Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымның жиынтығы.  Жаратылыстанушы ғалымдар -

Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымның жиынтығы. Жаратылыстанушы ғалымдар

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 813 | Просмотров: 24562 | Размер: 298.9 Kb | Автор: munira
. Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: §1,2 Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымның жиынтығы. Жаратылыстанушы ғалымдар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Жаратылыстану» оқулығының авторларымен, құрылымымен, жаратылыстанушы ғалымдамен таныстыру, топ ережесін қабылдау.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқулықпен танысады, жаратылыстанушылар туралы білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Диффе-ренциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдас- тыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу
1. Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
2. Топқа бөлінеді.
3. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
4. Топ ережесін қабылдайды. Топқа бөліну


Сабақ барысы:
Оқулық авторларымен таныстыру Оқушылар жазып алады:
Б.Ш.Әбдіманапов, А.Прищепина, Л.М.Фокина, А.У.Әбілғазиев Оқулықпен жұмыс Оқулық
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Тірі және өлі табиғат деген не?
Табиғат адамға не береді?
Табиғатта қандай өзгерістер болып тұрады? Оқушылар жауап береді. Сыни ойлау
Мағынаны тану: Жоспар:
1.Жаратылыстану сөзінің мағынасын ашу;
2.Ғарыштық денелер;
3. Органикалық және бейорганикалық заттар;
4. Астрономия, биология ғылымдары
Оқушыларға жарытылыстанушы ғалымдар туралы қосымша деректер айтып беру және олардың суреттерін көрсету Оқушылар тыңдайды. Дәптерге түртіп отырады.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады: Табиғатты зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олар қандай жаңалықтар ашты?
Оқулықпен жұмыс, диалогтық әдіс
Ой-толғаныс: Сұрақтар:
Жаратылыстану пәні нені үйретеді?
Табиғаттың қандай денелері болады?
Тірі және өлі денелердің қандай айырмашылығы бар?
Табиғаттың қандай құбылыстарын күнделікті бақылауға болады? Жаратылыстану ғылымы қандай топтарға бөлінеді?
Энциоклопедист-ғалымдар кімдер?
Ежелгі ғылымдардың дүниеге келуі жайлы әңгімеле. Оқушылар жауап береді. Сұрақ-жауап әдісі «бес» балдық жүйе бойын-ша бағалау
Үйге тапсырма: §1 оқу Жаратылыстанушы ғалымдар туралы деректер жинау, реферат дайындау.
Кері байланыс Қорытындылау. Оқушылар бүгінгі сабақтан не ұққандарын ауызша айтады.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы:5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 2 Табиғатты танып-білудің ғылыми әдістері
Сабақтың мақсаты: Оқушылар табиғатты оқып-үйрену әдістерімен, табиғаттанушылар қағидаларымен танысады, табиғатты қорғауға деген аялы көзқарас қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар табиғатты оқып-үйрену әдістерімен танысады, жаңа білім алады.
2. Сарамандық жұмыс жасайды.
3. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
4. Қызығушылықтары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Диффе-ренциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдас- тыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі:
«Атом және молекула»


Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Жаңа сабақты хабарлау. Тақырыппен танысуға 10 минут уақыт беру Оқушылар өз беттерімен тақырып мазмұнымен танысады. Өз бетімен білім алу.
Мағынаны тану: «Бұл қандай құрал?» табиғатты бақылауға арналған құралдар мен суреттерді көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықта-рын ояту және назарын аудару. Оқушылар суреттер мен құралдарға қарап өз ойларын ашық ортаға салады. Зерттеу-шілік әңгіме
Диалог құру: Табиғатты бақылап көрдің бе? Қандай қызықты құбылыстарды байқадың? Оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салады. Диалогтық әдіс
Дәптермен жұмыс: Балалар мәтінде жаңа сөздер кездесті ме? Оқушылар барометр-анероид, желбағар, анемометр, монокуляр, телескоп деген сөздерді дәптерге жазып алады. Дәптермен жұмыс.
Көрсетілім: Табиғатты бақылау құралдарын көрсету, олардың маңызына тоқталу Оқушылар танысады. Табиғатты бақылау құралдары
Бақылау жұмысы №1: №1 бақылау жұмысының орындалуы туралы нұсқаулық беру. Өсімдіктермен жануарлардың тіршілік әлеміндегі күздегі құбылыстарын, ауа-райын бақылау.

