.
.
Сабақтың тақырыбы : Халықаралық туризм Халықаралық туризм.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2509 | Размер: | Автор: muniraСабақтың мақсаты : оқушыларды халықаралық туризмнің түрлерімен және таралған аудандарымен таныстыру .
Б і л і м д і л і к : халықаралық туризмнің дүние жүзі бойынша әрқайсысының “мамандану’’
саласының алғышарттарын анықтау .
Т ә р б и е л і к : туризм тақырыбы арқылы оқушыларды мамандыққа баулу, өмірге
көзқарастарын кеңейтуге,салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Дамытушылық : әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды оқыта отырып дамыту,
белсенділікке,ізденушілікке,еркін ойлап,еркін сөйлеуге дағдыландыру.
К ө р н екіліктері : дүние жүзінің саяси картасы ,дүние жүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы , слайдтар , интерактивті тақта .
С а б а қ т ү р і : жаңа сабақты меңгеру .
Сабақ өткізу әдістері : топтау, тест, іздену ,кластер,слайдпен жұмыс, сызбалар, проблемалық ситуация, саяхат жасау, жарнама.
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,класты 3 топқа бөлу.
Шаттық шеңбері : Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды боламын.
Үй тапсырмасын тексеру :
1) кезек бойынша дайындалып келген оқушы әлем жаңалықтарына шолу жасайды .
2)Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
-халықаралық қаржы-қаражат жүйесіне сипаттама беріңдер? слайд
- валюта туралы не білеміз ? слайд
-Қазақстанның ұлттық валютасының әлемдегі кең таралған валюталарымен ресми курсы қандай?
Слайдтар
Жаңа ұғымдарға анықтама беріңдер:
-Халықаралық инвестиция дегеніміз-............................................
-Халықаралық несие нарығы дегеніміз-............................................
-Инвестицияның түрлерін атап, анықтама беріңдер.
-Қазақстанның қаржы-қаражат саясаты туралы не айтасыңдар?
Ойлан! Еліміздің сыртқы қарызының мөлшерін
азайтудың қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар?
Үй тапсырмасын бекіту.
-тест сұрақтарына жауап.
1.Резервтік валюта қоры көп елдер:
а) Бразилия,Мексика.
в) Ресей,Қытай.
с) Қазақстан,Польша.
д) Тайвань,Сингапур.
2.Халықаралық валюта қоры қашан құрылды?
а)1960 ж
б)1980 ж
с)1968 ж
д)1990 ж
3.Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылған уақыты?
а)1995 ж
б)2005 ж
с)1985 ж
д)1990 ж
4.”Хитроу” аэропорты орналасқан қала:
а)Чикаго
б)Лондон
с)Токио
д)Париж
5.”Боинг” ұшағын жасайтын қала:
а)Маями
в)Хьюстон
с)Сиэтл
д)Балтимор
6.Еуропадағы жер аумағы өте кіші мемлекет:
а)Андорра
б)Сан-Марино
с)Лихтенштейн
д)Ватикан
7.Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша 3 орталық:
а)Берлин,Лондон,Париж.
б)Лондон,Нью-Йорк,Токио.
с)Мәскеу,Варшава,Нью-Йорк.
д)Хельсинки,Рим,Токио.
8.Дүние жүзі бойынша автомобиль жолының ұзындығы (км)
а)25 млн км
б)10 млн км
с)40 млн км
д)50 млн км
9.Шай өндіретін елдер:
а)Вьетнам,Лаос
б)Непел,Иран
с)Пәкістан,Ауғанстан
д)Үндістан,Қытай
10.Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты түрде қашан қосылды:
а)1984 ж
б)2004 ж
с)1994 ж
д)2009 ж
III. Жаңа сабақ.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-Әрбір туристік компанияда экономистер, гидтер-яғни туристерге қызмет ететін жол көрсетуші мамандар жұмыс жасайды.
Біздің бүгінгі сабағымызда оқушыларды осындай 3 топқа, бөліп отырмыз.
2. Оқулық мәтінімен жұмыс
- Әр топ өз саласы бойынша мәтінмен жұмыс жасай отырып, жауап беруге дайындалады.
