.
.
Қысқа мерзімдік жоспары Алгоритмнің жазылу формалары
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3293 | Размер: | Автор: Нартай454028.10.2014 Информатика 6-сынып
Сабақ тақырыбы: Алгоритмнің жазылу формалары
Жалпы мақсат: • Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
• Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Сілтеме: 1. 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық
2. 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.
3. Портал материалдары
4. 6-шы сыныпқа арналған жұмыс дәптері
Оқу нәтижесі: Оқушылар алгоритм ұғымын, алгоритмнің жазылу формаларын біледі, алгоритмді блок схема түрінде көрсете алады.
Сабақта қолданыла-
тын материалдар: ДК, интерактивті тақта, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, доп.
Оқыту әдістері: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ- жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру.
Жұмыс түрлері: жеке
Дерек көздері: • Информатикаға арналған жұмыс дәптері.
• Оқулық
• Сілтемелер
• Электронды оқулықтар
Тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Көршінің суреті» тренингі мұғалімдер бір-бірімен танысу және жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі. Амандасады, тренингке қатысады.
Бір-біріне қарама қарсы отырады. Дәптерлерді төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, қысқа уақытта /1,5 минут/ оның суретін сауға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Сурет салынған парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
( 10 мин )
Сұрақ-жауап.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм тіл дегеніміз не?
3. Программа дегеніміз не?
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
5. Алгоритм тілі дегеніміз не?
Тапсырмаларды орындау.
1- тапсырма. Оқушы математика сабағында 9-(2+6):4+5 есепті шығара отырып, оны мынадай реттілікпен орындады:
1) 2+6=8
2) 8:4=2
3) 2+5=7
4) 9-7=2
Сенін ойынша оқушы есеп шығару реттілігін дұрыс орындады ма?
Өз жауабыңды жаз: ________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
2- тапсырма. Арман есімді оқушы информатика пәнінен баяндама жазғысы келді. Ол былай істеді:
1. компьютерді қосты
2. мәтіндік редакторды іске қосты
3. керекті мәтінді терді
4. мәтіндік редакторды жапты
5. компьютерді сөндірді
Арманның орындаған іс – әрекеттерінің реттілігі дұрыс па? Арман қай жерде қателік жіберді?
3- тапсырма. Әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.
- табаныңды жуу.
- шүмекті аш.
- үстел басына отыр.
- шүмекті жап.
-табаныңды орамалмен сүрт.
- балды же.
-қасықты ал.
Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына
ІІІ. Жаңа тақырып
(7 мин)
Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.
Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:
• Сөздік формада;
• Графикалық;
• Алгоритмдік тілде;
• Программалау тілінде.
Блок-сызба
Блок-сызбада әр іс-әрекеттер фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс-әрекеттер тіктөртбұрышқа жазылады. Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.
Мысалы, екі санды қосу алгоритмі
!Түйін
• Алгоритм сөздік формада, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде беріледі.
• Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) беріледі.
• Іс-әрекеттер тіктөртбұрышты фигурада жазылады.
• Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға жазылады.
• Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.
IV. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
(10 мин)
(Оқулықпен жұмыс. 60-61 б.б. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау).
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Алгоритмнің берілу
формаларын атаңдар.
2. Неліктен графикалық әдіс
сөздік алгоритмге қарағанда ыңғайлы?
3. Блок-сызбаның элементтерін
сипаттаңдар.
4. Тарқатылатын түзуді
спираль немесе спиральді түзу деп атайды. Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, спираль суреті алгоритмін құрыңдар. Спиральдің орам санын көбейту үшін алгоритмді қалай толықтыру керек?
5.
6. Алгоритмді орындағандане
болатының анықтаңдар.
Басы
Қарындашты ал.
Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 1О 3Ж 2О 1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 2О 1Ж 1О 1Ж 5С 2Т 2С
Алынған суретті аяқта.
Қарындашты орнына қой.
Соңы.
7. РОБОТ ПОРТРЕТІ
алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды аяқта.
8.
Басы
5С 3Т 2О 1Т 3С 4Т 1О 3Ж 1О
7Т 1С 1Т 2О 4Ж 1О ...
Соңы.
9. Келесі алгоритмдерге блок
сызба құрыңдар:
• Үй тапсырмасын орындау
• Жұмыртқа қуыру
• Екі санды көбейту
10. Мына есепке алгоритм
құрыңдар. Есеп: Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және орамжапырақ тұр. Шаруа екінші жағалауға қасқырды, ешкіні, орамжапырақты алып өтуі қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек ешк, не тек орамжапырақ сияды. Барлығы зиян шекпейтіндей етіп, алгоритм құрыңдар. 1. Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:
• Сөздік формада;
• Графикалық;
• Алгоритмдік тілде;
• Программалау тілінде.
10. Кесте құрайық!
Қасқыр Ешкі Орамжапырақ
Қасқыр - + -
Ешкі + - +
Орамжапырақ - + -
Шешуі: Шаруа төмендегі екі алгоритмнің біреуі бойынша әрекет ете алады.
Алгоритм1:
1) Шару және ешкі
2) Шаруа
3) Шаруа және қасқыр
4) Шаруа және ешкі
5) Шаруа және орамжапырақ
6) Шаруа
7) Шаруа және ешкі
Алгоритм 2:
1) Шару және ешкі
2) Шаруа
3) Шаруа және орамжапырақ
4) Шаруа және ешкі
5) Шаруа және қасқыр
6) Шаруа
7) Шаруа және ешкі
V. Сергіту сәті.
(2 мин) Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
V І. Бекіту.
Оқулықпен жұмыс
(6 мин)
Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, интерактивті тақтада тапсырмаларды орындайды.
1-жаттығу.
2-жаттығу.
3-жаттығу.
Жауабы:
Жауабы:
Жауабы:
VІІ. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) §9 оқу, ЦБР қосымшалау. Қорытынды жасайды, ой толғайды.
VIІІ. Бағалау
(2 мин)
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің) Бір - біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады
ІХ. Рефлексия
(3 мин )
Оқушылармен шеңберге отырып, қолдарына доп беремін. Әр оқушы сол допты бір-бірлеріне лақтырып, ұстаған оқушы өзінің сабақ жайында пікірін айтады. Допты ұстап алып, сабақта тақырып бойынша нені түсінгенің, нені түсінбегенің айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.