Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Атмосфераның құрамы және құрылымы. -

Атмосфераның құрамы және құрылымы.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 419 | Просмотров: 8040 | Размер: 114.2 Kb | Автор: munira
. Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның құрамы және құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға таныс жер қабықтарын еске ала отырып,
ауа қабаты, құрылысы, маңызы, зерттелуі туралы
мағлұмат беру.
Дамытушылық: Халықтық педагогика элементтерін пайдаланып ауа
қабықтары туралы танымын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат – ананың сиы таза ауаны қорғауға, қастерлеуге
тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Оқыту технологиясы: топпен жұмыс
Көрнекілігі: атмосфераның құрылысы, плакаттар, кеспе қағаз, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: химия, биология, қазақ әдебиеті, сурет.
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
IV. Атмосфераның құрамы
V. Тәжірибе
VI. Атмосфераның құрылысы
VII. Атмосфераның маңызы
VIII. Атмосфераның ластануы
IX. Атмосфераның зерттелуі
X. Асық лақтыру ойыны
XI. Пысықтау сұрақтары

Кеспе қағаздарда берілген сұрақтар арқылы төмендегі сөзжұмбақ шешіледі.
Ортаңғы торкөзден жаңа сабақтың тақырыбы оқылады.
Сөзжұмбақ
ауА
эхолоТ
Магма
ядрО
сейСмикалық
литосФера
гЕйзер
кРатер
мАнтия

Жұмбақ: Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Ой шақыру: Атмосфера дегеніміз не?
Атмосфера қандай газдардан тұрады?
Атмосфера – ауа қабаты деп аталады. Атмосфера гректің «атмос» және «сфера» дейтін сөздерінен құралған қазақша «ауа қабаты» деген мағынаны білдіреді. Халықта «жол жетпеген жерге ой жетеді» деген сөз бар. Бүгінгі сабақта ауа қабаттарына ойша саяхатқа шығамыз. Ол үшін техникалық құралдардың ішінен ұшақ таңдалады.
- Неліктен ұшақпен саяхат жасаған дұрыс деп ойлайсыңдар.
- Себебі атмосфера қабатына ұшақтан басқа көлікпен жету мүмкін емес.
Саяхатқа шықпас бұрын ұшақты басқаратын 2-кі топбасшы сайланып, оқушылар 2-ге бөлінеді.
Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 % . Оттегі - O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.
Сондықтан да жоғарғы шекараны дәл белгілеп айту қиын, шамамен 2-3 мың км шамасында бітеді. Төменгі қабатта ауа тығыз әрі ауыр болады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр. Ол орын алады. Оны мына қарапайым тәжірибеден көруге болады.
Тәжірибе. Су құйылған ыдысқа түбін жоғары қаратып стаканды батырамыз стаканға су кірмейді. Стаканды екінші рет суға батырып жайлап қисайтсақ, ішіндегі ауа көпіршік түрінде шығады да, орнына су толады. Ауаның қасиеттері жайында 5 – сыныпта алған білімдеріңді еске түсіріңдер. Ауа жылуды нашар өткізеді, серпімді, салмағы бар, орын алады. Ауаның мынадай қасиеттері бар: ауа орын алады, ауаның салмағы бар, ауа серпіледі, ауа қызғанда көлемін үлкейтіп, суығанда көлемін кішірейтеді. Ауа жылуды нашар өткізеді.
Атмосфераның құрамы (плакатпен жұмыс)
Ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша үш қабаттан тұрады. Ең төменгі қабат тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс) деп аталады. Бұл жер бетінен 8 – 9 км ал экватордан 18 км –ге созылады. температура 55° С – қа дейін төмендейді. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км – ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6 С –ге төмендейді. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 % –ы тиеді. Су буы да бұлттар, жауын- шашын, жел яғни бұл сферада ауа райы қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы жағында стротосфера (грекше стратум – қабатталған ) қабаты жатады. Оның жоғарғы шекарасы 50 – 55 км биіктікке дейін барады. Мұнда су буы жоққа тән. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өзгереді. Стротосфераның 20 км ден 30 км –ге дейінгі биіктік аралығында озон шоғырланған. Жұқа озон ауаның қызып кетуін тудыратын ультракүлгін күн сәулесін жұтады. Атмосфераның жоғарғы қабатын мезосфера және термосфера қабаттары құрайды. Ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп 1000 -2000 С –қа өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі қабаттарына дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулесін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Күннен таралған электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы құбылысын тудырады.
Атмосфераның маңызы. Жер бетіндегі өтіп жатқан түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді. Сондықтан жер беті күндіз күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде, өте қатты суымайды. Ол жылылықты ұстап тұрады. Сонымен қатар атмосфера ғаламшарды метеориттерден қорғайды метеориттер жерге жетпей-ақ жанып кетеді. Ауа – тіршілік көзі. «Ауа – өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Ең қымбат, қасиетті нәрсені «ауадай қажет» деп, ауаны ерекше бағалаймыз. «Ауаны қылышпен кеспе» деген ырым бар. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу халық салты, өмір заңы. Біздің планетамыздағы тіршілік атмосфера қабатына тығыз байланысты. Ауаның құрамындағы оттегімен тыныс аламыз. Ауа болмаса жер бетін айдағы сияқты құлазыған қу шөл алып жатар еді.
Атмосфераның ластануы. Адамның шаруашылық әрекетінің дамуына байланысты отын көп жағылатындықтан, ауа барған сайын ластанып, ондағы көмірқышқыл газының (СО2) мөлшері артуда. Ауаны табиғаттағы апатты құбылыстар, өрт, машина, зауыт, фабрикадан, т.б шыққан түтіндер ластайды. Ауаны тазарту үшін елді мекендерді көгалдандыру және ірі кәсіпорындарда тұтқыштар орнату қажет.

Атмосфераны зерттеу. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды. Жер бетіндегі көптеген метеорологиялық станциялар тәулігіне кемінде 4 рет арнаулы аспап-тар көмегімен атмосферадағы өзгерістерді бақылап отырады. Адам аяғы жетуі қиын жерлерде автоматты радиометеостанциялар жұмыс істейді. Жердің жасанды серіктері, ғарышкерлердің ұзақ мерзімді орбиталық станцияларда жүргізген мәліметтердің де маңызы зор.
Дәптермен жұмыс: Жаңа термин сөздерді жазып алу.
Бекіту: Топ басшылары өз тобымен ауаға ойша саяхат жасайды.
Ауаға байланысты мақал – мәтел, ырым сөздер айту.
Сәйкестендіру тесті: 1. Тропосфера ----- жауын – шашын қабаты
2. Көмірқышқыл газы ---- 21 %
3. Оттегі газы ---- 0,03 %
4. Метеорология ---- ауа қабаты
5. Ауа қабаты ---- атмосфераны зерттейтін ғылым
Қорытынды: Венн диаграммасы.

ауаның маңызы пайдасы ауаның ластануы



Үйге тапсырма: Сурет салу, мәнжазба тақырыбы «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары»

Кестені толтыру:

газдың аты ауадағы үлесі қасиеттері





Бағалау.

Сарысай негізгі мектебі



Атмосфераның құрамы және құрылысы
Өткізген: Тасымова А.Т.
6 – сынып

2010 – 2011 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.