.
.
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты компьютерде сақтау Ақпаратты компьютерде сақтау
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2235 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру, оқушыларды деректер компьютердің ішкі және сыртқы жадында қалай сақталатынымен таныстыру;
тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың ой-әдістерін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: физика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Компьютер дегеніміз не?
2. Ақпараттық құралдар неден тұрады?
3. Программалық құралдар ұғымына не енеді?
4. Мәліметтер дегеніміз не?
5. Ақпаратты, программаны автоматты түрде өңдеу. Олардың арасында қандай байланыс бар?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Компьютерде бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі компьютер жады деп аталады. Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайларда оперативті (жедел) жад деп атайды, өйткені ол компьютерді әрқашан ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз жұмыс істейді.
Компьютерді өшіргенде оперативті жадтағы ақпарат өшеді. Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магнитті таспаларда, оптикалық және магнитті-оптикалық дискілерде орналастырылады. Сондай-ақ соңғы кездерде ақпаратты сақтауға қолайлы «Флеш-жады» - брелоктар қолданылады. Олар 256Мбайт – 8 Гбайт аралығында ақпарат тасымалдай алады:
Дискеттер – 1,4Мбайт; CD-R, CD-RW – 190-700Мбайт;
DVD – 4.7 Flash брелок – 4-8 Гбайт.
Мәліметтер мен программалар ішкі жадтың ұяшықтарында байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтардың адрестері бойынша қатынасады.
Ақпарат тасушыға атауы бар белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай құрылым файлдық, ал үлестер файл деп аталады. Дәл айтқанда, файл – бір типтегі байттардың тізбегі.
Файл (file) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады? Файл дегеніміз – программалар, мәліметтер немесе олардың бөлектері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктен тұрады, оның бірінші бөлігі – өз аты, ал екінші бөлігі – кеңейтілуі.
Файлды ақпарат өлшемі – бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас объекті ретінде файлдармен жазу, өшіру, көшіру, даярлау, жылжыту, қайта ат қою операцияларын жүргізуге болады.
Сыртқы тасушыдағының барлығы файл түрінде сақталады, олар: операциялық жүйелер, қолданбалы программалар, программалау жүйелері, мәліметтер жинағы.
V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Мәліметтер ішкі жадта қалай орналасады?
2. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?
3. Файл дегеніміз не?
4. Ішкі және сыртқы жадтарда ақпарат қалай іздестіріледі?
5. Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады?
VІ Сабақты қорыту
VІІ Үйге тапсырма
VІІ Білімдерін бағалау кезеңі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.