.
.
Сабақтың тақырыбы: $44Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 380 | Просмотров: 3068 | Размер: 25.3 Kb | Автор: muniraСабақтың мақсаты:1)Оқушылардың Африка материгінің географиялық орны және жағалауындағы мұхиттары мен теңіздері туралы білімін қалыптастыру.
2)Материктің қоныстануы мен зерттелу тарихы туралы білімдерін дамыту. 3)Оқушыларды тақырыптық карталармен және қосымша материалдармен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интеративті тақта,суреттер,карточкалар,глобустар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,картамен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу,оқу-құралдарын тексеру.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
1) Төмендегі географиялық атауларды картадан көрсету.
1. Оңтүстік Америка
2. Кабу-Бранку
3. Амазонка
4. Анд
5. Титикака
6. Парана
7. Ла-Плата
8. Перу
9. Бразилия таулы үстірті
10. Ориноко
Кім жылдам?
1.Оңтүстік жарты шар материктерін ата.
2.Оңтүстік Америка Солтүстік Америкамен бірге қай дүние бөлігін құрайды?
3.Аралдардың ең ірісі?
4.Х.Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы кім?
5. «Қаңтар өзені» испанша қандай мағынаны білдіреді?
6.1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеген кім? А.И.Воейков
7.Материкті қанша климаттық белдеу басып өтеді және оларды атап бер?
8.Оңтүстік Америкада мекендейтін жануарлар мен өсімдіктерді ата?
9.Оңтүстік Америкада тұрғындар саны 1млн-нан асатын қанша миллионер қала бар?
10.Шаруашылықтың даму деңгейін көтеруде амазония ормандары арқылы өтетін тас жолды ата?
Венн диаграммасы
Ең,ең,ең…..
Ең үлкен шөл?
Ең ұзын өзен?
Ең ыстық материк?
Ең ірі құрлықтағы жануар?
Ең тұзды теңіз?
Сұрақ: Осы атаулардың барлығы қай материкпен байланысты?
Жауабы: Африка материгі
3) Жаңа сабақ.
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.
Африка материгінің шеткі нүктелерін тауып олардың координаталарын анықта:
С.ш.н. Эль-Абъяд мүйісі-37 с.е. 10 ш.б.
О.ш.н. Игольный мүйісі-35 о.е. 20ш.б.
Б.ш.н. Альмада мүйісі-15 с.е. 18 б.б.
Ш.ш.н. Рас-Хафун мүйісі- 10с.е. 51ш.б.
Материктің зерттелу тарихы
№ Саяхатшының аты-жөні Мерзімі Зерттеген аймағы
1 Финикиялықтар Б.з.б.600ж Африканы айналып шықты
2 Әбу ибн Баттута 14 ғасыр Сомали түбегі аймағы, Тимбукту және Мали жерлері
3 Васко да Гама 1497-99жж Африканы айналып Сомали түбегі жағалау арқылы Үндістанға барған.
4 Давид Ливингстон 1849ж
1855ж Замбези өзені,
Танганьика көлі, Виктория сарқырамасы
5 Генри Стэнли Конго өзені, Африка көлдері.
6 В.В.Юнкер 19ғ аяғы Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасады.
7 Н.И.Вавилов 1926-27жж Мәдени өсімдіктерін зерттеген, Эфиопияның қатты бидайдың отаны екенін
анықтады.
Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Батыс жағалауын Атлант мұхиты, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларын Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары шайып жатыр.
4) Бекіту сұрақтары
1.Аралдарымен қоса есептегенде Африка материгінің ауданы қанша(млн.км2)? 30,3 млн км2
2.Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахараның ауданы қанша (млн.км2)?
7 млн км2
3. Кагера саласымен қоса есептегенде Ніл өзенінің ұзындығы қанша мың км-ге тең? 6671км
4Жер шарындағы ең жоғары температура 1933 жылы Әл-әзизия қаласында қанша градусқа жетті? +58
5.Африканың ең биік нүктесі Килиманджаро жанартауының биіктігі қанша? 5895 м
6.Материктің ең төменгі нүктесі Ассаль көлінің деңгейі қанша метр -153
5. Бағалау
6.Үйге тапсырма: Африка материгін контур картаға түсіру,$44 оқып келу
Қарақия ауданы
5 орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Умарбаева Асем
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.