.
.
«Табиғат-тіршілік бесігі» танымдық географиялық сайысы «Табиғат-тіршілік бесігі» танымдық географиялық сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3015 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Оқушыларды жаратылыстану, география, экология салалары
бойынша алған білімдерін жинақтап, оларды тез, шапшаң ойлап
еске түсіруге, табиғат сырларын ашуға, білуге деген
құштарлықтарын арттыру.
Қатысушылар: 5-6 сыныптар
Көрнекіліктері: ҚР физикалық картасы, сайыстың аты жазылған плакат, табиғат суреттері, шарлар.
Сайыстың барысы: Жоспары:
1. «Жұмбақтар шешу» сайысы
2. «Білектесу ойыны»
3. «Тақпақ айту» жарысы
4. «Мақал-мәтелдердің жалғасын табу»
5. Музыкалық үзіліс
6. «Мен-саған, сен-маған» ойыны
7. «Сөздер құрау» жарысы
8. «Бәйге» ойыны
Жүргізуші: Қазіргі атом ғасырында жер шарымыздың әр түкпірі зерттеліп, жануар мен өсімдіктері халық игілігіне айналып отыр.Жерде өсімдіктердің 500 мың түрі, жануарлардың миллиондаған түрлері бар.Ғылымның біз білмейтін жаңалықтары мен ғалымдар зерттеген құбылыстар да көп кездеседі.Сіздер бүгін жаратылыстанудан алған білімдеріңізді, өз ізденімпаздықтарыңызды байқау мақсатында ойынға қатысып сынамақсыздар.Бүгін сіздер «Табиғат-тіршілік бесігі» танымдық географиялық сайысына қатысуға қош келдіңіздер.Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Алғашқы тур «Жұмбақтар шешу»
1.Айт десе жүгірмес, суға тисе сілкінбес.2.Аспай піскен, қайнамай түскен.3.Жабық астында жарты күлше.4.Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді.5.Тақиям толы сөк, таңертең тұрсам жоқ.6.Таң ата үйге толады, кеш бата жоқ болады.7.Сүйегі қатты, миы тәтті.8.Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым.9.Тікен-тікен тік пісте,қысы-жазы бір түсте.10.Дәмі де түсі де жоқ, пайдаланбас кісі де жоқ.
2 тур «Білектесу ойыны».
Әрбір командадан екі қыз, екі ұлдан шығады.Жеңілген оқушы сұрақтарға жауап береді.
1.Егінді, шалғынды бейсуат баспайды.Обал болады.
2.Ауылға атпен шауып келме.
3.Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
4.Жерді сабалама, жерді теппе.
5.Көкті жұлма.
6.Су ішкен құдығына түкірме.
7.Айға қарап қол шошайтпа.
8.Аққуды атуға болмайды.
3 тур «Тақпақтар айту жарысы»
Әрбір сыныптан оқушылар табиғат туралы тақпақтарын айтып, жарысады.Қай сынып көп тақпақ айтады, сол жеңіске жетеді.
4 тур «Мақал-мәтелдердің жалғасын табу»
1.Сәуір болмай-тәуір болмас.2.Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін.3.Үлкенге құрмет, кішіге ізет.4.Жат елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.5.Көрмеген жердің-ой-шұңқыры көп.6.Ат баспаймын деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді.7.Ат кісінескенше, адам түсініскенше.8.Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.9.Әншейінде ауыз жаппас-той дегенде ауыз ашпас.10.Есек мақтанып тұлпар болмас,қарға мақтанып сұңқар болмас.
5 тур «Музыкалық үзіліс»
Әрбір сынып өздері дайындап әкелген табиғатқа байланысты музыкалық қойылымдарын көрсетеді.
6 тур «Мен-саған, сен-маған»
5 сынып оқушылары 6 сыныпқа өздері дайындап әкелген 5 сұрақтарын, ал 6 сынып оқушылары 5 сыныпқа әзірлеп келген 5 сұрағын қояды.
7 тур «Сөздер құру»
Екі сыныпқа бір-бір сөзден беріледі, сол сөзден көп сөздер кұрау керек.
5 сыныпқа «Алатау», 6 сыныпқа «Қаратау» сөздері берілді.
8 тур «Бәйге»
5 сынып сұрақтары
1.Қазақстанның бұрынғы астанасы?
2.Жердің кішірейтілген бейнесі?
3.9 нөлі бар сан қалай аталады?
4.Өткенді заттай деректер бойынша зертттейтін ғылым?
5.Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
6.Ең алғаш географиялық картаны жасаған кім?
7.Жердің су қабығы?
8.Ең кіші материк?
9.Заттардың ең кішкентай бөлігі?
10.Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар?
6 сынып сұрақтары
1.Қазақстан қай материкте орналасқан?
2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
3.Желдің бағытын анықтайтын құрал?
4.Жауын ең көп жауатын жер?
5.Қазақтың тұңғыш географ ғалымы?
6.Экватордың ұзындығы?
7.Жердің ішкі құрылымы?
8.Географияның атасы кім?
9.Ең биік тау?
10.Ең үлкен материк?
Жүргізуші: Құрметті ойынға қатысушылар мен оқушылар!Бүгінгі танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті.Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Ойын соңында жеңіске жеткен сынып пен өз білімділіктерін танытқан оқушылар марапатталады.
«Табиғат-тіршілік бесігі» атты географиялық танымдық ойыннан көріністер
Ақбота(5кл) пен Амангүл(6кл)күш сынасуда Наргиза мен Кенжегүл өлең оқуда(5кл)
Диана тақпақты көп біледі(6кл) Әділқазылар мүшелері
наргиза
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.