Ой-толғаныс: Сұрақтар:
Адамдар қандай әдістер арқылы табиғатты оқып-үйренеді?
Бақылау қалай жүргізіледі?
Тәжірибе жасау дегеніміз не?
Өлшеу арқылы нені білеміз? Оқушылар жауап береді. Топтық жұмыс Топтық бағалау
Үйге тапсырма §2 оқу, апта бойы табиғатты бақылау.
Кері байланыс: Оқушылар бүгінгі сабақтан не түйгенін айтып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан. Жұлдыздар жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
«Гүлдер» тренингі (оқушылар қағаздағы әр түрлі гүлдерді алу арқылы өз топтарын айқындайды.

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
Адамдар қандай әдістерді қолдана отырып, табиғатты оқып үйренеді?
Бақылау қалай жүргізіледі?
Тәжірибе жасау дегеніміз не?
Өлшеу арқылы нені білеміз? Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері ба: бақылау, тәжірибе, өлшеу.
Бақылау қазіргі кезде арнайы аспап-құралдар арқылы іске асады.Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Жердің ауданы, күннен және айдан арақашықтығы, таудың биіктігі, теңіздердің, мұхиттардың тереңдігі, т.б. Сұрақ-жауап әдісі, диалог
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Жаңа сабақты хабарлау. Тақырыппен танысуға 10 минут уақыт беру Оқушылар өз беттерімен тақырып мазмұнымен танысады, бір-біріне топта айтып түсіндіреді. Өз бетімен білім алу, көшбасшылық, дарындылық қабілеттері байқалады.
Мағынаны тану: Оқушыларға ес картасын беру, қажетті құралдамен қамтамасыз ету. Жаңа сабақтың мазмұны бойынша ес картасымен жұмыстануға тапсырма беру. Оқушылар ес картасымен 20 минут көлемінде жұмыстанады. Өз бетімен жұмыс. Флипчарт сурет салуға қажетті құралдар
Ой
толғаныс:
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.
Оқушылар өз топтарының жұмыстарын қорғайды.

Зерттеушілік әңгіме. Көшбасшылық Топтық бағалау
Дәптермен жұмыс: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар беріледі:
Анықтама бер:
Жұлдыздар-
Шоқжұлдыздар-
Галактика-
Құс жолы-
Оқушылар анықтама береді:
Жұлдыздар-бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.
Шоқжұлдыздар- белгілі бір жерге шоғырланып орналасқан жұлдыздар .
Галактика – жеке жұлдыздар тобы.
Құс жолы - Миллиондаған жұлдыздардан тұратын жұлдыздар жүйесі.
Дәптермен жұмыс.
Үйге тапсырма Жұлдызды аспан. Жұлдыздар жүйесі. Қазақ халқындағы жұлдыздарға қатысты ырым-тыйымдар, аңыздар ды ел аузынан жинақтау.
Кері байланыс: Оқушылар бүгінгі сабақтан не түйгендерін, не үйренгілері келетіндерін жазып, кері байланыс бұрышына орнатады.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 6 Күн
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Күн туралы түсінік беру, өз беттерімен жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар Күн туралы өз беттерімен меңгереді.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі:
«Көңілді смайликтер»

Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру:
Галактика дегеніміз не?Галактика ішінде жұлдыздар қалай орналасқан? Жұлдыз дегеніміз не?
Оқушылар жауап береді.
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі не?
Топтастыру стратегиясы:

Оқушылар бірауыздан «КҮН» деп жауап береді.
Қызығушылықты ояту: Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсері қандай? Қазіргі ғалымдардың Күн жайлы болжамдары қандай?
Оқушылар бұрыннан білетін мәліметтерді естеріне түсіріп, жауап береді. Диалогтық әдіс
Мағынаыы тану: Оқушыларға «Күн» тақырыбымен танысуға 5 минут уақыт береді. Ес картасын құру, оған қойылатын талаптарды таныстыру:
1. 20 минутта аяқтау.
2. Топ мүшелерінің түгел жұмыс жасауы;
3. Оқулықтағы мәтінмен байланыстыру; Оқушылар оқулықтағы «Күн» тақырыбымен танысады, топта талқылайды.
Оқушылар ес картасын құрады. Қорғайды. Өзара сұрақтар қояды. Топтық бағалау Ес картасы
Ой-толғаныс: Дәптермен жұмыс:

