.
.
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сақтау және тасымалдау. Ақпаратты сақтау және тасымалдау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3565 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Саламатсыздар ма, балалар!
Кәнекей, «Кім айтады?» үйге қандай тапсырма берілді деп, бірнеше оқушыдан үйге берілген сабақтың тақырыбын сұраймын да, оқушылардың сабаққа дайындығын білу үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.ЭЕМ алдындағы қауіпсіздік ережелері
2.Компьютер алдында қанша уақыт отыра аламыз
3.Компьютер мен оқушының арақашықтығы
4.Неге ақ халат киеміз?
5.Компьютердің негізгі қандай құрылғылары бар?
6.Жүйелік блок дегеніміз не?
7.Монитор дегеніміз не?
8. Пернелік тақта дегеніміз не?
9. Тышқан дегеніміз не?
10. Қосымша жалғанатын қандай құрылғыларды білесің?
Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын да, күнделіктерін әкелуде талап етемін.
Жаңа сабақ:
Магниттік жинақтағыштар үш түрге бөлінеді.
1. Қатты диск. Ақпаратты тұрақты түрде сақтайды. Сақтау көлемі гб. Қатты диск орнынан алынбайды, ауа кірместей етіп жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Оның екі жағында мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Сақтау көлемі өте үлкен.
2. Иілгіш дискета. Бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмасу үшін уақытша керек емес ақпаратты сақтауға, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшін қажет. Иілгішдискета – табақ пішінді бетінде қабыршақ түрінде магниттік қоспа жағылғын иілгіш диск дискеттің пластмассадан жазылған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене төртбұрышты ойығы бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пласмасса қапшықта ашық болады.
1. 3,5 дюмдік 89 мм
2. 5,25 дюмдік 133 мм
Бұрын шығарылған ІВМ , РС ХТ, АТ компьютерлерінде 2,25 дюймдік дискеталар, ал қазіргі ДЭЕМ – да 3,5 дюймдік дискеталар қолданылады. Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискіқозғағыштың ұясына салынады. 5,25 дюймдік дискеталар жұмыс істеу сапасына қарай : 36 не 720 кб-қ ақпараттарды сақтайды. Ал 3,5 дюймдік дискеталар сақтау көлемі 1,44 Мб болады. Дискетті алғаш рет пайдалану алдында оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Ол үшін : Менің компьютерім -3,5 дюйм (А) – форматтау командасын таңдаймыз. Форматтау аяқталғаннан кейін «Жабу» батырмасын шертеміз.
Ал қазіргі кезде ДЭЕМ – да көптеген көлемді программалар CD – ROM компакт дискілеріне жазылады. CD – ROM - қозғалатын бейнелерді, текстерді, және дыбыстарды жазуға немесе шығаруға негізделген. CD – ROM - дискілерінің ақпаратты оқу жылдамдықтары әр түрлі болады. Мысалы: жәй жылдамдықты, 2- еселенген ,4 – еселенген, 8- еселенген т.с.с. жылдамдықта болады. Қарапайым компакт дискінің көлемі 600 МБ болады, яғни 600 млн символ сияды. Бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Қазіргі кезде компакт өте сапалы суреттер жинағы, Фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Балалар сендерге Мб, Гб деген өлшем бірліктер бұрыннан таныс есес болар. Сендер білесіңдер математика, физика белгілі кг, км, дм, т, см т.б өлшем бірліктерді білесіңдер. Сол сияқты информатика пәнінің де ақпаратты өлшейтін өлшем бірліктері бар. Мысалы бит, байт, Кб, Мб, Гб т.с.с Яғни :
1 км =1000 м
1 м =100 см = 10 дм
1 т= 1000 кг Осы сияқты информатика пәнінде :
1 байт =8 бит
1 Кб = 1024 байт
1 Мб = 1024 Кб
1 Гб = 1024 Мб
Бит (ағылшын сөзі) – екілік таңба деген сөз.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып
сабақты аяқтаймын. Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз: Ақпаратты тасымалдау деп аталады. ДЭЕМ –да мәлімет жинақтауыштар рөлін
магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады.
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға ақпаратты тасымалдау туралы түсіндіре отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін де, сабағымды аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Ақпаратты сақтау және тасымалдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.