.
.
«Алғыр информатик» «Алғыр информатик»
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1833 | Размер: | Автор: Нартай4540Медиева Нұргүл
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы
Абай орта мектебі
1. Мақсаты: оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін сараптау, ойлау,
есте сақтау, қабілеттерін дамыту, жылдам жауап беруге компьютерлік
сауаттылыққа тәрбиелеу.
2. Әділ қазылар алқасын сайлап алу.
Сайыс кезеңдері:
І тур – «Көркем сурет»
Бұл турда оқушылар PAINT графикалық редакторында сурет салады. Оқушылардың барлығына бірдей сурет беріледі. Жылдам әрі суретті айнытпай салған оқушы жеңімпаз болып есептеледі. Ең жоғарғы ұпай – 7 ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
ІІ тур – «Сиқырлы пернелер»
Бұл кезеңде оқушылар MS WORD мәтіндік редакторында мәтін жазады, мәтінді пішімдейді. Мұнда да оқушыларға бірдей мәтін беріледі. Ең жоғарғы ұпай – 6 ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады
ІІІ тур – «Қиын тапсырма»
Оқушылар MS Excel электрондық кестесінде кесте құрып, диаграмма тұрғызады. Оқушылардың тапсырмалары бірдей. Ең жоғарғы ұпай – 5ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
Тапсырма:
Кестедегі берілген деректерді енгізіп, диаграмма құрыңыз:
Планеталар Период Ара қашықтық Диаметр Салмағы Спутник
Юпитер 11,86 778 142,6 1906,98 16
Сатурн 29,46 1426 120,2 570,9 17
Уран 84,01 2869 49 87,24 14
Нептун 164,8 4496 50,2 103,38 2
Сергіту сәті
Экраннан анимациялаық бейне клип көрсетіледі. Сайысқа қатысып отырған барлық оқушылар, көрермендер, әділ қазылар алқасын тұрғызып, анимациялық бейнеклип бойынша жаттығу жасату.
ІҮ тур – «101 жұмбақ»
Бұл турда сайысқа қатысушы оқушыларға информатика пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады. Әр жауабы дұрыс табылған жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Бұл турда барлығы 4 оқушы қалады.
1. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті (Пернелік)
2. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның бар екен
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «Ғ» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
4. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның (Тышқан)
6. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
7. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)
8. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
9. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
10. Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
Ү тур - «1001 мақал»
Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Бұл турда 3 оқушы қалады.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)
6. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)
7. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
ҮІ тур – «Ойлан тап»
Бұл турда қалған екі оқушыға екі сөз: «Информатика», «Кибернетика» сөздері беріледі. Осы сөздерден оқушылар сөздер құрастыру қажет. Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі. Көп сөз тапқан оқушы жеңімпаз болып есептеледі.
ҮІІ. Қорытынды.
6 турдан да өтіп, ең көп ұпай жинаған оқушы – «Алғыр информатик» атанып, марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.