Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен  тектоникалық құрылымы. -

Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3547 | Размер: | Автор: munira
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы
«Сеславино» шағын жинақты жалпы орта мектебі
География пән мұғалімі: Даурбаева Шарипа Көшерқызы
Сыныбы: 8
13.10.2011ж.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен
тектоникалық құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.

Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақстанның жазықтар мен таулардың таралуында, Қазақстан аумағында қандай өзгерістер, қандай таулар түзілгенін туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Географиялық білімділік кеңейту проблемалық сұрақтарға жауап іздей отырып логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқиғаларға өз бетінше талдау жасай білуде үйрену.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін сезімін тәрбиелеу, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу, патриоттық рухта тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: Карта, таратпалы карточкалар, тест материалдары.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру -1 мин.
ә) Қазақстан аумағы палеозой дәуірінің басында қандай болған? -7 мин.
в) Герцин қатпарлы дәуірінде Қазақстанда қандай таулар түзілген! -4 мин.
г) Мезозой эрасында Қазақстан аумағында қандай өзгерісте болған? -4мин.
д) Қазақстанға Шығыс Еуропа платформасының қай бөлігі еніп жатыр? -5мин.
ж) Қазақстанның таулы ауданлары қандай тектоникалық құрылымға жатады? -4 мин.
з) Қорытынды тапсырма -4 мин.
е) Үй тапсырмасын беру -1 мин.

Үй тапсырмасын сұрау:
Жер дамуының қандай кезеңі геологиялық даму кезеңі деп аталады ? -5 мин.
Тау жыныстарының жасын қандай заңдылықтарға сүйене отырып анықтайды ? -5 мин.
Таратпалы карточкалар -5 мин.
Жаңа сабақ
Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.
Палеозойға дейін яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақталған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп төмен түсіп, оның бетін теңіз суы басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды. Бұл эрада дамыған геосинклинальды аймақтарда орын алған қатпарлықтар –каледон , герцин қатпарлықтары деп аталады.
Палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу кезінде қозғалмалы құрлықтар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орташа Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері құрылған. Теңіз бірте-бірте тартылып, құрлық көлемі ұлғая берген. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы да көтерілуге ұшырады .Жанар таудың әрекетіне байланысты пайдалы кен қазба байлықтары пайда болды. Тектоникалық қозғалыстардың әрекетінен пайда болған жарықтардағы магмалық жыныстар магний мен темір элементтеріне бай болып келеді.
Палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік тау түзілу процесі кезінде Алтай және Мұғалжар өңірлері көтерілді. Бұл кезеңде Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақтаған бөлігіне айналып біршама көтерілген соң, оны екінші қайтара теңіз суы басқан жоқ.Осы кезеңде республиканың батысындағы Шығыс Еуропа платформасы мен Еуразияның солтүстік –шығысындағы Сібір платформасы көтіріле бастады.
Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған. Онда өзендердің құрлықтан ағызып алып келген шөгінділері жиналған. Мезозой эрасы жер қыртысының салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған: бұл кезде тектоникалық қозғалыстар баяу болған, бірде-бір тау жүйесі түзілмеген. Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әәсерінен үгіліске ұшырап мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналған.
Кайнозой эрасыныңбасында мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол қалпында сақталған.Бірақ неоген дәуірінде тең»з суының тартылып таяздауының нәтижесінде Қазақстан жері бірте-бірте біртұтас құрлыққа айналды. Неогеннің аяғында әлденешерет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсеріне альнілік таулар түзілген. Альпілік тау түзілу кезеңінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтерілген. Осы қозғалыстардың нәтижесінде қатпарлы –жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан.Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань таулары екінщі рет көтерілуге ұшыраған. Бұл тау жүйелеріндегі көтеріңкі аймақтар мен тегістелген жерлер және жоталар бойымен созылған тауаралық ойыстар тау көшірілу нәтижесінде түзілген.
Жер қыртысының қозғалысы мен өзгерісін тектоника ғылымы зерттейді. Құрылысы мен даму тарихы және пайдалы қазбалары жағынан олардың бір-бірінен үлкен айырмасы бар .Қазақстанда төмендегідей негізгі геотектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады: платформалар және қатпарлы облыстар .
Республика аумағына көне платформаның оңтүстік –шығыс бөлігі ғана кіреді. Бұл Қазақстаның ежелгі бөлігі, ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан. Платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен Орал алды үстірті орналасқан .Платформа екі қабаттан тұрады.Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық қатты жыныстардан тұрса, оның үстінде полеозой , мезозой және кайнезой шөгінді жыныстары жауып жатыр ,оның қалыңдығы 22 км- ден асады.
Қазақстанда ежелгі платформадан басқа платформалар да бар.
Полеозойда , бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған. Ол таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасмалданып , ойыстарды толтырып жазыққа айналған . Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады. Полеозойдың көне жыныстары жас плптформалардың іргетасын құрайды. Оның бетін кейінгі мезозой мен кайнозойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр. Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерінің қалыңдығы 200 –100 метр ғана болады . Тұран плитасының құрылысы күрделірек. Оның кейбір жерлерінде шөгінді қабаттардың қалыңдығы 4 км –ге жетеді, ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан
Кайнезой эрасында, яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты.Олар пологен , неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шөгінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған . Кейін болған тауқұрылулар тау рельефін «жасартуға » үлкен әсерін тигізді . Каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді. Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай , Тарбағатай ,Жетісу Алатауы , Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды. Иау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.
Сабақты бекіту:
Қазақстан аумағы полеозой дәуірінің басы
Герцин қатпарлы дәуірінде түзілген таулар
Мезозой эрасындағы Қазақстан аумағындағы өзгерістер
Қазақстанға Шығыс Еуропа платформасының қай бөлігі еніп жатыр
Қазақстанның таулы аудандары қандай тектоникалық құрылымға жатады

Сабақты қорытындылау:
Үйге берілген тапсырма:
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.