.
.
Сабақтың тақырыбы: Ресейдің экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Ресейдің экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2346 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға Ресейдің экономикалық - географиялық
жағдайы туралы мәлімет беру, шекараларына тоқталу, мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайын баяндау.
б) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Ресейдің экономикалық картасы, Дүниежүзілік саяси картасы, атлас, кескін карта.
Пән аралық байланыс: Тарих.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты қорыту.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушылардың білімін бағалау.
I. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу Оқушыларды түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
§ 44. ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
1. ТМД – Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынтымақтастық одағы.
2. Экономикалық байланыстары.
3. Әлеуметтік – мәдени байланыстары.
4. ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар.
«Кім тапқыр?» ойыны (картамен жұмыс)
ТМД елдерінің мемлекеттік туын, атын, ел басшысын тез тауып беру, айту.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
§ 45. Ресейдің экономикалық – географиялық жағдайы.
Мемлекеттік қалыптасу тарихы.
Сонымен бүгінгі сабақта ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі ел – Ресей Федерациясына тоқталамыз.
1. Экономикалық – географиялық жағдайы.
2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
3. Геосаяси жағдайы.
4. Әкімшілік – аумақтың құрылымы.(картамен жұмыс)
Жерінің ауданы – 17, 1 мың км².
Халқы – 143, 6 млн адам (2004ж.)
Астанасы – Мәскеу.
Мемлекеттік құрылымы – Федерациялы Республика.
Мемлекет басшысы – Президент.
Заң шығарушы орган – Мемлекеттік Дума.
Үкімет басшысы – Премьер - министр.
Мемлекеттік тіл – орыс тілі.
Ұлттық валютасы – рубль.
Экономикалық - географиялық жағдайы. Ресей Федерациясы (РФ) – Еуразияның солтүстік - шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км - ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.
Ресей аумағының 14 - і Еуропада, 34 - і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың сулары шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекараларының жалпы ұзындығы 58, 3 мың км, соның ішінде теңіздік шекаралар 38 мың км - ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономика -
лық - географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені, Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекаралары жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен, Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік - Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің Тынық мұхиттық жағалауы, Азия - Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Ресей – сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шөптері жоқ аймақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі ХIV - XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80 - жылдарына карай татар - монғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері бір -
тұтас мемлекетті құрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік – батысындағы, шығысындағы, оңтүстік – шығысындағы аумақтарды
Күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды.
XVII ғасырдан ХХ ғ. бірінші жартысына дейін Ресей империя -
сын Романовтар династиясы басқарды. Федор Михайлович Романов XVII ғ. бірінші жартысында таққа отырады. І Петр патша -
лық еткен кезеңде «Европаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей саясаты бағытының Шығыстан
Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. 1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті – Империя деп атала бастады. Орыс мемлекетінің бірінші императоры І Петр таққа отырады. (эпипроектордан суреттерді көрсету).
Ресейдің ХХ ғасырдағы жаңа тарихы. Ресейде 3 төңкеріс болды:
1. 1905 - 1907 ж. бірінші орыс революциясы деп аталды.
2. 1917 ж. ақпандағы төңкерісте ІІ Николай тақтан құлады, Қос
Өкімет орнады.
3. 1917 ж. қазан төңкерісінің нәтижесінде Кеңес Өкіметі орнады.
1917 ж. қазанынан 1918 ж. наурызына дейінгі аралықта жер - жерде Кеңес Өкіметі орнап, билік жұмысшылар қолына берілді.
1918 - 1920 ж. Ресейде азамат соғысы болды. Азамат соғысы дегеніміз – контрреволюционерлерге және шетел интервентте -
ріне қарсы соғыса отырып, Отаннан қорғады.
1922 - 1991 ж. аралығында КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) өмір сүрді. Ол 15 Социалистік Республикадан тұрды. 1941 - 1945 ж. Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыста 27 млн халқынан айырылды. 1924 - 1953 ж. аралығында мемлекеті Иосиф Виссарионович Сталин басқарды. Сталин кезінде 1930 - 1932 ж. ашаршылық. 1937 - 38 ж. жаппай қуғын сүргін жылдары болды. Қоғам қайраткерлері, әдебиетшілер, өнер қызметкерлері «Халық жауы» деген атпен атылып кетті. 1953 ж. 5 наурызда Сталин қайтыс болады. КОКП 20 съезінде Никита Сергеевич Хрущев баяндама жасап, Сталиннің жеке басына табынуы туралы айыптап, «Халық жауы» деп аталғандар ақталды.
Н. С. Хрущев 1953 - 64 ж. аралығында КОКП Орталық комитетінің Бас Хатшысы болып сайланды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта Ю. А. Гагарин Восток кораблімен ғарышқа ұшты. Ғарышта 108 минут болды.
1991 ж. КСРО ыдырап, Ресей Федерациясы құрылды. 1991 - 1999 ж. Борис Николаевич Ельцин, 26 март 2000 - 2008ж. В. В. Путин, 2008 жылдан бастап Дмитрий Медведьев Ресей Федерациясының Президенті болды.
Геосаяси жағдайы. Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.
НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ - пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, қырғи қабақ соғыс саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуден гөрі, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.
Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарына саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп, келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.
Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық – Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан - жақты байланыстар Орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік - Шығыс Азия және Үндістанмен қарым - қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.
Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге қатысты оның «Байқоңыр» ғарыш айлағының аймақтық жағынан ғана емес, сонымен бірге орбиталық ғарыш станциялары арқылы ғарышкер басқаратын ғарыш кемелерінің ұшуымен де байланысты. Қазақстан әлемдік космонавтикаға тек өте сирек кездесетін ғарыш кешенінің иесі және арендаға беруші ғана емес, өзінің ғылыми ғарыштық бағдарламасы өзінің ғарышкерлері бар ел ретінде белгілі. Мысалы, Қазақстанның бірінші ғарышкері Т. Әубәкіров «Мир» орбиталық станциясы арқылы 1991 жылы ғарышқа ұшты.
Қазақстандық ғылыми - ғарыштық бағдарламаның және эксперименттің бастамасын жасады. Бұл бағдарламаның одан әрі жүзеге асуы қазақстандық екінші ғарышкер Т. Мұсабаевтың 1994, 1998 және 2001 жылдардағы халықаралық ғарыш станциясы арқылы ұшу сапарында іске асты.
Байқоңыр ғарыш алаңында ғарышқа ұшырылатын зымырандар сынақтан өтеді. Сонымен бірге ғарыш айлағы саяси полигон болып қалуда. Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылдан бері 40 - тан астам ғарышкер ұшырылды.
1994 жылы 28 наурызда Қазақстан және Ресей елдері басшылары арасында «Байқоңыр» кешенін 20 жылға Ресейге жалға беруге қол қойылды. «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру өзара экономикалық тұрғыда бағалы болуда. Ресей жыл сайын 115 млн доллар бөлінуде. Бұл келісім Ресей Федерациясына ғарышты игеру барысында табыстарға жетуіне мүмкіндік жасады.
2005 жылдың сәуір айында Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бойынша Байқоңыр ғарыш кешенін онан әрі дамыту жайлы мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
«Байқоңыр» ғарыш кешенінде қазақстандық мамандар санын арттыру, сондай - ақ Байқоңыр қаласында білім беру мен дәрігерлік қызмет көрсетуді дамыту мәселелері қаралды.
Байқоңыр кешені 1955 жылы салынған. Қазір ғарыш айлағы негізінде ең жоғары экологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі жаңа ғарыштық ракеталық «Бәйтерек» кешені жасалынуда. Астанадағы екі жақ өкілдерінің рәсімі кезінде бұлардың қаржылық қоры 400 мың АҚШ доллары көлемінде болатыны анықталды. 2005 жылы наурыздың соңында Қазақстан мен Ресей аралығында «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорыны құрылды. Бірлескен кәсіпорын акционерлік қоғамының мүддесін қорғайтын өкілетті тұлға – Ресей батыры, Қазақстанның халық қаһарманы – Талғат Мұсабаев. «Бәйтеректің» пайда болуын біздің еліміздің, жас мемлекетіміздің ғарышты игеруге тәуекел деп бет бұрғанының белгісі деп түсінгеніміз жөн.
Қазіргі ғарыш игерумен атағы әлемге таралған, әрі өте экологиялық қауіптілік төндіріп жатқан «Байқоңыр» тек атмосфералық ауа мен жер үстіндегі кеңістіктегі бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге жер астынан суын да сарқуға айналды. Байқоңыр жылдық мерзімін ұзартумен қатар Ресей Қазақстанның ғарышты игеру жұмыстарына жан - жақты көмек көрсететіні айтылды. Осы келісім бойынша «Ангара» зымыран - ғарыш кешені базасында қоршаған ортаға, ауа мен жерге экологиялық зиян келтірмейтін «Бәйтерек» ғарыш - зымыран кешені салынатын болды. Бір сөзбен айтқанда «Бәйтерек» ғарыш - зымыран кешені маңызды халықаралық жоба болып саналады.
Әкімшілік - аумақтық құрылымы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 9 дер - бес округ, 1 дербес облыс, 6 өлке, 49 облыс, 2 қала (Мәскеу мен Санкт-Петербург) енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т. б. тағайындалған.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Ойлан да жауап бер» ойыны. Ойынның шарты: 1 цилиндрде – тарих, 2 цилиндрде – география пәндері бойынша сұрақтар бар. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
Тарих сұрақтары:
1. XIV - XV ғ. Ресейдің тарихы.
2. Қай жылы Орыс мемлекеті – Империя деп аталады?
3. КСРО - да биліктің тоталитарлық жүйесі қай кезде қалыптасты?
4. КСРО ыдырағаннан кейін ТМД құрылуының себебі?
5. Ресей империясының тұңғыш императоры кім?
География сұрақтары:
1. Ресейдің жерінің ауданы қанша?
2. Ресейдің шекарасының ұзындығы?
3. Ресеймен көршілес мемлекеттерді ата, картадан көрсет.
4. Ресей неше сағаттық белдеуде жатыр?
5. Ресей Федерациясы құрамына неше федерациялық бірліктер енеді?
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
Ресейдің орналасқан орнының пішімділігін, геосаяси жағдайына әсерін, әкімшілік құрылымының күрделі екенін талдап, дәптерге жазып алу.
VI. Үйге тапсырма беру.
§45. оқып келу, кескін картаға саяси - әкімшілік құрылымын түсіру, шекараларын, шектесіп жатқан елдерін кескін картаға түсіру.
VII. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.