.
.
Каратаева Куляйша Сакеновна Үндістан
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3128 | Размер: | Автор: Нартай4540Қостанай ауданы
Н.Наушабаев атындағы
Затобол орта мектебінің
география пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Үндістан
Өтілген сыныбы: 11 сынып
Өтілген күні: 10.10.2014 жыл
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:
Білу:
Үндістанның құрылымын,ЭГЖ,қалыптасу тарихын,геосаяси жағдайын,ТЖ,ТР,халқы жайында білу керек
Түсіну:
Үндістанның ЭГЖ,ТЖ,ТР,халқының ерекшеліктерін айқындап түсіну керек
Қолдану:
Себеп-салдар байланыстарын анықтағанда білімдерін қолдану керек
Талдау:
Үндістандағы діндердің таралуын /127 беттегі карта бойынша/ талдау керек.
Жинақтау:
-Неге Үндістанның ЭГЖ шаруашылығын дамытуға қолайлы?
-Жеке тапсырма
Үндістан халқының орналасу ерекшеліктерін анықтап,оның себептерін түсіндір /интернет мәліметтері мен атлас бойынша/
-ҰБТ-ға байланысты ең маңызды деректер бойынша білімдерін жинақтау керек
Бағалау:
Эссе. «Үндістанның ТР шаруашылық құрылымын анықтауға негіз бола ма?»
Кері байланыс «Бүгінгі сабақ жайында не айтар едің?» стикерге жазу керек.
Оқып-үйренудің нәтижесі:
Білу:
Үндістанның құрылымын,ЭГЖ,қалыптасу тарихын,геосаяси жағдайын,ТЖ,ТР,халқы жайында біледі
Түсіну:
Үндістанның ЭГЖ,ТЖ,ТР,халқының ерекшеліктерін айқындап түсінеді
Қолдану:
Себеп-салдар байланыстарын анықтағанда білімдерін қолданады
Талдау:
Үндістандағы діндердің таралуын талдайды
Жинақтау:
-Неге Үндістанның ЭГЖ шаруашылығын дамытуға қолайлы?
-Жеке тапсырма
Үндістан халқының орналасу ерекшеліктерін анықтап,оның себептерін түсіндір
ҰБТ-ға байланысты ең маңызды деректер бойынша білімдерін жинақтайды
Бағалау:
Эссе. «Үндістанның ТР шаруашылық құрылымын анықтауға негіз бола ма?»
Кері байланыс «Бүгінгі сабақ жайында не айтар едің?» стикерге жазады
Үйрену мақсатын да бағаны қоса, бағалау
кері байланыс, суммативті бағалау, формативті бағалау/мұғалімнің сабақ соңында бағалауы/
Барлық балаларды сабаққа қатыстыру:
Жеке, топпен жұмыстар
Негізгі дерек көздер, ресурстар:Оқулық, презентация , 1-топ ресурстары- §28- 1,2 тақырыпша,атлас,карта, 2-топ ресурстары- §28 -3 тақырыпша,қиынды суреттер,атлас,3-топ ресурстары-§29-1 тақырыпша,атлас, интернет мәліметтері үшін ноутбук, /интернет мәліметтері мен атлас бойынша/
Модульдердің түйінді идеясын ашуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Тренингті және топқа бөлуді оқушылар өздері ұйымдастырады-мұғалімнің алдын-ала ескертуі бойынша /4 минут/ талантты және дарынды балаларды оқыту және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді ашу.
Суреттерді көрсету арқылы тақырыпты ашу және оқушылардың мақсат қоюы /2 минут/, «Дана үкі» /оқу- 5 минут,тапсырманы орындау- 15 минут,қорғау- 6 минут/ әдісі бойынша тапсырмаларды оқып-үйрену,бағалау- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және сыни тұрғыдан ойлануға үйрету модульдерін жүзеге асыру.
«Дана үкі» әдісімен жаңа тақырыпты оқып-үйрену тапсырмалары
1-топ
Мемлекеттің құрылымы,ЭГЖ, қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайының ерекшеліктерін сипаттайтын ертегі құрастыру /тақтадағы картаны және атласты пайдалану/
2-топ
Қиынды суреттерді және мәтін деректерін пайдаланып,Үндістанның ТЖ және ТР сипаттау
3-топ
Кесінді жолақтарды және мәтін деректерін пайдаланып, Үндістанның халқын сипаттайтын сызба құрастыру және Үндістан халқы жайында қызықты деректер айту, яғни интернеттен қызықты мәліметтер алу барысында
-Жеке тапсырма
Үндістан халқының орналасу ерекшеліктерін анықтап,оның себептерін түсіндір /жеке тапсырма ҰБТ-да география таңдаған оқушыға берілді, оқушы атластардағы тақырыптық карталармен және интернетпен жұмыс жасайды-ресурс: 7,10,11 сынып атластары,ноутбук/ /қорғау-2 минут/ -талантты және дарынды балаларды оқыту
Жаңа сабақты игеру кезінде - АКТ пайдалану.
Бас бармақты үш түрде көрсету арқылы формативті және сабақ соңында сумативті бағалау,
Эссе. «Үндістанның ТР шаруашылық құрылымын анықтауға негіз бола ма?»
/5-минут және жинақтау сұрақтарына 3-минут/
кері байланыс/1 минут/ - оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін пайдалану.
Үйге тапсырма:
§28, 29
Жеке тапсырма /презентация дайындау/
«Үндістан ерекше ел»
Сабақ кезеңдерінен суреттер:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.