Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
10 сыныптың жаратылыстану – математика  бағытына арналған қолданбалы курс бағдарламасы -

10 сыныптың жаратылыстану – математика бағытына арналған қолданбалы курс бағдарламасы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 596 | Просмотров: 8365 | Размер: 17.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Қолданбалы курстың тақырыбы:
HTML – да Web – бет жасау

2012 жыл



Сабенова Балжан Құмарғалиқызы
Әдістемелік құрал
10 сыныптың жаратылыстану – математика
бағытына арналған қолданбалы курс бағдарламасы

Бағдарламаның түсінік хаты
Қазіргі уақытта 12 жылдық білім беруге дайындық мақсатында жаратылыстану – математика бағытында 10 сыныптан бастап қолданбалы курстардың мектеп оқушыларын еңбекке, кәсіптік бағдарға баулуда маңызы зор. Ақпараттық құрал адамның технологиялық дайындығының басты құрамдас бөлігіне айналды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттың информатикадан қолданбалы курс бағдарламасы негізінен мына бөлімдерді қамтиды: Интернет желісі, қызметтері, Интернетте ақпарат іздестіру, Web –бет жасау негіздері.

Курстың мақсаты:
Оқушыға интернет желісінде ақпарат іздеуді
ұйымдастыру, Web – бет жасау, дизайнмен безендіру дағдыларын қалыптастыру және күнделікті өмірде компьютерді пайдалануға деген қызығушылығын туғызу, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, құрал ретінде компьютерді еркін меңгеруге үйрету.
Курсты ұйымдастыру формасы:
• Курстың тақырыптық жоспарлануы ұсыныс етушілік сипат алады.Курстағы тақырыптарды оқыту жүйелілігі мен көлемі оқытушының ұстанымына байланысты
• Қолданбалы курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа жоспарланған.
• Тақырыптарға шолу беріліп, сарамандық жұмыстармен қорытындыланады.

Оқушы дайындығына қойылатын талаптар:

• Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
• Интернетте қатынас құра білу;
• Интернеттің қызметтерімен жұмыс істей білуі;
• Компьютерге пошта қызметін орнатуы;
• Интернет желісінде ақпаратты іздестіру жүйесінің ұғымы;
• HTML – да Web – бет жасауды және дизайнмен безендіруді;
• Web – бет құрудың тұжырымдамасы;

Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұны
р/с Мазмұны Сағат
саны
1
2
3
4
5

6
7

8
9
10
11

12

13
14
15
16
17
18

19

20
21
22 Интернет желісі деген не?
Интернетпен қатынас құру
Модемді таңдау және оны орнату
Интернеттің негізгі қызметтері
№1 Сарамандық жұмыс Броузердің off-line режиміндеWeb – парақтармен атқаратын жұмысы
Internet Explorer WWW – ке арналған броузер
Internet Explorer программаларымен жұмыс істеудің негізгі принциптері
Электронды пошта
Электронды пошта жүйесіндегі адрестер
Компьютерге пошта қызметін орнату
Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған программалар
№2 Сарамандық жұмыс Электронды пошта қызметін пайдаланып хат алысу
HTML тілінің негіздері
HTML тілінің атқаратын қызметі
HTML тәгтері
Атрибуттар
HTML тілінен № 3 сарамандық жұмыс
HTML файлының анықтамасы, тақырыпты, құжат тұлғасын анықтау
Тақырып стильдерін қолдану мен құжаттар өлшемін беру
Қаріптер өлшемі
Қаріптер гарнитурасы мен түстері
Құжат фоны мен мәтіннің түсін беру 1
1
1
1
1

1
1

1
1
1
1

1

1
1
1
1
1
1

1

1
1
1

р/с Мазмұны Сағат
саны
23
24
25
26

27
28
29
30
31
32
32
Мәтінді көлденең бағытта туралау
Web – парақ ішіне сурет орналастыру
Сурет атрибуттарын пайдалану
№4 Сарамандық жұмыс «We b-парақ ішіне сурет салу»
HTML – да кесте жасау
№5 Сарамандық жұмыс «Кесте жасау»
Гипермәтіндік байланыс құру
№6 Сарамандық жұмыс «Гипермәтін жасау»
Front Page ді іске қосу
Web –тораптарды құру жолдары
Курсты қорытындылау сынағы 1
1
1
1

1
1
1
1
1
1
1

Курсты оқытуды аяқтау формасы:
• Курсты оқыту аяқталғаннан кейін, қорытынды сынақ жүргізіледі.
• Жоба дайындау. Web – бет жасау.
• Шығармашылық жұмыс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Оқушылар үшін:
1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.
«Информатикадан 30 сабақ» - Алматы ЖТИ, 2003
Мұғалімдер үшін:
1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.
«Информатикадан 30 сабақ» - Алматы ЖТИ, 2003
2.М.Ә.Ғалымжанова «Web – бет құру негіздері» Әдістемелік құрал
3.Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаев Р.М.
Мамырбек Ғ.Б. «Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек» Әдістемелік құрал
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.