Экономистер:Халықаралық туризм халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болғандықтан қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғы шарт болады.Х/а туризм үлесіне шамамен д/ж жіө-нің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10% тиесілі, мысалы:Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жіө-нің 25% ын береді.Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан х/а туризм 1- орында тұр.Жалпы шетел туристерін қабыдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады,оның үлесіне туристердің 60% тиесілі Америкаға шетел туристерінің 20%, Азияға 10% келеді.
Статистер:Қазіргі кезде х/а туризмнің ірі аудандары қалыптасқан, олардың әрқайсысының “мамандану” саласы бар. Слайд карта.
Әлемдегі ең ірі тау шанғысы туризмнің орталығы Альпі жылына 60млн туристерді қабылдайды.Д/ж туристерді көп қабылдайтын ел- Франция ( жылына 77млн адам). Германия (жылына 30 млн адам), Италия(жылына 40 млн адам). Испанияда туризмнің дамуынан мемлекет қазынасына 18млрд доллар қаржы түседі. Қытайда 1400 туристік агенттік жұмыс жасап , 2995 қонақ үй қызмет істейді.АҚШ жылына 50 млн туристерді қабылдайды. Біздің елімізде Алматы маңындағы Шымбұлақ мекенін х/а дәрежедегі туистік орталыққа айналдыру жоспарлануда.Түркияда х/а туризм ел қазынасна 500 млн АҚШ долларын әкеледі.
1-гид: Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады.Туристердің жиі баратын ауданы – Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңіз жағалауы.Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау, Кипр және Мальта аралдары ,Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы,Солтүстік Африканың курортты қалалары орналасқан.Таиланд пен Мұхит аралдарында,Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында,Бразили мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді.
2-гид: Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) Х\а туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу,бірнеше елмен танысу мүмкіншілігімен ұштастырылуымен түсіндіріледі.Туризмнің ұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі,Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.
3-гид: Туристердің көп баратын нысандарының бірі – қалалар. Еропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткіштері сақталған Еуропа қалаларына туристер көп келеді.Ондай қалалар Франция,Италия,Испания елдерінде орналасқан.
4-гид:Х\а туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Мұсымандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине, Түркістан қаласндағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі болып табылады. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігері Иерусалим қаласында шоғырланған.
3. «ХХІ ғасыр – туризм ғасыры» маршрутымен саяхатқа шығу ұсынылады.
Экономистерге – «Табиғаты ғажайып жерлерге турист ретінде бару»
Статистерге – «Адамзат жасаған ұлы құрылыстарға» саяхат жасау.
Гидтерге – «Қасиетті де жұмбақ ғажайыптарға толы өңірлерге саяхат» ұсынылады.
4. Сергіту сәті: «Тілек музыкамен»
5. Жарнама
Мұғалім: Жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру керек.
Елбасы биылғы жолдауында бұл туралы Үкіметке нақты тапсырма жүктеді.
Яғни, Қазақстан алдағы уақытта өндіру саясатын түбегейлі өңдеуші бағытқа бұрғаны жөн.
Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше.Олай болса әр топқа тапсырма: « ҚР-дағы туристік
агенттік Сіздерді шақырады» деген тақырыпта еліміздің белгілі бір жерлеріне туристерді
шақыру үшін жарнама ұсынады.
6. Бекіту
Тест сұрақтарына жауап:
1.Х\а туризмнің негізгі дамыған аймақтары:
а)АҚШ, Канада б) Багам және Гавай аралдары с)Еуропа д) Оңтүстік Азия
2. Туристер легі көп баратын елдер:
а)Лаос,Турция,Албания б) Испания,Франция,Италия с) Венесуэла,Колумбия,Эквадор
3.Сауықтыру,демалу,туризм үшін пайдаланылатын ресурстар:
а)мәдениет б)табиғи ресурстар с)рекреациялық д)тарихи
7. Үйге тапсырма.
§ 44.Туризм адамның күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітуге жәрдемдеседі.Біздің өлкеміздің
қай жерлеріне туристерді демалуға шақыруға болады,Осы тақырыпқа мәлімет жинап,
жарнама дайындау.
8.Рефлексия.
Минуттық эссе: Бүгінгі сабақтан алған әсерім...
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.