Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Айнымалылар. Тұрақтылар. Стандартты  функциялар. -

Айнымалылар. Тұрақтылар. Стандартты функциялар.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4495 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар. Тұрақтылар. Стандартты функциялар.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
1. Бас мәір дегеніміз не?
2. Бас мәзірдің қатарын айт
3. Проектілер терезесі дегеніміз не?
4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?
5. Форма дегеніміз не?
4. Форма консрукторы дегеніміз не?
5. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
6. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
7. Компоненттер панелінің қатарын ата.
8. форманың негізгі қасиеттері деген не?
9. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
Жаңа сабақ
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалылар қарапайым және индексті болады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әрбір уақытта белгілі бір мәнге ие бола алады. Айнымалыларды Dim немесе Private қызметші сөздері арқылы өзіне тән бір типпен процедураның басында сипаттап кетуге болады. Бірақ, айнымалылардың соңғы меншіктелген мәндері процедура аяқталса да жадта сақталып қалып, олардың мәндерін проектінің басқа процедураларында қолдану үшін айнымалыларды код терезесінің General бөлігінде сипаттаған ыңғайлы, мысалы:
Dim X As Integer, Y As String. Сондай-ақ код терезесінің бөлігінде процедураларда жиі қолданылатын тұрақтыларды Const қызметші сөзінен кейін жазып қоюға болады, мысалы: Const=3.14.
Visual Basic процедураларында пайдаланылатын арифметикалық өрнектер, амалдар және стандартты функциялар Бейсик тіліндегідей жазылады:
- алу * - көбейту + қосу / - бөлу
Sqr(X) – х-тің квадрат түбірін шығаратын функция
A mod B А-ны В-ға бөлгенде бүтін қалдығын шығаратын амал
A\B – А-ны В-ға бөлгенде бүтін шығаратын амал
Int(x) – х-тің өзінен аспайтын бүтін бөлігін шығару
Fix(X) – х-тің бүтін бөлігін шығару
Sgn(X) – х-тің таңбасын анықтау үшін қолданылатын функция
Rnd(x) – кездейсоқ сандар шығаратын функция
Abs(x) – х-тің модулі
Sin(x) – х-тің синусы
Cos(x) – х сандық шамасын символдық шамаға айналдыру
Str(x) – цифрлардан тұратын х жолдық қатарын сандық шамаға айналдыру.
Val(x) – цифрлардан тұратын х жолдық қатарын сандық шамаға айналдыру
Жаңа сабақты бекіту
ІХ. Үйге тапсырма
Айнымалылар. Тұрақтылар. Стандартты функциялар.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.