Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әлемді география арқылы таны -

Әлемді география арқылы таны

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4561 | Размер: | Автор: munira
. Әлемді география арқылы таны
(сыныптан тыс іс-шара)
Мақсаты:
Екі топтың Еуразия елдерінің халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін туғызу.География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту,оқушыларды ұйымшылдыққа , достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.

Өткізілу түрі: жарыс

Барысы:
Ұйымдастыру:Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.

Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта география пәнінен 7-ші сыныптар арасындағы өткізгелі отырған «Әлемді география арқылы таны» сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайық
І-топ 7 «А»сынып оқушылары-Азия елерінен келген
ІІ-топ 7 «Б» сынып оқушылары Еуропа елдерінен келген қонақтарымыз

Әділқазылар алқасымен таныстырайын

1.География пәнінің мұғалімі- Ташкенбаева Динара Тахировна
2 Тәрбие ісінің орынбасары-Калиева Багила Сагидоллаевна

Жүргізуші:
-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың жоспарымен таныс болайық

1.Топтардың өзін таныстыруы.
2. Капитандар сайысы. «Блиц турнир»
3. Бұл кім?Бұл не?
4. Артық сөзді табу
5.Сәтті сапар
6. Бұл қай ел?
7. Бейне сұрақ
8. Халықтың салт дәстүрі
9. Қорытынды.Марапаттау

1-кезеңі Топтар өздерін таныстары
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады
2-ші кезеңі. «Капитанлар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ
1.Дүниежүзінде қанша материк бар? (6)
2.Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі (Челюскин мүйісі)
3.Еуразияның биік тауы (Гималай)
4.Еуразияда неше климаттық белдеу бар? (7)
5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы)
ІІ-топ.
1. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)
2. Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі (Рокко мүйісі)
3. Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
4. Еуропадағы биік тау (Альпі тауы)
5. Еурапа елдері неше аймаққа бөлінеді? (4)

3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»
Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау
Миной- Еуразияның Крит аралында мекендеген ежелгі тайпалары
Уэд- (кеуіп қалған өзен арналары)
Терая- гималайдың етегіндегі батпақты жер (құбыжық)
Шұрат- шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында қалыптасады
Тайфун- қытай тілінен аударғанда «үлкен жел» деген мағынаны білдіреді
Тайга-қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы

4-кезең. «Артық сөзді табу»
Сөздер беріледі артығын табу керек
1.Африка,Америка,Еуропа,Антарктида,Арктика (Арктика)
2.Меконг,Висла,Амур,Янцзы (Висла-еуропа өзені,қалғандары Азияның өзендері)
3.Тянь-Шань, Альпі,Памир,Гималай,Сахара (Сахара-шөл)
4. Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)
5.Жапония,Қытай,Корея,Үндістан (Үндістан)
6.Вашинктон,Сидней,Сингапур,Астана,Пекин (Сингапур)

5-кезең. «Сәтті сапар»
Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.
1-топ 2-топ
1.Германия 1.Испания-
2.Ресей 2.Франция
3.Үндістан 3.Жапония
4.Қытай 4.Қазақстан
5.Ұлыбритания 5.Монғолия
Жауабы:
1. Берлин,неміс тілі 1.Мадрид,испан тілі
2.Мәскеу ,орыс тілі 2. Париж,француз тілі
3.Дели,ағылшын 3. Токио,жапон тілі
4.Пекин,қатай тілі 4.Астана,қазақ тілі
5.Лондон,ағылшын тілі 5.Ұлан-Батор,монғол
6-кезең. «Бұл қай ел?»
1-топ
Бұл Еуразия материгінде ,Орталық Азия бөлігінде орналасқан.Көлемі бойынша төртінші орын алады.Ол бес мемлекетпен шектеседі.Жер бедері алуан түрлі болып келеді.Оның теніз деңгейінен биік түктесі -6995 м. Климаты қоңыржай белдеуде континентті құрғақ болып келеді.Тілі-түркі тілдес елдерге жатады.Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Қазақстан)
2-топ
Дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет.Жерінің 97 % Азияда,ал 3% Еуропада жатыр.Солтүстігінде Қара теңіз,батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңіз сулары шайып жатыр.Халықаралық туризм өте жақсы дамыған. Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Туркия)

7-кезең. «Бейне сұрақ»
Биология мұғалімі:Қазақстандағы қай қорықта қоқиқаз құсы қорғалады?
Жауабы: Қорғалжын қорығы
Тарих мұғалімі: «Орталық Қазақстанды зерттеген қазақ жерінен шыққан саяхатшы» .Жауабы: Шақан Уалиханов.
8-кезең. «Халықтың салт дәстүрі»
Әр топ қалаған елдерінің салт дәстүрін көрсетеді

9. Қорытынды.Марапаттау
Әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.