Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Күні:
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Өзендер.
Сабақтың мақсаты:
Өзен бөліктеріне өзен ағысына жер бедерінің әсерін, көректенуін, шаруашылықтағы маңызына түсінік беру.
Сабақ түрі: Ашық сабақ.
Құрал – жабдықтары: Дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, слайд, проектор.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру, Бағаландыру, Баяндау, Қорытындылау, Үй жұмысы.
Сабақтың жоспары:
1. Өзен бөліктері.
2. Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.
3. Шоңғалдар мен сарқырамалар.
4. Өзендердің суға молығуы және режимі.
5. Адамның шаруашылық әрекеті үшін өзендердің маңызы.
Жер бетінде өзен көп. Қазақстанда ірілі уақты 85 мың өзен бар. Олардың бірі жазықты бойлай кең жайлып баяу ағады. Екінші бір тастан – тасқа соғылып, буырқанып көбік шашып жатады, бұл тау өзені. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Оған басқа шағын өзендер келіп қосылады. Оны саласы деп атайды. Ағыс бағытына қарап тұрғанда оң қол жағын өзеннің оң жағасы, сол қол жағың өзеннің сол жағасы болып табылады. Мысалы Есіл өзені Ертістің сол жақ саласы, ал Арыс Сырдарияның оң саласы. Өзеннің құяр жері сағасы деп аталады. Жайық Каспий теңізіне , Сырдария, Арал теңізіне, Іле, Балқаш көліне барып құюды. Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына барғанда азайады. Онда тосқындар жинақталып өзен саласы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады.

Өзен бастауынан сағасына дейін кең әрі ұзынша алқапты бойлап ағады. Бұл өзеннің аңғары. Аңғардың табанындағы өзен су ағып жататын ойыс арна деп аталады. Су тасыған кезде өзен арнасынан асып аңғардың іргелес жайдақ бөлігін басады. Аңғардың өзен тасығандағы су басатын бөлігі жайылма деп аталады.

Өзен ағысы үш бөлікке бөлінеді. Бастауына жақын жағы жоғарғы ағыс, саға жағы төменгі ағыс екеуінің аралығы орта ағысына жатқызылады. Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін қорғайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.

Өзен ағысының бағытымен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жәр бедеріне байланысты. Мысалы, Жетісу Алатауынан басталатын Қаратал өзені басшағында тар шатқалды бойлап ағады. Таудан шыққан соң өзен құмды жазықты басып ағады. Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп ағасы баяулайды. Олар бас жағында күрілдеп көбік шашып ағады.

Мысалы, Шу өзенін Ілияс Жансүгіріов былай деп сипаттайды:
Шу әне, тауды тарпып, шыққан шулап,
Ойнақтап , ырғый жосып тайдай тулап,
Асқардың ақтарылған ағы емес пе,
Қарқ болған қазақ – қырғыз суын сулап?
Тау өзендері беткейлері тік жартасты аңғармен ағады. Мұндай тар аңғал шатқал деп аталады.

Егер жартас өзен арнасын кесе көлденең ағып жатса су одан төмен қарай ағып сарқырама жасайды. Жер шарындағы ең биік сарқырама – Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде. Оның биіктігі 1054 м. Екінші биік сарқырама Африкадағы Замбези өзеніндегі Виктория биіктігі 120м. Дүние жүзіндегі ең ірі сарқырамалар жүйесі Игуасу оның ені 2700 м биіктігі 72м.

Өзендер жер асты сулары мұздық жаңбыр еріген қар суларынан көректенеді. Экватор маңындағы өзендердің суының мол болуы жаңбыр суына байланысты. Оларға Амазонка және Конго өзендері жатады. Өзен су деңгейінің көтерілуін тасқын дейді. Өзен суының төменгі күйін сабасына түсі деп атайды. Өзен суының жыл ішінде өзгеру ерекшелігін өзеннің режимі дейді. Адам зат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айырықша орын алған . ең ерте замандағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Ефрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы, Сырдария және Амудария бойында дамыған. Көпелі қазақ халқы Еділ мен Жайықтың Сырдария мен Ертістің Тобыл мен Есіл сияқты ірі өзендердің бойын жайлаған.
Қазақстанның өзен көлдері туралы ақындар өлеңдерінен үзінділер оқу, су, өзен көлдер жайлы мақал-мәтелдер , жұмбақтар айту.
Білем сені, сүйем сені, Сырдария,
Сырдың суы қарт анам.
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,,
Неге маған жырламасқа
Сырды туған елімді. (Қ. Аманжолов)
Жұмбақтар:
Кәне бәрің ойлаңдар,
Бізде қандай өзен бар?
Он өзеннің ішінен,
Бес өзенді таңдаңдар.
(Волга, Іле, Жайық, Днепр, Қаратал, Лена , Дон , Сырдария, Конго, Ертіс)

Басталар жерін не дейді?
Құяр жерін не дейді?
Оң және сол жағаны
Қалай қарап біл дейді?
(Өзеннің бастау, сағасы, оң және сол салалары)

Мақал – мәтелдер:
Сулы – жер нулы жер.
Су табиғат анасы,
Судың да сұрауы бар.
Су біткен жерде өмірде бітеді.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Өздерің қалаған бір өзенді мысалға алып өзеннің бөліктерін сипаттап айтып беріңдер?
2. Қазақстан аумағында қандай ірі өзендер бар?
3. Жер шарындағы қандай ірі сарқырамалар бар? Олардың биіктігі?
4. Өзендердің шаруашылық маңызы қандай.
Қорытынды:
Оқушыларға өзендер жайлы толық мәліметтерді беру.
Үйге тапсырма.
§41 Өзендерді оқып келу.§41 Бойынша берілген өзендердің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайын қосымша ақпарат көздері , (газет , журнал т.б.) арқылы анықтап келу.
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.