Күн мен Жердің орташа қашықтығы.....
Күн бетіндегі температура..........
Күннің үстіңгі жағы....
Күннің ішіндегі температура............
Күннің жер бетіндегі өмір үшін маңыздылығы............ Оқушылар жауап береді.
Үйге тапсырма §6 Тәжірибелерді орындап көру.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 7 Күн жүйесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Күн жүйесі туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
«Күлімдеген күн» оқушылар бір –біріне қарап, әдемі жымияды.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
Топқа бөліну тренингі:
«Менің туған күнім» Оқушылар шеңбер құрау арқылы мұғалімнің оң жағынан бастап, туған күндері бойынша орналасады, 4 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау: 1.Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар?
2.Күннің жылуын қандай байлық көзіне жатқызуға болады?
3. Күн дегеніміз не? Оқушылардың сан түрлі жауаптарын тыңдау. Диалогтық әдіс
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Ғаламшар деген не?
Жұлдыздардан қандай айырмашылығы бар?
Қандай ғаламшарларды білесіңдер? Оқушылар жауап береді.
Қызығушылықты ояту:
Оқушыларға күн жүйесінің моделін, күн жүйесінің суреттерін көрсету

Оқушылар жақын қарап танысады.
Мағынаны тану: Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылар тыңдайды.
Ой-толғаныс: Оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындатуға беру.
Оқушылар орындайды. Өзін-өзі бағалау
1. Жауаптың дұрыс сызбасын көрсет:

Күн, жұлдыздар


Ғаламшарлар
2. Жазып толтыр:
Жерге ұқсас ғаламшарлар Үлкен ғаламшарлар
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
3. Күнге ең жақын ғаламшар - ......................, ең ірі - ...................... Ай – серігі.........
Үйге тапсырма §7 Күн жүйесіндегі ғаламшарлар жайлы бүгінгі жаңалықтардан мәлімет жинақтап келу.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 8 Ғарышты зерттеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышты зерттеу туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
Топқа бөліну тренингі:
«Үзілген мақалдар» Оқушылар табиғат туралы жазылып, қиылған мақалдарды құрастыру арқылы өз топтарын табады.

Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1.Қандай аспан денелері Күн жүйесін құрайды?
2.Қандай ғаламшарлар Күн жүйесіне жатады?
3.Ғаламшарлар қандай топқа бөлінеді?
4.Ғаламшарлар мен жұлдыздардың қандай айырмашылығы бар?
5.Қайсы ғаламшарлар Күнге жақын орналасқан? Оқушылар жауап береді. Диалогтық әдіс, сұрақ-жауап Суреттер
Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту: І. Инсерт стратегиясы:

Ү
+ - ?


«Ү»- бұрыннан білемін
«+» - мен үшін жаңалық
«-» -келіспеймін
«?» - сұрақ пайда болды

Оқушыларға инсерт кестесі бойынша мәтінмен танысуға уақыт беріледі. Оқушылар жаңа сабақтың мәтінін оқып таныса отырып, топта ақылдасу арқылы кестені толтырады.
Мағынаыы тану: Оқушыларға тапсырмалар беріледі.
1.Жұлдыздарды зерттеу үшін бұрын................
2. Телескоптар пайдаланылды:

3.Бұл кім? (Ғарышкерлердің портреттері беріледі. Оқушылар Оның кім екенін, оның аты неліктен ғарышпен байланысты екенін түсіндіріп береді)
Оқушылар топтасып орындайды.
Оқушылар топта орындайды. Топтық жұмыс
СТО Үлестірме- лер
Ой-толғаныс: 5 жолды өлең стратегиясын орындауға нұсқау беру.
Оқушылар орындайды. СТО Топтық бағалау.
Үйге тапсырма §8 Ғарышкерлерге арнап материал дайында.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 9 Күн жүйесіндегі Жердің орны. Жердің пішіні және өлшемі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жер туралы түсінік беру, өз беттерімен жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
5. Оқушылар Жер туралы білім алады.
6. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
7. Қызығушылықтары артады.
8. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі:
«Көңілді смайликтер»

Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру:
§ 9, ғарышкерлерге арнап дайындаған материалдарымен танысу Оқушылар жауап береді. Диалогтық әдіс
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Топтастыру стратегиясы:

Оқушылар интерактивті тақтада орындайды. АКТ Интер-активті тақта
Оқулықпен жұмыс: Мұғалім жаңа сабақты хабарлайды. Мазмұнымен таысуға, өзара талдауға 7 минут уақыт береді. Оқушылар танысады, топта өзара түсіндіреді. Өз бетімен жұмыс
Білу мен қолдану Жердің пішіні қандай? Глобус деген не? Блум таксономиясы Кесте
Қолдану Глобусты және картаны пайдаланып қайсы жарты шарда өмір сүріп жатқаныңды анықта. Картамен жұмыс
Талдау Экватор деген не? Экватор сызығы Жерді қандай жарты шарларға бөліп жатыр?
Жердің шеткі екі полюсін біріктіретін сызықты қалай атайды?
Экваторға параллель градус торындағы сызықтар ше? Көшбасшылық
Жинақтау Мәтіндегі ең маңызды не болды?
(Жердің экваторлық радиусы неше шақырым?
Жердің полюстік радиусы ше? Олардың айырмашылығы қанша? Экватордың ұзындығы неше шақырым? Жердің шар тәрізді екенін алған кім дәлелдеді?
Ұлы географиялық ашылулар кезеңі қай кезең?) Оқушылар жауап береді. Дарынды оқушылармен жұмыс
Бағалау Жаңа тақырыпқа алып-қосар жаңалықтарың бар ма? Өзін-өзі бағалау
Дәптермен жұмыс: Деректер дұрыс па:
Иә Жоқ
Жер 3,5 млрд жыл бұрын пайда болған
Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн. кв. Км
Оның 70% -су
Тек 39%-ын құрлық алып жатыр
Экваторлық радиусы полярлық радиусынан 21 км көбірек
Экватордың ұзындығы 50000 км
Алғашқы глобусты 1492 жылы Бехайм ойлап тапты
Экватор жерді 4 жартышарларға бөледі.

Бақылау жұмысы №2 Жұлдызды аспанды, Күннің батуын бақылау.
Үйге тапсырма §9
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 10 Жердің глобуста және картада бейнеленуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің глобуста және картада бейнеленуі туралы түсінік беру, өз беттерімен жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
Топқа бөліну тренингі: өз еріктерімен бөліну

Үй тапсырмасын сұрау: Тәлімгерлерді тыңдау
Әр топтың тәлімгерлері үй тапсырмасына қысқаша тоқталады. Әңгімелеу
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Оқушыларға карта және Жердің ғарыштан түсірілген суреттері көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттап береді.

