Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алгоритмдер және оны орындаушылар. -

Алгоритмдер және оны орындаушылар.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2081 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер және оны орындаушылар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмдер және оны орындаушылар жайлы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, алгоритм құру
жолдарын үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету.
Тәрбиелігі: оушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, өзін-өзі бағалауға ықпал жасау.

Сабақтың түрі: білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, өзін-өзі бағалау тест.
Құралдар - жабдықтар: ДК, проектор, слайд, үлестірмелі материал.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сиқырлы бумалар. Экрандағы бумалардың реттік номері бойынша оқушы өз таңдауымен сұрақ таңдап, жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Анықтама.
Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмдегі кез-келген әрекет бұйрық деп аталады.
Алгоритм құруға мысалдар: шай қайнату, сөз жазу алгоритмдерін құру.
Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.
Кез – келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен аяқталады.
Сабақты бекіту: Практикалық жұмысты орындайды және оны тексеру арқылы жүзеге асады.
1. Кітапппен жұмыс. 57 бет, 4 жұмысты дәптерге орындау.
2. Компьютермен жұмыс.
Word Pad қосымшасында жұмыс жасау.
1. Компьютер қосу алгоритмін құру.
2. Ағаш отырғызу алгоритмін құру.
3. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру.

Сергіту сәті. Оқушылар көзге және қолға арналған жаттығулар орындайды.
(музыка ырғағымен)

Оқушылар білімін бағалау:
Сабақ соңында әр оқушы өзінің білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай өз білімдерін бағалайды. Оны іске асыру бағалау мониторнигі арқылы іске асырылады.

Үйге тапсырма: 55 бет, § 8 Алгоритмдер және оны орындаушылар, тест жұмысы.

Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ арқылы жүзеге асады. Сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар жаңа ақпарат алып кетеді.

Рефлексия. Оқушылар өз көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді, өз ұсыныстарын сол смайлик артына жазып іледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.