Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар -

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7082 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 23.09.2014 Информатика 6-сынып
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Жалпы мақсат: • Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру;
• Оқушыларды “Вирус”, қайдан пайда болғанын, олардың таралу жолдарын, сол сияқты вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту;
• Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып,
ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
• Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа,
іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық
3. 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.
4. e.edu.kzпорталынан материалдар
5. 6-шы сыныпқа арналған жұмыс дәптері
Оқу нәтижесі: Оқушылар вирус ұғымын, вирусқа қарсы программаларды, өз компьютерлерін вирустан сақтауды, қорғауды, вирустардан тазартуды біледі.
Негізгі идеялар: Бірлескен жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақта қолданыла-
тын материалдар: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, аудио, видео, тұсаукесер, My test бағдарламасы
Оқыту әдістері: Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. АКТ қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, 6-шы сыныпқа арналған жұмыс дәптерімен жұмыс, Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», », «Қызығушылығын ояту»)
Дерек көздері: 1. Информатикаға арналған жұмыс дәптері.
2. Оқулық
3. Сілтемелер
4. Электронды оқулықтар
Тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс, жұмыс дәптерімен жұмыс, деңгейлік жұмыс, интернетпен жұмыс, ДК- де жұмыс.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с Амандасады, тренингке қатысады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
( 6 мин )
17 бет. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
1. Ақпараттың қасиеттерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер:
Шындықт
Толықтылық
Дұрыстылық
Дәлдік
Өзектілік
Құндылық

2. Сөйлемдерді аяқтаңдар:
Егер ақпарат біреуге қажет болса және оны пайдалану мүмкін болса, онда ... . Ақпарат ... шындықты бейнелейді.
Барлығына түсінікті тілмен берілген ақпаратты ... деп атайды. Егер ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті болса, ... . Дәл уақытында алынған ақпарат ... болады.
3. «Егер кез келген өлшемнің ішінен еркіндік дәреже вектор мөлшерін көрсететін болса, яғни қажетті векторды толық анықтау үшін қажетті «еркіндік» өлшем мөлшері». Бұл сендер үшін қандай ақпарат?
4. Қандай жағдайларда қысқаша ақпарат қажет? Тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(10 мин)

Компьютерлік вирустар тарихы дербес компьютерлер пайда болған уақыттан басталды.
Вирус – өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.
Компьютердің зақымданғанын білдіретін көрсеткіштер бар. Егер сендер компьютерде ақылға қонымсыз «оғаш» дүниелер орын алып жатса, атап айтқанда:
• Экранға қарастырылмаған хабарлама немесе кескіндер шықса;
• Жоспарланбаған дыбыстық сигналдар берілсе;
• Күтпеген жерден DVD-ROM – құрылғылар тартпасы ашылып және жабылып қалса;
• Компьютерде сендердің қатысуларыңсыз қандай да бір программалар іске қосылса;
• Сендердің ешқандай программа қоспағандарыңа қарамастан, жедел жад бітіп жатыр деген хабарлама берілсе, онда үлкен ықтималдықпен сендердің компьютерлерін вируспен зақымданған деп болжауға әбден болады.
Вирусқа қарсы программа (антивирус) – зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге, сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға арналған программа. Орындарында отырып, тақтаға қарайды, керекті мәліметтерді дәптерлеріне көшіріп алады.

IV. Бекіту
(6 мин) 1-тапсырма. Сәйкестендіріңдер.

2-тапсырма. Бос ұяшықтарға дұрыс жауаптарды апарып қойындар.

3-тапсырма.

4-тапсырма.

5-тапсырма.

6-тапсырма.

7-тапсырма.

8-тапсырма.




Жауабы: Макро





Жауабы: UAC




V. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
(7 мин)
25-27 б.б. Комипьютердегі тәжірибелік жұмыс. ДК–ін қосып деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А деңгейін орындағандар –«3» деген баға алады;
А және В деңгейлерін орындаған оқушыларға – «4» деген баға қойылады;
А,В және С деңгейлерін орындаған оқушыларға «5» деген баға қойылады. А деңгейі
1. Microsoft Security Еssentails программасымен (немесе) өздерінде бар антивируспен өз бумаларыңды тексеруді орындаңдар.
2. Программаны іске қосыңдар.
3. Үйге тіркеме бетінде Тексеру параметрлері – Ерекше (Особая) ажыратып-қосқышын тағайындаңдар.
4. Тексеру батырмасын шертіңдер, өз бумаларыңды көрсетіңдер. ОК-ді шертіңдер.
5. Сканерлеу нәтижесінің соңын күтіңдер.
6. Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
В деңгейі
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Microsoft Security Еssentails программасының баптауларын өзгертіңдер.
3. Параметрлер тіркеме бетіне ауысыңдар.
4. Сол жақтағы тізімнен Үнсіз келісім бойынша әрекеттер (Действия по умолчанию) бұйрығын таңдаңдар.
5. Хабарлаудың ауыспалы деңгейі үшін Жою бұйрығын таңдаңдар.
6. Сол жақтағы тізімнен Толығырақ (Подробно) бұйрығын таңдаңдар.
7. Ағытылатын тасығыстарды тексеру (Проверять съемные носители) параметрін белгілеңдер.
8. Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
С деңгейі
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Microsoft Security Еssentails программасының (http://windows.microsoft.com/ru.ru/windows/security-utilities) жүйеге қандай талаптар қоятынын оқып – біліңдер.
VI. Cергіту сәті
(2 мин) Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
VII. Қорытындылау (5 мин) Тест
1. Вирус – ол...
А) дискілерді тексеру құралы
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) операциялық жүйедегі қателердің салдары
D) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа +
2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?
А) модем +
В) электрондық пошта
С) қатты диск
D) ажырап алынатын тасығыштар
3. Антивирус – ол...
А) файлдарды сығуға арналған программа
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа +
D) вирустарды құруға арналған программа
4. Антивирус не істей алмайды?
А) файлдарды сканерлей алмайды
В) мұрағаттарды қарай алмайды
С) файлдарды қайта қалпына келтіре алмайды
D) файлдарды сығыстыра алмайды +
5. Компьютердің вируспен зақымданудың алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар.
А) бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін ешқашан ашпау
В) компьютерде «әкімшілік (администратор)» мәртебесінде емес, шектелген есепке алу жазбасында жұмыс істеу
С) компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын әрқашан ашып қою +
D) вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру.
VII. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) § 4 оқу. Қорытынды жасайды, ой толғайды.

«Вирустың таралу жолдары мен шығу тарихы» реферат жазу Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
IX. Бағалау
(2 мин)
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің) Бір- біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады
X. Рефлексия
(2 мин )
Білемін
Білдім Білгім келеді


Оқушылар кестені толтырады, өз ойлары мен ұсыныстарды жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.