Венн диаграммасы
Оқулықпен жұмыс: Тақырыптың күрделілігін ескере отырып, мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп береді. Оқушылар тыңдайды, түсінбеген сұрақтарын қояды.
Дәптермен жұмыс: 1. Жер бедерінің кішірейтілген түрі........................................
2. Масштабына қарай карталар.................................. бөлінеді.
3. Белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгенін көрсететін сандық бөлшек - ...............................................................
4. Масштаб пен картаның алғашқы авторы-..............................
5. Цифрлар арқылы белгіленетін масштаб түрі-..........................
6. «Атластың» бірінші авторы-.....................................................7. Үлестірмелі карточкалар
Дарынды оқушылармен жұмыс: Мұғалім қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма береді:
Қазақстанның физикалық картасынан өзің тұрған елді мекеннен Астанаға дейінгі арақашықтықты картаның масштабына қарай отырып анықта. Оқушылар орындайды. Дарынды оқушымен жұмыс
Әңгімелесу: Ежелгі карталарды қандай кітаптар мен журналдардан көрдің? Өз ойларыңды әңгімелеңдер. Оқушылардың пікірлерін тыңдау. Әңгімелесу Топтық бағалау
Сабақты бекіту: Географиялық карта дегеніміз не?
Сенің ойыңша географиялық карталардың маңызы неде? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Сұрақ-жауап әдісі
Үйге тапсырма §10
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 11 Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің өз осінен айналуы туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Баға-лау Ресурс-тар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
Топқа бөліну тренингі:
«Тәтті жемістер»
Оқушылар алма, алмұрт, шие, жүзім болып 4 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар беріледі. Оқушылар өткен сабаққа шолу жасайды.
Жаңа сабақ барысы: Оқушыларға жаңа сабақ мазмұнымен танысуға 7 минут уақыт беріледі. Оқушылар жаңа тақырыптың мазмұнымен таныса отырып, топта талқылайды, бір-біріне түсіндіреді. Түсіну дәрежесін анықтау Оқулық
Топтық жұмыс: Оқушыларға тапсырма беріледі: Жердің жылдық айналуының сызбасын сыз. Оқушылар өз топтарында жердің жылдық айналуының сызбасын сызып, басқа топтарға түсіндіреді. Ес картасы
Тәжірибе: Тәжірибе барысымен таныстыру:
Глобустың бір бүйірінен жарық түсетін етіп қойып, өзіңнің тұратын жеріңді белгіле. Өзіңнің тұратын жеріңде таңның атқандығын, талтүсті, күннің батуын, түн ортасы екендігін анықтауға болатындай етіп глобусты орналастыр. Сенің тұратын жеріңде талтүс болғанда Жер шарының қай жерінде түн ортасы болады? Оқушылар тәжірибені жасау арқылы өз қорытындыларын айтып береді.
Дәптермен жұмыс: Оқулықтағы негізгі ақпараттарды түртіп алуға тапсырма беріледі. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт 24 сағатқа тең. Сол себепті де 24 сағатты 1 тәулік дейміз. Жер Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін жыл деп атайды. т.б.
Картамен жұмыс: 1. Карта бойынша батыс пен шығыс және солтүстік пен оңтүстік бағыттарын көрсет.
2. Картадан өзіңнің тұрған жеріңнің Астанадан қай бағытта орналасқандығын анықта.
3. Картадан экваторды, полюстерді, жарты шарларды көрсет. Оқушылар өз беттерімен орындайды. Топтық бағалау
Үйге тапсырма §11 Сұрақтар мен тапсырмалар
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 12 Адамдардың Жерді танып білуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жер ғаламшарының зерттелуі туралы түсініктер алуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
Топқа бөліну тренингі:
«Маған ұнайды, менің жоспарым»

Үй тапсырмасын сұрау: 1. Не себепті Жерде жыл мезгілдері ауысып отырады?
2. Жердегі жарық пен жылудың болу себебі неге байланысты?
3. Жер өз осінен айналғанда қандай құбылыстар байқалады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау Сыни ойлау
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау Оқушылар дәптерге жазады.
Оқулықпен жұмыс: Инсерт әдісі арқылы оқушылар тақырыпты меңгереді:
Бұрыннан білемін Жаңа ақпарат Мені таңғалдырды Сұрақ пайда болды?

СТО


Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмыс:
Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны «Арктос» - деп атап, кейіннен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған.Ал оған карама-карсы жатқан өңірді Антарктика деп атаған. Өзін-өзі бағалау Үлестірмелі карточкалар
Сабақты бекіту: Оқушыларға солтүстік полюс пен оңтүстік полюсті салыстыруға тапсырма беріледі. Венн диаграммасы:

Венн диаграммасы
Үйге тапсырма §12.Кескін картаға солтүстік және оңтүстік полюстерді белгілеу.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 13 Ай –Жердің серігі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ай туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже:
5. Оқушылар жаңа білім алады.
6. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
7. Қызығушылықтары артады.
8. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі:
«Атом және молекула»

Үй тапсырма-сын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар беріледі.
Оқушылар өткен сабаққа шолу жасайды.
Жаңа сабақ барысы: Миға шабуыл:
Серігі деген не?
Ғалымдардың ішінде кім ең бірінші ғаламшарлардың серіктерін байқады?
Бұл қай ғаламшар?
Оқушылар жауап береді. Талантты және дарындылықты анықтау. Оқулық
Топтық жұмыс: Оқушыларға тапсырма беріледі: Мәтінмен танысу.

Оқушылар жаңа сабақ мазмұнымен танысып шығады.Топта бір-біріне түсіндіреді, талқылайды. Өз бетімен жұмыс.
Түсіну дәрежесін анықтау.
Жуан-жіңішке сұрақтар: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша жуан-жіңішке сұрақтар дайындауға уақыт береді.

