Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпаратты кодтау. ASCII коды. -

Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4386 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ тақырыбы: Ақпаратты кодтау. ASCII коды.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды кодтау ұғымымен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: ASCII, екілік, он алтылық код, Морзе әліппесі туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасай білуге, ұлттық салт-дәстүрді білуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақ түрі: ұлттық салт-дәстүрмен байланыстырылған сайыс сабақ.
Әдіс-тәсілдер: интерактивті тақта арқылы демонстрациялау, түсіндіру, баяндау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, проектор, флипчарт, кеспелер.
Сабақ барысы:
І) Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысымын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу:
1-топ аты: Атамұра
2-топ аты: Талбесік (Топтарды бағалау топтардың қоржынына әр бөлім сайын асықтар жинау арқылы жүргізіледі.)

ІІ) Өткен сабақты қайталау. Баланың жасына байланысты салттарды ретімен орналастырып, пайда болған сұраққа жауап бер.
1. мүшел той (қабылдайды?)
2. тұсау кесу (ақпаратты)
3. шілдехана (Адам)
4. сүндет той (қалай)

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталу (декодирование) процесімен тікелей байланысты.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты коды.
Мысалы:
Салт сөзін кодтау үшін әр символының кодын АSСІІ кестесінен табу керек. Оның коды-екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан бағанды, ал екіншісі жолды көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оны екілік жүйеге ауыстыру керек.
С-91, а-A0, л-AB, т-E2
Енді сәйкестендіру кестесі арқылы екілік кодта ұсынамыз.
91-10010001, A0-10100000, AB-10101011, E2-11100010
Бұларды тізбектеп жазсақ:
10010001101000001010101111100010
Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған. Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат кодталған түрде болуы керек. Бұған ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау мысал бола алады.
Мысалы:
Морзе әліппесімен HAPPY END хабарын кодтайық
HAPPY END .... .- .--. .--. -.-- . -. -..

IY) "Жеті жұрттың тілін біл" бөлімі.
Бұл бөлімде екі топқа Морзе әліппесінде кодталған сөздер беріледі. Берілген ағылшынша сөзді тауып, қазақша баламасын айту керек.
Атамұра кодталған сөз Қазақша баламасы
-- --- -. -.. .- -.--
- ..- . ... -.. .- -.--
.-- . -.. -. . ... -.. .- -.--
Талбесік кодталған сөз Қазақша баламасы
- .... .. .-. ... -.. .- -.--
..-. .-. .. -.. .- -.--
... ..- -. -.. .- -.--

Y) "Әріптер сыр шертеді..." бөлімінде екі топқа екілік кодта жазылған салттың аты беріледі. Берілген сөзді тауып, пайда болған салт туралы қысқаша баяндау керек.




YI)Ұлттық ойындар.
Бұл бөлімде берілген ұлттық ойын туралы қысқаша баяндап, ASCII және екілік кодымен кодтау керек.




YII) "Ақсүйек" ойынында тек топбасшылары қатысады. Қазақ салты атауының бір бөлігі беріледі, келесі бөлігі ASCII кодымен берілген. Бірнеше кодталған сөздердің ішінен дұрыс нұсқасын тапса, сол топ ақсүйекке ие болады.
(жасырын сөз: қап қағар – қысқы соғымның соңғы еті)

1) АА E2 D0 9F 8A
Қап 2) AA A0 A3 A0 E0
3) AA AD E6 9A 8C

ҮІІІ) Сабақты қорытындылау, бағалау. Ұпай қоржынындағы асықтар саналып көп асық жинаған топ жеңіске жетеді. Белсенді қатысқан оқушылар бағаланады

ІХ) Үйге тапсырма беру.
1) Ақпаратты кодтау. ASCII коды тақырыптарын оқу.
2) 14-беттегі 1,4 тапсырмаларды орындау.
3) Өз ойымыздан кодтар кестесін ойлап, сөздерді кодтап келу.

Мысалы:
А - Ә -

Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.