.
.
Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық модельдер. Жүйе, жүйенің құрылымы» «Ақпараттық модельдер. Жүйе, жүйенің құрылымы»
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 350 | Просмотров: 3837 | Размер: 65.5 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаттары:
• Білімдік: Ақпараттық модельдер, жүйе және жүйе құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.
• Дамытушылық: Негізгіні көрсете білуге, жалпылау мен жүйелей білуге үйрету.
• Тәрбиелік: эмоционалды- ерік сферасын дамыту, алған білімін қолдана білуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме-көрнекілік, зерттеушілік.
Оқыту формасы: Ұжымдық, жеке
Сабақтың көрнекілігі: Сабақты түсіндіруге арналған слайдтар.
Пән аралық байланыс: математика, физика.
• Негізгі түсініктер: Ақпараттық модель,жүйе, жүйе құрылымы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру моменті.
Бүгін біз сіздермен информатика пәнінің ең маңызды тақырыптары модельдер мен модельдеуді оқуды жалғастырамыз. Бүгін біз нені біліп және нені үйренуіміз керек екенің ойланып көрейікші.
Тірек білімдерді актуалдау: (Актуализация опорных знаний)
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Модель дегеніміз не?
2) Модельдеу деген не?
3) Статикалық модель динамикалықтан қандай ерекшелігі бар?
• Тапсырма . кестені толтыр:
Объект Адам Жер Автокөлік
Моделдер
4. Үй тапсырмасын тексеру (дәптерден модельдердің мысалдарын оқу ). Заттық, динамикалық және статикалық модельдерге құрап келген мысалдарын дәптерден оқу.
5. Модель жасау кезендерін сурет бойынша нөмірле.
3. Жаңа материалды түсіндіру:
Барлық модельдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: заттық модельдер және ақпараттық модельдер. Материалдық формадағы геометриялық, физикалық және басқа да қасиеттері бар объектілердің заттық модельдері. Оларға глобус, анатомиялық муляж, кристал торларының моделі, ғимараттың үлгісі. және т.б жатады. Объектілер мен процестердің образды және таңбалы формада көрсетілуін ақпараттық модельдеу деп атайды.
Образды модельдерге сурет, фото суреттер және т.б. жатады. Ол объектілердің көру образдарын қандайда бір ақпараттық тасымалдаушыда көрсетеді. Мысалы қағаз, фото және кинопленкаларда. Образды ақпараттық модельдер білім саласында (әр түрлі пән плакаттары) және ғылымда (ботаника, биология, планеталогия т.б. ) объектілердің сыртқы құрлысына байланысты классификациясы қажет болғанда кеңінен қолданылады.
Таңбалы ақпараттық модельдеу әр түрлі тілдердің қолданылуымен құрылады. (таңбалар жүйесі). Таңбалы ақпараттық модельдер мәтін (мысалы, программалау тіліндегі программалау) формула (мысалы Ньютонның екінші заңы F=m•a), кесте (мысалы Менделевтың периодтық кестесі) және т.б. түрінде көрсетілуі мүмкін.
Кей кезде таңбалы ақпараттық модельдер құруда бір уақытта бірнеше әр түрлі тілдерді қолданылады. Бұндай модельдердің мысалы ретінде географикалық карта, графика, диаграмма болуы мүмкін. Ақпараттық моделдер жасауда бір уақыта осы барлық графикалық элементтер тілдері мен қоса адамның өмір сүру тарихындағы әр түрлі әдістер мен құралдар қолданылып келеді. Бұл әдістер үнемі дамып отырды. Бірінші ақпараттық модельдер үнгірлер ішіндегі суреттер, ал қазіргі кездегі ақпараттық модельдер компьютерлік технология көмегімен жасалып зерттеледі.
Ақпараттық модель дегеніміз не?
Анықтамаларды дәптерге жазып қояйық:
Ақпараттық модель—объект, процесс, құбылыстардың жағдайы мен қасиеттерін және де олардың сыртқы ортамен байланысын сипаттайтын ақпараттардың жиынтығы.
