Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Каспий теңізі. -

Каспий теңізі.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 379 | Просмотров: 2785 | Размер: 77.5 Kb | Автор: munira
. Госплемстанция негізгі орта мектебі


А Ш Ы Қ С А Б А Қ


Тақырыбы :




Қазақстанның физикалық географиясы
8 - сынып

Өткізген : Маутова Р.М.

Юбилейный 2012

Сабақтың тақырыбы : Каспий теңізі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Каспий теңізіне сипаттама беру.Каспий балық кәсіпшілігінің
халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны
пайдаланып жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Каспий теңізінің экологиясы.Көл суларын қорғау оның келешек
үшін маңызы зор екенін оқушыларға түсіндіру,экологиялық
тәрбие беру.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ.
Сабақтың мәні: а)оқушының қабілетін дамыту;
ә)өз бетінше ізденуге бейімдеу.
Сабақтың көрнекті құралдары: Қазақстан физикалық картасы, компьютер /слайдтар,бейнетаспа,электрондық оқулық/,сызбалар,фотосуреттер,
атлас,кескін карта.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1 Кластерді құрастыру.
Қазақстанның аумағында қанша көл бар ? /48 мың./



2 Қазақстанда қазір қанша бөген бар ? /3 мың./



Олар ? / Бұқтырма,Шардара,Самарқан,Ақкөл,Молодежное,Өскемен ,т.б./

ІІІ Жаңа сабақ.§ 30 ,116-120 беттер
1 «Каспий теңізі» сөзіне ассоциация.
Дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық тұзды көл ? Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? /Дүниежүзілік карта /.



2 Мағынаны тану. /видеобейне,электрондық оқулық/.
3 Оқулықпен жұмыс.116-120 беттер
Өзіндік жұмыс.Оқушылар берілген жоспар бойынша кестені толтырады.
1 Тарихы.
2 Географиялық орны.
3 Климаты.
4 Биологиялық қоры.
5 Экологиялық жағдайы.
4 Дәптермен жұмыс.
Топтар Оқулықпен жұмыс

№1 Тарихы
Каспий теңізі реликті/қалдық /көл.Қалдық көлдер ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланыты екенін түсіндіреді.Неоген дәуірінде күрделі тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде,Тетис алдымен Тынық мұхиттан бөлініп,кейіннен Атлант м-ан ажырағанын баяндайды.Неоген дәуірінің аяқ кезінде жер қыртысының шұғыл көтерілуінен Каспий теңізі Қара теңізден бөлініп қалғанын,осы кезенді каспий теңізінің қалыптасу кезеңі деп санауға болады.Аты ХҮІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.Грузияда каспи қаласы қазір де бар.Сонымен бірге Гиркан (І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи атауы бар.Олар соңғы 3 мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

№2 Географиялық орны
Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км.Оның беті мұхит дегейінен 27 м төмен жатыр.Теңіз солт-тен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан.Теңіздің ендірек жері -435 км,ал енсіз жері-193 км.Теңізінің жағалау сызығының ұзындығы -7000 км.Оның су 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр.қазақстан үлесіне-29 % /2340 км/, Ресейге – 16 % ,Әзербайджанға-20 %,Түрікменстанға-21 %, Иран Ислам Республикасына- 14 % тиеді.
Аралдары аз,олардың жалпы аудан-2045 км.ең ірілері-итбалықты архипелағындағы Құлалы 73 км,Теңіз 65 км-ге жетеді.Шығыстан Каспий т Маңғыстау (Тұпқараған және Бозащы) түбегі.Шығыс жағал-ғы шығанақтар:Маңғыстау және Қазақ..
Сызба

«Каспий теңізі қазаншұнқырлардың бедеріне қарай үшке бөлінген.»

Каспий теңізінің алабына жататын өзендер.
Жайық өзені 1100 км Ойыл 800 км Жем 712 км
Шаған.елек,Ор,
Өлеңті,Бұлдырты,Қалдығайты,
Ойыл,Сағыз
№3 Климаты Теңіз екі климаттық белдеуде орн-н солт-гі қоңыржай континетті климатта,оңтүстік батыс-құрғақ субтропикттер,шығысы Орта Азия шұғыл конт-ті климаттар.
Жазда Қыста
Шілдеде +24-26 С
Тамызда +24-28 С Қаңтарда -7-11 С
Ең төмен темп-ра- - 38 С
Мұздың қалыңдығы 2-м-ге дейін жетеді.
Судың тұздылығы
Солтүстік Орталық Оңтүстік
10-12 ‰ 13-14 ‰
Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады.
1830-1929 жылдары 25,5 – 26,6 м
1929 жылдан 1977 жылға - 29 м
1978 жылдан қайта көтерілді
1995 жыдың басында -26,5 м
№4 Биологиялық қоры
Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар.Ең бағалы балықтарға(бекіре, шоқыр,қортпа) тұқымдастары жатады.Дүниежүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80 %-ынан астамы каспий теңізі үлесіне тиеді.
Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Балықтың 55 түрі кездеседі.Құстардың 260 түрі кездеседі.
№5 Экологиялық жағдайы 1977 ж теңіз деңгейі өте төмендеп кетті.Онда жаңа мекен жайлар пайда болды,жаңа мұнай кеніштері ашылып,игеріле бастады.судың кері қайтатыны туралы ешбір белгілер болмады.
Теңіз деңгейі көтерілуінің 1978-1993 жылд-ғы орташа қарқындылығы жылына 0,14 м болды.
Қазіргі уақытта Каспийдің жыл сайын 56 км суы арнасынан асады.Осының салдарынан мекен- жайларды мұнай кәсіппшіліктері мен геологиялық зерттеу алаңдарын су басады.
1995-2000 жылдар арасындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді,сонымен бірге 20-30 мың итбалық,жүздеген мың құстар қырылған.
Каспий т-ң экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес Ресей,Әзірбайжан,Түрікменстан,Иран мемлекет-ің ортақ мәселесіне айналып отыр.олар бірігіп бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруда .



ІҮ Поэзиялық үзіліс.
Табиғатты қорғамау адамдық па ?


Жібек Қожамқұлқызы.
Ү Кескін картамен жұмыс.
Кестедегі берілген мәліметтерді картаға түсіру.
ҮІ Бекіту. Компьютерде дайындалған тест сұрақтары.
1 Каспий теңізінің пайда болған уақыты :
а\ неоген ә\ палеоген б\ юра
2 Каспий теңізінің жалпы ауданы:
а\ 195 км2 ә\ 390 км2 б\ 300 км2
3 Жағалау сызығының ұзындығы ?
а\ 5000 км ә\ 6000 км б\ 7000 км
4 Каспий теңізі қазаншұнқырлардың бедеріне қарай нешеге бөлінген
а\ 1 ә\ 2 б\ 3
5 Теңізге құятын өзендер:
а\ Жайық,Ойыл,Жем б\ Шу,Сарысу,Ойыл в\ Талас,Жайық,Есіл

ҮІІ Үйге тапсырма .§ 30 ,116-120 беттер
Теңіз жағалауына орналасқан елді мекендердің экологиялық жағдайын қосымша материалдар жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.