
IV. Даптермен жұмыс
Өзендері Көлдері
Ніл,Конго,Замбези,
Нигерия Тана,Чад,Танганьика
V. Картамен жұмыс
Аталған су жүйелерін картадан көрсету.
VI. Бекіту
Атауы
Көл
өзен
Шөл
Түбек
Сахара
Замбези
Чад
Намиб
Сомали
Ніл
Калахари
+
+
+ +
+
+
+
Сөзжұмбақты шешу.
Қорытынды.
Венн диаграммасы.
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын
Үйге тапсырма : §48 (180-183 беттер),кескін картаға африка ішкі суларын түсіру.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.