Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Атмосфера-Жердің ауа қабаты. -

Атмосфера-Жердің ауа қабаты.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 381 | Просмотров: 2920 | Размер: 387.3 Kb | Автор: munira
. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
№15 орта мектеп


Ашық сабақ
5б-сынып

Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: Атмосфера-Жердің ауа қабаты.

Дайындаған: №15 орта мектептің география пәні мұғалімі
Сейтова Гулсара Орпабековна

Ақтау қаласы-2012ж
Күні: 19.10.2012ж
Уақыты: 9:20
Тақырып: Атмосфера-Жерің ауа қабаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.
Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат– Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, оқулық, бағалау парағы, суреттер, кескін карта.
Әдіс-тәсілдер: СТО, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жүмыстар, деңгейлік тапсырмалар, мақал-мәтел, халықтық болжамдар айту, жүмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(Ауа)

ІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді. Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтіледі.
Оқушылар топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасайды:
1. Төраға
2. Таймкипер
3. Хатшы
4. Баяндамашы
Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды постер арқылы қорғайды.
І топ. Атмосфера қабатына жалпы сипаттама
ІІ топ. Ауа құрамындағы газдарға сипаттама
ІІІ топ. Атмосфераның негізгі қабаттарына сипаттама
ІV топ. Ауаның ластануына сипаттама

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
1.Ауа дегеніміз не?
2.Ауа қалай ластанады?
3.Ауаны ластамаудың қандай жолдар бар?
***
Ұстасаң, қолға ілінбес
Қарасаң, көзге түспес.
(Ауа)
Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады.
(Аяз)
Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді
Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді.
(Қыс пен жаз)
Ол келсе орман шулайды
Толқын теңіз тулайды
Қуса өзен қуады
Ешкім оны құмайды.
(Жел)
Таңертең бар, кешке жоқ
Кеш түгілі түсте жоқ.
Мен моншақпын әдемі
Ірі емес ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас
(Шық)
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады
(Бұлт)
Көк жүзінде көк жолақ
Қойды екен оны кім бояп.
(Кемпірқосақ)
Мақал-мәтел жалғасын тап.
Батыр туса-ел ырысы
Жаңбыр жауса-жер ырысы.

Батаменен ел көгерер
Жаңбырменен жер көгерер

«Пошта» ойыны. Бұл ойынның мақсаты өткен тақырыпқа қорытынды жасау. Яғни атмосфера және гидросфераға байланысты термин немесе тиісті сөздердің ара-жігін ашу.
Ауызша сұрақтарға жауап алу: «Миға шабуыл»
Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи ортаға қандай зиян келтіреді?
Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы қандай?
Ерте кездегі адамдар табиғаттты қалай пайдаланды?
Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?
Ауа қандай жағдайлардан ластанады?
Венн диаграммасы.
Ауаның маңызы пайдасы Ауаның ластануы



Өткенді пысықтау
Нені білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?

Оқушылармен бірігіп мынадай қорытынды жасалады.
Сабақ түсіндіріліп болған соң топ басшыларына « Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз, онда ... (сұрақ қойылады)
1.Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2.Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3.Қалдықсыз технологияға көшу.
4.Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5.Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.
Үйге тапсырма: «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары» туралы эссе жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.