.
.
Сабақтың тақырыбы: Таза заттар және қоспалар Таза заттар және қоспалар
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 448 | Просмотров: 4050 | Размер: 10.2 Kb | Автор: muniraСабақтың мақсаты: Таза және қоспа заттар туралы оқушы білімін
жетілдіру, өз ойларын ортаға салу.
Оқушының белсенді ақыл – ой ізденістерін ынталандырып,
ойлау қабілетерін дамыту
Табиғат – Ананы қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу арқылы
дүниетанымдық қабілетін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сарамандық
Сабақтың әдісі: баяндау, тәжірибе.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, кеспе қағаздар, тест ,көңіл күй картасы, венн диаграммасы, химимялық приборлар.
Пәнаралық байланысы: химия, бейнелеу, география.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест, сыр сандықта жасырылған кеспе қағаздар арқылы.
1. Диффузия дегеніміз не?
2. Қандай тәжірибе арқылы көрсете аламыз ?
3. Диффузияның ауада таралуын тәжірибе арқылы көрсет ?
4. Сұиықтағы диффузия құбылысына мысал келтір ?
5. Жылыудың әсерінен заттың несі өзгереді оны қалай байқаймыз мысал келтір ?
1. Қайсысы физикалық дене?
а/ кесе, қарындаш, машина. ә/ әйнек, ағаш, кесе, қарындаш. б/ шыны, фарфор, ағаш.
2. Қайсысы затқа жатады?
а/ шыны, фарфор, ағаш. ә/ кесе, қарындаш, машина. б/ әйнек, ағаш, машина.
3. Заттар қанша түрлі күйде кездеседі? а/ 5. ә/ 3. б/ 2.
4. Затты құрайтын бөлшектер? а/ су. ә/ молекула мен атом. б/ газ, су.
5. Молекулалар мен атомдардың өзара араласу құбылысы?
а/ диффузия құбылысы. ә/ байланыс құбылысы. б/ агрегаттық құбылыс.
6. Судың формуласы? а/ CO . ә/ H SO. б/ H O.
7. Масаның өлшем бірлігі? а/ кг, гр. ә/ шқ, кг. б/ см, гр.
Жаңа сабақты бастамас бұрын көңіл күй картасын таратамыз.
Жаңа сабақ тәжірибе арқылы ашылады. Мысалы таза суға иод тамызсақ не байқаймыз? Таза зат пен қоспаның әрекеттесуін байқадық. Табиғатта заттар таза және қоспа күйінде кездеседі екен.
Заттар
таза заттар қоспалар
Таза зат табиғатта өте сирек кездеседі. Мысалы: көмір, алмаз, қант .табиғатта
таза күйінде алынады және сол күйінде пайдаланамыз. Таза заттар бір ғана заттың
бөлшектерінен тұрады.
Қоспа біздің айналамыздағы заттардың негізі қоспа күйінде кездеседі. Мысалы:
сүт: май, белок, көмірсу дан тұрады.
ауа: азот, оттегі, көмірқышқыл газы.
майонез: май, уксус, сарыуыз.
сусындар көпіргіш: көмірқышқыл газы, тәтті дәмдеуіштен.
Қоспалар әр түрлі заттардың жиынтығы. Олар сұйық, газ, қаттытәрізді деп бөлінеді.
Мысалы: теңіз суы – тұздың (қатты зат) және судың (сұйық зат) қоспасы. Қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады. Бірақ әр бір зат өз қасиетін сақтайды. Оларды құрама заттардан айырып алуға болады.
Тәжірибе арқылы баяндау.
1. Темір мен бордың ұнтағын араластырсақ бордан күңгірттеу, темірден ақшылдау түс пайда болады. Оларды ажыратуға бола ма? Оларды магнит арқылы ажыратуға болады.
2. Егерде оларды ыдыстағы суға салсақ темір ыдыс түбінде қалады, ал бор су бетіне қалқып шығады.
3. Лимон қышқылы мен судың қоспасын ажыратайық. Егер шырынды қайнатсақ одан су буланып, лимон қышқылы кристалдары тұнба күйінде шөгіп қалады.
Міне заттарды бір – бірінен бөлуге болатынына көз жеткіздік. Оларды тұндыру, сүзу, магнит пен тарту, булау арқылы ажыратамыз.
Ой қозғау сәті. Әр оқушы жаңа тақырып бойынша жадында қалған мәліметтерді айтады.
Топпен жұмыс. Тәжірибе жасау екі топқа тапсырма беріледі.
1 су мен құмды әрекеттестіру және бөлу.
2 сүт пен нан қиқымын әрекеттестіру және бөлу.
Ой бекіту сәті. Рөлдік ойын мұғалім оқушы, оқушы мұғалім рөлін атқарады.
Қорытынды. Венн диаграммасы.
Таза затпен қоспаның айырмасы және ортақ белгісі
Ой түйіндеу сәті. Бағалау. Көңіл күй карталары арқылы бағаланады.
көңіл күйің түс сабақ басы сабақ соңы
өзіңді бағала
Көтеріңкі
Қуанышты
Жағымды
Көңілсіз
Жабырқау
қызыл
сары
жасыл
көк
қара
Үйге тапсырма: 83 беттегі суретті салу, қоспа және таза заттарға мысалдар келтіру.
Сарысай негізгі мектебі
Таза заттар және қоспалар
Өткізген: Тасымова А.Т.
5 – сынып
Жаратылыстану пәні
2010 – 2011 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.