.
.
География шыңы География шыңы.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1745 | Размер: | Автор: muniraҚызылорда облысы, Жалағаш ауданы,Ақсу ауылы, №116 орта мектеп,биология және география пәні мұғалімі Мырзабекова Меруерт
Армысыздар,құрметті көрермендер! Бүгінгі семинарға қатысушы қонақтар!Бүгінгі оқушылардың білім деңгейін анықтайтын Интеллектуалдық білім сайысына қош келдіңіздер!Егемендік алып,Тәуелсіздікке қол жеткізгелі елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру саласына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны білгілі.ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан ,бүгінгі таңда заманына сай зерделі,ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы.Мемлекет басшысының,Қазақстан таяу жылдарда дүние жүзінде бәсекеге қабілетті дамыған ең қуатты елу мемлекеттің қатарына қосу жөніндегі стратегиясының мақсаты-халқымыздың білімді де білікті ұлттық намысты елдік пейілмен еңбек етуіне жетелейтіні анық.
Бұл «География шыңы»сайысының басты ережесі-оқушының қимылының жылдамдығын , ойының ұшқырлығын талап етеді.Ендеше бүгінгі интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.Бүгінгі бұл ойынға 11 «а» және 11 «б» класынан оқушылар қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І тур
І топ келіп,12 сұраққа жауап береді.Содан кейін ІІ-ші топ келіп 12 сұраққа жауап береді.Әр дұрыс жауап 10 ұпай.Ендеше сайысты бастаймыз.Ойынға қатысушыларға айтарым, «ойларыңыз терең,ойын табысты болсын» деймін.
Ендеше сайысқа қатысушы 1-ші топ 11 «б» класының оқушыларын шақырамыз. Таныстыра кетсек: Әмірбек Гүлжайна,Бүркітбай Гүлжайна,Мұханбетжан Ләззат.Дайынсыздар ма? Дайын болсаңыздар, бастайық. Кім бірінші жауап береді?
1.Қысымды өлшейтін құрал-барометр(Я)
2.Жалпы жер беті ауданының құрлық көлемі 361 мың км2.
(Жоқ.Құрлық 149 мың км2)
3.Еуразияның батыс шеткі нүктесі- Дежнев мүйісі
(Жоқ.Рока)
4.Атлант мұхитын кесіп өткен атақты норвег ғалымы Т.Хейрдал(Я)
5.Оңтүстік Американы Отты Жер аралынан бөліп тұрған бұғаз- Фларида бұғазы.(Жоқ.Дрейк бұғазы)
6.1997 жылы Қазақстанның астанасы Ақмола атауы Астана болып өзгерді.
(Жоқ.1998 жылы өзгерді)
7.Ватикан- Италия территориясындағы мемлекет.(Я)
8.Үлкен тосқауыл-дүние жүзіндегі ең үлкен маржан рифі.(Я)
9.Жер қыртысының қозғалғыш бөлігі-геосинклиналь(Я)
10.Месопатамия ойпаты территориясындағы мемлекет-Иран.(Жоқ.Ирак)
11.Гудзон-саяхатшы Груд айлендтің құрметіне қойылған.
(Жоқ.Генри- Гудзонның құрметіне қойылған)
12.Гекла Вулканы-Ирландияда.(Жоқ.Исландияда)
Сіздер 12 сұрақтың ...........жауап беріп ,..............осындай ұпай алдыңыздар.
2-ші топты ортаға шақырсақ:11 «а»класс оқушылары Әбілдаева Асылзат,Мақсұм Жаңыл,Әсембекова Гүлдана. Дайын болсаңыздар бастаймыз.(Жоғарыдағы 12 сұрақ қайталанады.)
Бүгінгі семинарға келген қонақтар мен ойынға қатысушылардың құрметіне кезекті биді арнаймыз.Қабыл алыңыздар.
ІІ тур.
Ережесіне тоқталсам,Сіздердің алдарыңызда 4 сұрақ жасырулы.Екі топ сұрақты кезекпен таңдайды.Әр сұраққа 500 ұпай.Бірінші топ білмесе,екінші топ жауап береді.Екі топта білмесе 3 көмек беріледі.Әр көмек сайын 500 ұпайдан 100 ұпай азайтылып отырады.
