.
.
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары. Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 357 | Просмотров: 4235 | Размер: 8.6 Kb | Автор: muniraСабақтың мақсаты: Білімділік: Жергілікті жердің табиғатын жан-жақты оқып үйренуге, географиялық ұғымдармен заңдылықтарды терең меңгерулеріне көмектесу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымдық көзқарасын алыптастыру, және қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатын аялауға,
ұжымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сұрақ – жауап, топтық, жеке жұмыс.
Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас, кескін карта, интерактивті тақта, тапсырмалар парағы,плакаттар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағдай.
Үй тапсырмасын тексеру.
Шығармашылық жұмыс.
Практикалық жұмыс.
Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын беру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық жағдаят).
1) Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушы
Мұғалім
Топтарға бөлініп отырады. Топ басшыларын сайлайды. Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызады. Топ басшыларын анықтайды.
Әр топ басшы бағалау парағына аттарын жазып толтырады.
әр топ үй тапсырмасынан берілген сұрақтарға жауап береді.
1 топ.
1) Орманды дала зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта.
2 топ.
1) Дала зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта.
3 топ.
1) Шөлейт зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта.
4 топ.
1)Шөл зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын, шөлдің түрлерін анықта.
Топ басшылары бағалау парақтарына жинаған балдарын жазады. (Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдық жүйемен) Бағалау парағын таратады. Үй тапсырмасы бойынша дайындалған тапсырмаларды тақтаға шығарады.
Оқушылар дайындаған «Табиғат зоналарының өсімдік, жануарларын қорғау» тақырыбындағы слайдтарымен таныстырады.
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар дайындаған слайдтарды интерактивті тақтада жариялауға бағыт береді.
3)«Жергілікті жердің табиғаты» шығармашылық жұмысты жариялау.
1 топ. Атыраудың географиялық орны,климатымен таныстырады.
2 топ. Атыраудың ішкі суларымен таныстырады.
3 топ. Атыраудың экологиялық жағдайымен таныстырады.
4 топ. Атыраудың тарихы мен бүгінгі тынысы жайлы слайд көрсетеді.
Әр топтың топбасшылары бағалау парақтарына белгілеп отырады. Мұғалім оқушыларға дайындалған тақырыптарын баяндауына бағыт береді.
Топ басшыларына оқушылардың еңбегін бағалау парағына белгілеп отыруды тапсырады.
4) Практикалық жұмыс тапсырмалары.
1) Тапсырма бойынша:
4 топтағы әр оқушы кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын, Атырау қаласын атласты пайдалана отырып белгілейді.
2) Тапсырма бойынша:
Табиғат кешендері компоненттерінің байланысын көрсететін кесте құрастырады. Тақтадағы Қазақстанның физикалық картасына назар аударуларын сұрайды. Оқығандарын қалай қабылданғанын, жинаған ақпараттарды жүйелеп, кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын түсіруге, табиғат кешендері компоненттерінің байланысуын көрсететін кесте құруға тапсырма береді.
Әр топтың топбасшылары бағалау парақтарын толтыруды аяқтайды, оқушылардың жинаған балдары бойынша қойған бағаларын айтады. Бағалау парақтарын жинап алып, оқушыларды бағалайды.
Үй тапсырмасы: Қазақстанның табиғат зоналары тақырыптарын қайталау, «Табиғатты аялайық» тақырыбында эссе жазуды тапсырады.
№19 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Ашық сабақтың тақырыбы: Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары.
География пәні мұғалімі: Ажгалиева Ж.Н.
Атырау-2011
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.