Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпарат сөзі нені білдіреді -

Ақпарат сөзі нені білдіреді

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1601 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Ақпарат сөзі нені білдіреді
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру, ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін үйрету;
тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу, оқушыларды ұқыптылыққа, адалдыққа еңбексүйгішке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың ой-әдістерін, қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, баяндау
Сабақтың байланысы: биология, физика
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптермен жұмыс
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Техника қауіпсіздігінің ережелері не үшін керек?
2. Техника қауіпсіздігінің ережелері қанша пунктан тұрады?
3. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қандай талаптар қойылады?
4. Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша см болуы керек?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа сабақ
Информатика – адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жылдам жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тиімді тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән. «Ақпарат» термині латынның «түсіндіру, баяндау, білу» деген ұғымдарын білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.
Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.Таңба түрінде қатысуды байланыс тілі дейді. Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпаратты жазуды кодтау деп атайды. Кодталатын символдар тобын кодтау кестесі деп атайды.
Сигнал – адамға немесе белгілі бір құрылғыға – ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс. Сигнал – ақпарат тасушы.
Ақпарат беру деген – сигналдар беру.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады.
Бейнелі ақпарат деп – табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түріне алатын ақпараттарды жатады. Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде беріледі.
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдері жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады.
Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады.
1 Бит – бұл физикалық екі мүмкін жағдайдан (тоқ бар немесе жоқ) бір нұсқаны ғана таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттар саны. 1 – тоқ бар болған жағдайда , ал 0 – тоқ жоқ болған жағдайда деп алынған.
1 Байт – бұл бір символды кодтауға қажетті ақпараттар саны . Хабарлама бір немесе бірнеше ақпараттан тұруы ықтимал. Бір хабарламаны мағынасына қарай әр – түрлі ақпараттар санымен беруге болады.
ЭЕМ деген – арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Ақпарат көзі деп қалай түсінесіз?
4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
5. Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?
VІ Сабақты қорыту
VІІ Үйге тапсырма
VІІ Білімдерін бағалау кезеңі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.