Оқушылар өз топтарында жуан-жіңішке сұрақтар дайындап, басқа топтардан жауап алады. Сұрақ-жауап әдісі
Дәптермен жұмыс: Негізгі деректерді, қажетті ақпараттарды дәптерге түртіп алуға тапсырма беріледі. Оқушылар жазып алады: Ай мен жердің арақашықтығы шамамен 384000 км, Айдың диаметрі Жерден 4 есе аз. Жерді 28 тәулікте айналып өтеді. Түртіп алу әдісі
Бақылау жұмысы №3 Телескоптың көмегімен Айдың бетін бақылау.
«Ай-жердің серігі» тәжірибесін орындату арқылы жаңа сабақты бекіту. Ортаға екі оқушы шығады. Біреуі-Жер, екіншісі –Ай. Екеуі бір-бірінен 3-4 қадам қашықтықта тұруы қажет. Бұл жердегі Ай Күнге және сынып оқушыларына қарап тұруы тиіс. Осы кезде оқушылар Айдың артқы жағын көре алмайды. Ендігі жерде ай тура Күнге қарап тұрып шеңбер жасап айнала бастайды, сонда ол жарты жолға келгенде оқушыларға оның артқы жағы көрінеді де, алдыңғы жағы әлі де Күнге қарауда. Бұл кезде Ай өзінің өсінен жартылай айналады деп түсінеміз. Ары қарай ол айнала отырып бұрынғы орнына барып, толық Ай болып шығады да, оның алдыңғы жағы бұрынғыша Күнге және оқушыларға қарап тұрады.
Сабақты бекіту: Оқушыларға үлестірмелер тарату Жерге ең жақын орналасқан аспан денесі.....................Жер мен Айдың ара қашықтығы..................... Ай Жерді қанша уақытта айналып өтеді.................. Ай Жерді айнала қозғалады............................................ Топтық бағалау
Үйге тапсырма §13 Сұрақтар мен тапсырмалар
Кері байланыс Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 13 Айдың ұзақтығы. Ай фазалары
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Ай туралы түсініктерін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Өткен сабақтағы топтармен жұмыс жасайды.

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар беріледі. Оқушылар өткен сабаққа шолу жасайды.
Жаңа сабақ барысы: Интерактивті тақтаның көмегімен жаңа сабақтың мазмұны беріледі.
Оқушылар танысады, топта бір-біріне түсіндіреді, талқылайды. Түсіну дәрежесін анықтау. Интерактивті тақта,
Оқулық
Топтық жұмыс: Мұғалім тапсырма береді: Айдың 4 фазасын салып көрсет. Жаңа ай: Толық ай: Айдың Жіңішкерген
толысуы: ай:
Ынтымақтас-тық атмосферасы
Жеке жұмыс: Тапсырма беру: Дәптерлеріңе таңертең және кешке қарай көрген Айдың суретін сал. Екі суретті салыстырып айырмашылығын тап. Оқушылар жұмыстанады. Өз ойларын айтып береді. Сыни ойлау дағдыларын арттыру.
Сабақты бекіту: Бекіту сұрақтары:
1. Айдағы фазалардың ауысу себебі неде?
2. Не үшін Айдың көлемі біз үшін Күнмен бірдей болып көрінеді?
3. Айдағы қою-қошқыл дақтарды не деп ойлайсың? Оқушылар жауап береді. Сұрақ-жауап әдісі Топтық бағалау
Үйге тапсырма §13. Айдың зерттелуі туралы мәліметтер жинақтау.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 14 Жер құрылысының жалпы сипаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Жер қабықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі

