.
.
Сабақ тақырыбы: Судың тірі ағзалар үшін маңызы Судың тірі ағзалар үшін маңызы.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 333 | Просмотров: 6009 | Размер: 103.0 Kb | Автор: muniraМақсаты:
1.Тірі ағзалар үшін судың маңызын, тіршілік те атқаратын ролін түсіндіру.
2.Суды қорғау және тиімді пайдалану туралы ой-өрістерін кеңейту.
3.Судың қадірін біліп,қастерлеуге,су көздерін қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карта,суреттер,үлестірмелер
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгіме, интерактивті
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Сөйлемді аяқта»
1.Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын ағын суды-
2.Өзеннің басталатын жері-
3.Өзеннің белгілі бір жерге барып құятын жерін-
4.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен-
5.Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен-
6.Қазақстандағы ең ұзын және суы мол өзен-
ІІІ Жаңа сабақ
Слайд арқылы жаңа сабақты талдау,қорытынды жасату,түсіндіру.
-Су туралы қазақ халқының қандай мақал-мәтел,нақыл сөздер,аңыз-әңгімелер білесіңдер?
Тірі ағзаларға нелер жатады?
-Адам денесінің 65 пайызын су құрайды.
-Өсімдіктерде бойында болатын су бұдан да көп.
-Қарбыз,қиярдың 90 пайызы су.
-Теңіз жәндігі медузаның 97-98 пайызы судан тұрады.
-1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет
Оқулықпен жұмыс.
Су- көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып табылады
Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген-жүзбе қанаттары,ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады.
Жер шарының қанша пайызын су алып жатыр?
Оның қаншасы тұщы су?
Адам баласы суды
не үшін,қандай мақсаттарда қолданады?
Қорытынды жасау:
Сонымен , “судың тірі ағзалар үшін маңызы қандай?” деген сұраққа жауап таба алдық па, қандай қорытынды жасауға болады?
Бүгінгі сабақтан:
Нені білдім Нені түсіндім
Үй тапсырмасы:
§ 24 оқу, “Суды қалай қорғауға болады?” деген сұраққа өз ойын жазу.
Өмірлеріңіз судай таза,мөлдір де тұнық болсын!
Назарларыңызға рақмет!
«Белоградов орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
5 сынып
Тақырыбы:
«Судың тірі ағзалар үшін маңызы»
Өткізген : Далелхан Мейрамбек
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.