І сұрақ:
Шыңғыс ханның алтын ерінің құрметіне қойылған жер қалай аталады? (500 ұпай. Алтынемел)
1 көмек:Алматы облысы ,Кербұлақ ауданында орналасқан(400 ұпай)
2 көмек:Ғалым Шоқан Уалихановтын зираты осы жерде(300 ұпай)
3 көмек:Дәл осы мекенде 1996 жылы ұлттық саябақ ашылған(200 ұпай)
ІІ сұрақ:
Дала зонасы саванналардан оңтүстікке қарай субтропиктік далалар көсіліп жатыр.Мұны оңтүстік Америкада не деп атайды?(500 ұпай.Пампа)
1 көмек:Бұл үндіс тілінен аударғанда «ағаштары жоқ кеңістік» дегенді білдіреді..Бұнда құнарлы ферралит топырағы түзілген.(400 ұпай)
2 көмек:Дала өсімдіктерінен –шөптер,олардың ішінде-бетеге өседі.(300 ұпай)
3 көмек:Жазық кеңістігіне жүйрік жануарлар тән.Құстардан -нанду түйе құсы кездеседі.(200 ұпай)
ІІІ сұрақ: Батыс Қазақстан облсындағы Ақсоғым ауылының шығыс жағындағы үлкен көл.Ауылдан 25-30 шақырымдай жерде.Көл айналасында қамыс көп.Көл балыққа бай.Бұл қандай көл?(500 ұпай.Шалқар)
1 көмек:Құстардан бірқазан,аққу,қаз,үйректер өте көп.(400 ұпай)
2 көмек:Бұл көл Батыс Қазақстандағы ең ірі көл.Тереңдігі 18 метр(300 ұпай)
3 көмек:Көлге шығыс беттен Есен Аққаты, Шолақ Аққаты өзендері құяды.(200 ұпай)
IУ сұрақ:
Бұл көл Батыс және шығыс боп бөлінеді.Батыс жағы кең және тайаз.Шығыс жағы енсіз және салыстырмалы терең.Климаттың континенттілігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен,жазда жоғары болып келеді.Бұл анықтама қай көлге тән?(500 ұпай,Балқаш)
1 көмек:Бұл көлде кәсіптік маңызы бар балықтардың 20-дан астам түрі бар.Сонымен қатар терісі бағалы –ондатр жерсіндірілген.(400 ұпай)
2 көмек:Бұл көлге қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уалиханов былай анықтама берген: «Бұл көл биік жар қабақты помозый жыныстарынан түзілген.Оңтүстік Шығыс жағалауы көтеріңкі.Бұл жағалауда қамыс көп өскен.(300 ұпай)
3 көмек:Бұл Қазақстан аумағына кіретін көл.Бұл көлге Іле,Қаратал,Ақсу,Лепсі құяды(200 ұпай)
Осымен ІІ турда аяқталды.енді екі топтың ұпайларын білсек
ІІІ тур:
Бұл турдың ережесіне тоқталсақ. Бұл турда 4 сұрақ болады.Екі топ кезекпен сұрақ таңдайды.Ұпайлар 100,200,300,400,500.Сұрақ берілмес бұрын тірек сөздер беріледі.Осы тірек сөздерге байланысты әр топ ұпайды өздері таңдайды.Бірінші топ жауап бермесе,екінші топқа мүмкіндік беріледі..Жауап бере алмаған топтардан тіккен ұпайы жалпы жинаған ұпайынан алынып отырады.Ендеше үшінші турды бастаймыз.Бірінші топ қай сұрақты таңдайсыздар.
І сұрақ.Тірек сөздері.
Ағылшындар Ортағасырлық киім үлгілері Шай
Енді сұрақ:Ұлыбританиялық ағылшындарда міндетті түрде таңғы асқа сұлы жармасынан жасалған быламық жеу,кешкі сағат бесте шай ішу дәстүрі бар.Киінудіңде айрықша ағылшындық үлгісі қалыптасқан.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Сонда сол кезде сот кезінде заң өкілдері қандай киім киюі қажет болды? Жауабы:Парик пен мантия
ІІ сұрақ.Тірек сөздері
Жанартау Киелі храм Символ
Бұл жанартау Жапониядағы Хонсю аралында орналасқан.Бұл жанартаудың биіктігі-3776 метр.Ол Жапонияның ең биік нүктесі.Бұл Синтоизм дінін ұстанушылар үшін қасиетті тау.Жыл сайын мыңдаған адамдар шың басындағы синтоистік храмға ғибадат ету үшін ұзақ сапар шегеді.Бұл жапон елінің символы болып есептеледі.Оның суретін әрбір жапондықтар үйіндегі көрнекті жерге іліп қояды.Сұрақ: Бұл жанартаудың аты?(Фудзиами)
ІІІ сұрақ.
Бейне сұрақ:( Қазір сіздерге директордың ғылыми-іс жөніндегі орынбасары
Сариева Бақыт апай сұрақ қояды.)
ІУ сұрақ.
Бейне сұрақ:(Сіздерге география пәнінің мұғалімі Әбуова Гүлсім апай сұрақ қояды.)
ІУ тур.
Бұл турдың ережесі.Бұл турда да 4 тапсырма болады.Оның екеуі анаграмма, екеуі математикалық есеп.Бірақ бұл 4 тапсырма екеуі ғана орындалады.Яғни әр топ бір сұрақтан ғана таңдайды.Ұпайды өздері жасырын тұрде таңдап, үстел шетіне қоясыздар.Егер сұраққа дұрыс жауап бермесеңіздер жасырған ұпайларыңыз шегеріледі.Сұрақты екі топ кезекпен таңдайды.Бірақ тапсырма берілгенде екі топта қатар ойланып,қағазға жауаптарын жазып көрсетеді.
І анаграмма. Паском (Жауабы:компос
Мутази азимут
Напл план
Тияман мантия)
ІІ анаграмма.Үбтек (Жауабы:Түбек
Ұғзаб Бұғаз
Ғанашық Шығанақ
Фиограмдея Демография)
ІІІ.Географиялық есеп:
Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі арақашықтық 8,5 см-ді құрайды.Картаның масштабы-1:12 000 000.
Жер бетіндегі арақашықтығын тап.(Жауабы:1020)
ІУ. Географиялық есеп:
Берлин қаласында азаңғы сағат 9:00.Астанада сағат қанша?
(Жауабы: түскі13:00).
Осымен бүгінгі география шыңы ойынымызда өз мәресіне жетті.Бүгінгі ойынның жеңімпазы қай топ болғандығын білу үшін сөз кезегін әділқазыға береміз.
Осымен бүгінгі ойында өз мәресіне жетті.Жеңісті күнде кездескенше күн жақсы болсын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.