Үй тапсырмасын сұрау: «Даналық ағашы» ойыны арқылы ағашқа алма тәрізді етіп сұрақтар ілінеді:
1.Аспан денелерінің арасындағы Жерге ең жақыны не?
2. Жер мен Айдың ара қашықтығы неше шақырым?
3.Ай бетіндегі ғарышкерлердің іздері не себепті ғасырлар бойы сақталған?
4.Толысу дегеніміз не?
Жаңа сабақ барысы: Интерактивті тақтаның көмегімен жаңа сабақтың мазмұны беріледі. Мұғалім түсіндіріп өтеді. Оқушылар танысады, топта бір-біріне түсіндіреді, талқылайды. Түсіну дәрежесін анықтау. Интерактивті тақта,
Оқулық
Географиялық диктант: 1.Географиялық қабық дегеніміз не...........
2.............................ежелгі біртұтас құрлық. 3.Географиялық қабықтың дамуынан ірі табиғат кешендері............... қалыптасты. 4.Панталасса дегеніміз.............5.Лавразияның құрамына кіретін материктер.............. 6.Гондвананың құрамына кіретін материктер......... Дүниежүзінде ......... материк бар, олар................8. ..............Тынық мұхит деп атаймыз. 9.Дүниежүзінде ....... мұхит бар, олар........ Сыни ойлау дағдыларын арттыру.
Сабақты бекіту: Семантикалық карта арқылы сабақ қорытындыланады:

Атауы Материк Арал Астана Ғалым Тау Жануар Көл Өзен
Ш.Уалиханов +
Еуразия +
Кенгуру +
Ертіс +
Байкал +
Гренландия +
Астана +
Гималай +
Сыни ойлау дағдыларын арттыру. Топтық бағалау
Үйге тапсырма: §14 Кескін картамен жұмыс
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 15 Жердің ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің ішкі құрылымы туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
5. Оқушылар жаңа білім алады.
6. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
7. Қызығушылықтары артады.
8. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөлу тренингі

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар беріледі:
1.Жердің географиялық қабығы дегеніміз не?
2.Күн жүйесінің қандай ғаламшарларында географиялық қабық түзілген?
3.Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты, одан кішігірім құрлықты не деп атаймыз? Оқушылар жауап береді:
1.Литосфераның жоғарғы қабаты жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз. 2. Жерден басқа Күн жүйесіндегі бірде –бір ғаламшарлардың географиялық қабығы жоқ. 3. Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты материк, одан кішігірім құрлықты арал деп атаймыз.
Жаңа сабақ барысы:
Кіріспе Миға шабуыл:
Жер шар ма?
Не себепті глобусты Жер шарының моделі деп атайды? Оқушылар ойланып барып жауап береді. Сыни ойлау Глобус
Негізгі бөлім: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылар тыңдайды. Түсіну дәрежесін анықтау.
Топтық жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы жаңа тақырыптың мазмұнымен танысып, қажетті ақпараттарды жазып алуға тапсырма беріледі. Оқушылар жұмыстанады. Сыни ойлау дағдыларын арттыру.
Сабақты бекіту: Оқушыларға жаңа сабақ бойынша үлестірмелер тарату, сұрақтар беру:
1.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар?
2.Литосфера дегеніміз не, ол қандай қабаттардан тұрады?
3. Мантия жердің қайсы қабығын қоршап-жауып жатыр? Оқушылар орындайды:
1.Жердің ең жұқа үстіңгі қабаты-.........2. Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары ......шақырым тереңдікке дейін барады. 3.Таулы аудандарда жер қырытысының қалыңдығы....... 4. Мұхит табанының астында жер қыртысының қалыңдығы -.......5. Шамамен 2900 км тереңдікке дейін жердің келесі қабаты...... 6. Жер кіндігінде орналасқан қабат -......7.Ішкі ядро-.... 8.Сыртқы ядро-...... Сұрақ-жауап әдісі Топтық бағалау
Үйге тапсырма §15 Жердің ішкі құрылымы
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 30 Физикалық дене. Зат.Салмақ.
Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы дене, зат деген ұғымды ажырата білуге түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Оқушылар өз жұбын таңдау арқылы, екі-екіден жұпқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау: 2-тарау «Жер ғаламшары» тақырыбы бойынша тест арқылы оқушылардың білімін тексеру. Оқушылар тест жұмысын орындайды. (25 сұрақ). Бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Жұптық жұмыс.
Жаңа сабақ барысы: Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатын таныстыру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылар жаңа сабақтың мазмұнымен танысады, бір-біріне түсіндіреді. Түсіну дәрежесін анықтау. Интерактивті тақта,
Оқулық
Жұптық жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар береді. Оқушылар орындайды. Дарынды оқушымен жұмыс, деңгейлеп оқыту.
Бақылау жұмысы №5 Әр түрлі денелердің серпімлідігін, пластикалығын, аққыштығы бақылауға арналған тәжірибелерді көрсету.
Оқулық мәтініндегі тәжірибелерді оқушыларға орындауға нұсқаулық беру. Оқушылар тәжірибелерді орындап, қорытындылайды:
1-тәжірибе: Жылудың әсерінен заттың өзгеруі
2-тәжірибе: Беттік керіліске көз жеткізу
3-тәжірибе: негізгі физикалық көрсеткіштерді өлшеудің әдісі Сыни ойлау дағдыларын арттыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Стакан, су, жіп, динамо-метр, шыны, пластина
Сабақты бекіту: Бекіту сұрақтары:
1. Физикалық дене деген не?
2. Зат деп нені атайды? Оқушылар жауап береді. Сұрақ-жауап әдісі Жұптық бағалау
Үйге тапсырма §30 Бір физикалық дененің қандай заттардан тұратынын анықта.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 31 Заттардың құрылымы. Диффузия құбылысы
Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы дене, зат деген ұғымды ажырата білуге түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі

Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды тыңдау. Оқушылар бір физикалық дененің қандай заттардан тұратындығы жөнінде айып береді.
Жаңа сабақ барысы: Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатын таныстыру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылар жаңа сабақтың мазмұнымен танысады, бір-біріне түсіндіреді. Түсіну дәрежесін анықтау. Интерактивті тақта,
Оқулық
Топтық жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар береді. Оқушылар орындайды:Барлық заттар кішкентай бөлшектен тұрады. Ол ........ аталады. Табиғаттағы денеде атомдар жалғыз болмайды, олар бірнеше атомдардан топтасып................құрайды. Атомдардың бір түрі.....заттарды құрайды.Атомдардың әртүрлі түрінің қосылысы ......құрайды. Тірі организмдер...........заттардан тұрады. Дарынды оқушымен жұмыс, деңгейлеп оқыту.
Тәжірибе: Оқулық мәтініндегі тәжірибені оқушыларға орындауға нұсқаулық беру. Оқушылар тәжірибені орындап, қорытындылайды:
Ішінде суы бар ыдысқа бір тамшы сия құйып, араластырсаңыз, сия тез арада сумен араласып, ыдыстағы суды лезде бір түске өзгертеді. Себебі сияның құрамындағы молекулалар ұдайы қозғалыста болатындықтан тез араласып кетеді. Сыни ойлау дағдыларын арттыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақты бекіту: Бекіту сұрақтары:
1.Атом және молекула деген не?
2.Диффузия деген не?
3.Қандай тәжірибелер атом мен молекуланың ұдайы қозғалыста екенін дәлелдейді? Оқушылар жауап береді. Сұрақ-жауап әдісі Топтық бағалау
Үйге тапсырма §31. Диффузия құбылысына тағы қандай тәжірибелер арқылы көз жеткізуге болады?
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.

Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.М.Хамитова
Сыныбы: 5
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 32 Таза заттар және қоспалар
Сабақтың мақсаты: Таза заттар мен қоспаларды ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар жаңа білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі Сабақты химия кабинетін-де өткізу.

Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беру. Оқушылар жауап береді. Сұрақ-жауап
Миға шабуыл:
Ауа таза зат па, әлде қоспа ма? Өмірде таза зат кездесе ме?
Оқушылар жауап береді. Сыни ойлау дағдыларын арттыру.
Жаңа сабақ барысы: Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, түсіндіру. Оқушылар тақырыпты дәптерге жазады, тыңдайды. Оқулық
Сарамандық жұмыс №5 Зат бөлшектерінің әрекеттесуі бойынша тәжірибелерді оқушыларға орындауға нұсқаулық беру.
Оқулықтағы (83 бет) суреттермен танысу. Оқушылар тәжірибелерді мұғалімнің көмегімен орындап, қорытынды жасайды.
Сыни ойлау дағдыларын арттыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақты бекіту: Тапсырмалар беріледі:
1. Жасыл түспен таза заттарды, қызыл түспен қоспаларды сыз: теңіз суы, тазартылған су, ауа, кен, оттегі, сүт
2. Сөзтізбек
Топтық жұмыс. Дарынды-лықты анықтау. Топтық бағалау
Үйге тапсырма §32. соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.