.
.
География 9 сынып Қайталау. Металлургия
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 374 | Просмотров: 3228 | Размер: 57.7 Kb | Автор: muniraТақырыбы: Қайталау. Металлургия
Мақсаты:
Оқушыларға ауыр және жеңіл, қымбат, баяу балқитын, сирек кездесетін түсті металдардың кен орындары мен өңдеуші өнеркәсіпорындарының орналасу ұстанымдарын түсіндіру
Түсті металлургия өндірісі, ауыр және жеңіл металдар географиясының негізгі ерекшелігі туралы түсіндіре отырып, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тақырыптық карталарды, сызбанұсқа, статистикалық мәліметтер, кестелерді талдауға үйрете отырып, түсті металдарды ұқыпты үнеммен пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекі-құралдар: Қазақстанның физикалық, пайдалы қазбалар картасы, дүние жүзінің саяси,пайдалы қазбалар картасы, атлас, тірек-сызбалар, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: тапсырмалардың орындалуын тексеру, сұрақ-жауап
Түсті металдар тобы
Металдар Басқалары
Ауыр Жеңіл Қымбат Баяу балқитын Сирек кездесетін
Мыс
Қалайы
Қорғасын
Мырыш
Никель Алюминий
Магний
Титан Алтын
Күміс
Платина Вольфрам
Молибден Уран
Германий
және басқалар
1.Әлем экономикасын дамытуға металлургияның рөлі қандай?
2.Металлургия кешені құрамына қандай өндірістер кіреді?
3.Қара және түсті металлургия салаларының орналасу ұстанымдары несімен ерекшеленеді?
4.Қазіргі уақытта түсті металлургияның рөлі немен байланысты артуда?
5.Қазақстанда қара және түсті металлургияның орны қандай?
2-тапсырма.Географиялық диктант
1.Болат шығарудың ірі елдері.........
2.Қара металлургияның негізгі өнімдері..............
3.Қара металл балқыту үшін .......... қажет.
4.АҚШ-та темір кені ........... таяу.
5.Импорттық шикізатпен көмірге тәуелсіз елдер........
6.Әлемдік түсті металлургияның маңызды салаларына ............ өндіру жатады.
3-тапсырма.Кестемен жұмыс-интерактивті тақтада.
4-тапсырма.Логикалық ойлау тапсырмалары.
ІV. Сабақты бекіту.
V. Сабақты қорытындылау. Интерактивті тақтада сәйкестендіру тестін орындау
1. Жезқазған полиметалл
2. Балқаш мыс
3. Текелі алюминий
4. Ақбақай мыс
5. Павлодар вольфрам
6. Ақшатау алтын
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма Тақырыпты оқу, кескін картаға түсті металлургия зауыттарын түсіру, тапсырмаларды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.