Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орманды дала және дала зоналары -

Орманды дала және дала зоналары

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 311 | Просмотров: 2534 | Размер: 10.1 Kb | Автор: munira
. Қаратөбе мектеп-гимназиясының
география пәнінің мұғалімі
Сүлейменова Ләззат Батырбекқызы
Орманды дала және дала зоналары
Мақсаты: а) Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы
бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты
табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру.
Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының
дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру;
б) Оқушылардың жаңа технологиямен жұмыс жасау дағдыларын
одан әрі қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасай білуге
дағдыландыру;
в) Орманды дала және дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен
сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, жинақтау, анықтау
Көрнекілігі: электронды оқулық, зоналар бойынша кеппешөптер, өсімдік және жануарлар әлемі (суретті энциклопедиялар), буклеттер
Пәнаралық байланыс: биология, өлкетану, жаратылыстану
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың орманды дала және дала зоналарының айыра алуы, картадан табиғат зоналарының шекарасын нақты анықтай білуі
Не арқылы: салыстыру, карта бойынша анықтау, сәйкестендіру, жинақтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1) Сұрақ-жауап
1. Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуна климаттың қандай әсері бар?
3. Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?
4. Өсімдіктер мен жануарлар жазықтарда және тауларда қалай таралады?
5. Табиғат зонасы дегеніміз не?
6. Ол қандай компоненттерден тұрады?

2) Қазақстанның табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтаңыз.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушылар электронды оқулықтан жаңа сабақтың мәтімен танысады.

қ/с
Табиғат
зоналары Климаттық жағдайлар Топырақ түрлері Өсімдіктері Жануарлары
1 Орманды дала (Қазақстан территориясының 0,4%-ын алып жатыр) Жалпы жер көлемі 1 млн га. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін қамтиды. Жазғы шілде +180-+200 қаңтардың орташа температурасы -170-190 кейде -510-530. Жауын- 300-350 мм мөлшерінде Орманның сұр топырағы, қара топырақ (қалыңдығы 75 см). Солтүстікте 9% шірінді, оңтүстікте 6% шірінді. Бетеге, боз, бидайық, арпабас, қайың, қоңырбас, құлпынай, қарағай, қияқ, ебелек, жоңышқа, қояншөптер. 10 млн га ауданды алып жатқан ормандарында қайың, емен, жөке, қандыағаш, көктерек және қарағайлар бар. Дуброва, Мамлют қорықшасындағы ормандар қорғауға алынған. Саршұнақ, сұртышқандар, егеуқұйрық, қосаяқтар, тышқандар, түлкі, елік, қасқыр, сусар, бұлан, тоқылдақ, көкек, күйкентай, қараторғай. Ормандарында тиін, құр, сұңқар. Көлдерінде тырна, үйрек, қаз, шағала, ондатр.
2 Дала
(республиканың жер көлемінің 29%-ын алып жатыр). Жалпы жер көлемі 77 млн. га. Зонаға Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.
Климаты континентті. Шілдеде +180+230 кейде +200+240, қаңтарда -160-тан -180-қа дейін. Жауын-шашын – 300мм. (220-310мм) Қара және қызыл қоңыр; қою қызғылт кейде сортаң топырақты жерлер кездеседі. Топырағында 6 шірінді бар. Бұл зонаның басқалардан ерекшелігі, 28 млн га жер 1954-59ж. Тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында жыртылған. Боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, жайшөп, жусан; Емдік қасиетті итмұрын, меңдуана, жанаргүл, бидайық, қияқ, құрақ, шайшөп, дәрілік валериандар. Наурызым және Қорғалжын қорығы бар. Саршұнақ, қосаяқ, алақоржын, қасқыр, борсық, суыр, қарсақ, ақбөкен. Безгелдек, тырна, бозторғай, бүркіт, батпақ құстары, қаз, шағала, үйрек, аққұтан, қызыл үйрек, сары ала қаз, аққу, торғай. 16 кг салмақ беретін дуадақ құсы бар.
ІІІ. Бекіту тапсырмалары:
1) Сан және әріптерді пайдаланып, әр табиғат зонасына тән белгілерін көрсету.

Зоналардың белгілері Зоналар
1. Батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты қамтиды, шамаман 540-550 с.е. аралығында орналасқан.
2. Қазақстан жеріне тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді.
3. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін алып жатыр.
4. Топырағы қара және қызыл қоңыр типіне жатады.
5. Бұл зонада Дуброва, Мамлют қорықшалары орналасқан.
6. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында зонаның 28 млн га жері жыртылған.
7. Шөптесін өсімдіктерден боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, қаңбақ өседі.
8. Зонада құстардан дуадақ бар. Кейбіреуінің салмағы 16 кг-ға жетеді. А – орманды дала зонасы
Ә - дала зонасы

А –
Ә -


2) Орманды дала және дала зоналарын салыстырыңыз.
Орманды дала зонасы Ұқсастығы Дала зонасы


3) Тест жұмысы.

1. Қазақстанның дала зонасының кеміргіш жануарлары:
А) Саршұнақ
В) Қарсақ
С) Қасқыр
Д) Борсық
Е) Қоян
2. Қазақстанның Солтүстігінде таралған орманды дала топырағы:
А) Құмлы-сазды топырақ
В) Қара топырақ
С) Құм топырақ
Д) Күлгін топырақ
Е) Ферралит топырақ
3. Қазақстанның дала зонасының көлемі. (%)
А) 26%
В) 28%
С) 23%
Д) 25%
Е) 29%
4. Орманды дала зонасында Қазақстнның ... бөлігі орналасқан.
А) Батыс шекарасында
В) Солтүстік-батыс
С) Оңтүстік
Д) Солтүстік
Е) Оңтүстік-шығы

5. Қызыл қоңыр топырақ аймағы:
А) Таулы аймақ
В) Дала
С) Шөл
Д) Орман
Е) Орманды дала
6. Дала зонасы топырағында өсетін өсімдіктер.
А) Қайың, ақтерек, сәбізшөп, тошала
В) Жантақ, сексеуіл, қоңырбас, көкнәр
С) Қайың, тошала, жантақ, изен
Д) Изен, ебелек, көкбек, жатаған
Е) Боз, бетеге, бидайық, арпабас
7. Қазақстанның орманды дала зонасында өсетін өсімдіктер.
А) Жолжелкен, жауқазын, қызғалдақ
В) Қараот, ебелек, түйеқарын
С) Мия, құм акациясы, адыраспан
Д) Жусан, изен, теріскен, көкпек
Е) Арпабас, бидайық, жабайы құлпынай
8. Даланың 16 кг-дық құсы:
А) Тырна
В) Қаз
С) Дуадақ
Д) Шағала
Е) Гагара

ІҮ. Үй тапсырмасы:
1) § 38 Орманды дала және дала зоналары
2) Кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.
3) Орманды дала және дала зоналарындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тізімін жасау.

Әдебиеттер:
1) Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков, Қазақстанның физикалық географиясы 8 сынып
2) Б.Асубаев, Г.Сүлейменова, Қазақастанның физикалық географиясы, Оқыту әдістемесі.
3) Қазақстанның физикалық географиясы, хрестоматия
4) Қазақстанның өсімдіктер дүниесі (суретті энциклопедия)
5) А.А.Иващенко, Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы,Қызыл кітап беттерінен (энц)
6) Животный мир Казахстана , энциклопедия

Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.