Дәптерге:
Тік бұрышты үшбұрыштың ақпараттық моделі
• Геометриялық модель:
• Сөзбен көрсетілген модель: «Тікбұрышты ұшбұрыш деп бір бұрышы тік болатын үшбұрышты айтады.»
• Математикалық модель: <А+<В+<С=180° , АВ2=АС2+ВС2
Математикалық модельге анықтама берейік. Ол математикалық тілмен бе әлде формалды тілмен жазылған ба? Біз сіздермен білеміз тілдер табиғи және формалды болады. Табиғи тіл ауызша суреттеп жазылған ақпараттық модельдеуде қолданылады. Формалды тілдің көмегімен формалды ақпараттық модельдер құрылады. (математематикалық, логикалық және т.б.). Ең көп қолданылатын формалды тіл ол математика. Математикалық түсініктер мен формулалар арқылы құрылған модельдер математикалық модельдер деп аталады. Математика тілі формалды тілдердің жиынтығы болып табылады. Кейбіреулерімен сіздер мектепте танысасыздар (алгебра, геометрия, тригонометрия), басқаларымен (ықтималдық теория, т.б.) ары қарай жоғары оқу орындарында танысасыздар.
Формалды тілдің көмегімен ақпараттық модель жасау процесін формализациялау деп атайды.
Кез келген ақпараттық жүйе жүйе болып табылады. Жүйе = элементы + араларындағы байланыс.
Жүйелер:
• Заттық (Адам, самолет, Ағаш);
• Заттық емес (адам тілі, математика);
• Аралас (мектеп жүйесі).
Қалай ойлайсыңдар неге мектеп жүйес аралас жүйе болып табылады. Мысалдарды қарастырайық: самолет, компьютер. Оқушылардың жауаптары. Жүйенің қандай ерекшелігін атауға болады? Жүйеге элементтерді біріктіргенде жүйеде жаңа қасиет пайда болады, яғыни бірде бір жүйе элементтерінде жоқ қасиет. Әр жүйенің құрылымы бар. Жүйенің құрылымы деп сол жүйе элементтерінің байланысу тәртібін айтады. Схемаға қарайық:
Алгоритмдерді сіздермен 9 сыныпта «алгоритмдер мен программалау ». тақырыбын өткенде танысамыз.
Кестелік ақпараттық моделдермен келесі сабақтарда танысамыз.
Иерархиялық модельмен біз таныспыз – бұл компьютердің файлдық жүйесі. Тағы қандай ирархиялық модельдер болады екен.
Компьютердің классификациясын көрсететін ирархиялық модель. Графиктер түрінде берілген.: (слайд.)
Бұл модель нені кұрсетеді.? (слайд.)
Бұл Абай Құнанбаевтың генеалогиялық тоғай.
Қандай желілік модельді білесіңдер? Ол ғаламдық желі интернет.Есімізге түсіріп көрейікші қандай модельді динамикалық деп, ал статистикалық деп қандайды айтамыз. Берілген модельдердің қайсысы динамикалықа және статистикалыққа жатады. (оқушылардың жауабы.). Статикалық модель – ол компьютерлердікі, динамикалық модель модель – Абай Құнанбаевтың генеологиялық тоғайы.
Сергіту сәті:
Практикалық жұмыс.
Компьютерге әр бір оқушы өз отбасының генеологиялық моделін сызды.
• Жаңа материалды қорытындылау:
Бақылау сұрақтар:
1. Үйге кіргенде қандайда бір иісті сезсендер қандай бейнелі модельдер көздеріне елестейді.
2. Ақпараттық модель дегеніміз не? Ол неден «жасалған»?
3. Мектептегі тарих кітаптарында соғыстағы шайқастар бейнеленген схемалар бар. Оларды модель деп айтуға болама? Оларды қандай модель типтеріне жатқызуға болады?
4. Математикалық модель дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
5. Заттық модель дегеніміз не? Мысал келтіріндер
• Формализация дегеніміз не? Формальды модельдерді көрсетіңіздер
• Үйге тапсырма.
Желілік модель құрыңыз. Бірінші қатарда достарыңыздың атын көрсетіңіз, екінші қатарда – олардың қызығушылықтарын. Олардың байланысын доғамен көрсет : аты – қызығушылығы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.