.
.
Сабақтың тақырыбы: Орал физикалық-географиялық аймағы Орал физикалық-географиялық аймағы
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2755 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға Орал физикалық-географиялық аймағы туралы түсінік бере отырып, аймақтың ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар мен бастау алатын өзендер туралы білім беру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмыста өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Қазақстанның физикалық картасы, оқулық.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
I. Сәлемдесу
II. Оқушыларды түгендеу
III. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
IІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сарыарқа физикалық-географиялық аймағы тақырыбы бойынша сұрақтар:
ІІІ. Жаңа сабақ
Жер бедерінің барлық пішінін Қазақстан территориясынан кездестіруге болады. Ұзақ уақыт геологиялық тарихи дамуы нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері қалыптасқан.
Жер бедерінің пішіндері
Ойпаттар мен жазықтар Үстірттер мен қыраттар Аласа және биік таулар
Ойпаттар мен жазықтар
Каспий маңы ойпаты Батыс Сібір жазығы Тұран ойпаты
Үстірттер мен қыраттар
Үстірт Торғай үстірті Орал алды (Жем) үстірті Жалпы сырт қыраты Бетпақдала үстірті Балқаш маңы жазығы
Таулар
Аласа таулар Орташа таулар Биік таулар
1000-2000м 2000-3000м 3000м
Аласа таулар
Сарыарқа
Ақсораң (1565 м) Мұғалжар
Үлкен Боқтыбай (657) Маңқыстау таулары
Бесшоқы (556м)
Оқушылар физгеографиялық аудандастыру дегеніміз не?
ФГА дегеніміз –аймақтың геологиялық құрылымы, тектоникалық құрылысы, тектоникалық қозғалыстардың жүру үрдісі бірдей, климат типі мен ауа райы алып келетін циркуляциялық және радиациялық режимі ортақ, өзіне тән гидротермикалық режимі тән территория. Оның негізін Н.С.Гваздетский қалаған.
Қазақстан жері климатына, жер бедерімен, геоглогиялық құрылысы ерекшелігіне байланысты 9 физгеографиялық аймаққа жіктеледі:
1. Шығыс Еуропа жазығы
2. Солтүстік Қазақ жазығы
3. Тұран жазығы
4. Сарыарқа
5. Орал
6. Алтай
7. Жетісу Алатауы
8. Сауыр-Тарбағатай
9. Тянь-Шань
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Орал тауына физгеографиялық аймағы.
І. Орал тауына физгеографиялық сипаттама
Орал аймағы туралы ең алғашқы мәліметтер б.з.б 5 ғ. Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегіне енгізген. Орыс ғалымдары Жайық өзенін, Орал, Жалпы Сырт қыраты, Жем, Еділ өзендерін зерттеген.
1.1. Географиялық орны
Орал тауы Еуропа мен Азияны бөліп тұрған шекара. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м).
1.2.Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Оқушылар еске ала кетсек Орал тауы ескі таулардың қатарына жататынын 6 сыныпта өттіңдер. Яғни ол миллиондаған жыл бұрын пайда болып, уақыт өткен сайын оның шыңдары мұжілім, аласараған, көп жерлері тегістеліп, аласа төбелерге айналған.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен.
1.3. Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Қ.Сәтпаев мұнай кен орнын Орал-Ембі ашқан.
Орал-Ембі өзен аралығында геологиялық-барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде Мартыши (1962), Оңтүстік Батыс Қамысты (1962), Жаңаталап (1964), Гран және Октябрьское (1969) жаңа кен орындары ашылды.
1.4. Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
1.5. Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
Орал алды(Жем) үстірті - Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Ақтолағай қырқасы - Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.
Жайық өзені –Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Жем(Ембі) – Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады
Қайнар– Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жерімен ағып өтеді. Ошан тауының солт. етегіндегі бұлақтан бастау алады. Ұз. 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Суы ащы. Кей жылдары өзен суы тартылып қалады.
Ойыл – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.Ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды (ертеде Жайық өзеніне құйған). Жер асты, жауын-шашын суымен толығады.
Елек, Елік — Жайық алабындағы өзен. Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк ауд-ндары), Батыс Қазақстан (Бөрлі ауд.) обл-тары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұз. 623 км. Жайыққа сол жағынан құяды. Қар және жерасты суымен толығады.
Ор – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 314 км, су жиналатын алабы 18600 км2. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.
IV. Қорыту мен бекіту сұрақтары
Венн диограммасы
Сарыарқа Ұқсастығы Мұғалжар
1. Орал тауының Қазақстандық бөлігі қалай аталады?
2. Орал тауының топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі қандай?
3. Орал тауының негізгі климаты
4. Таудан бастау алатын өзендер мен олардың маңызы.
V. Үй тамсырмасы
Орал физгеографиялық аймағы.
1. Контур картаға Орал физгеографиялық аймағы мен одан бастау алатын өзендерді түсіру
2. Қазақстанның физикалық географиясына арналған жұмыс дәптерді толтыру.
VI. Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.