.
.
Сабақтың тақырыбы: Қапшықтар мен, таңбашалармен жұмыс Қапшықтар мен, таңбашалармен жұмыс
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1517 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға «қапшықтар», «файлдар», «таңбашалар» ұғымдарымен және қапшықтың құрылымы мен объектілер, таңбашалар жасау ережелерімен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Таңбаша дегеніміз не?
2. Таңбаша белгішесін басқа белгішеден айырмашылығы қандай?
3. Таңбашаны екі рет шерткен кезде не болады?
4. Егер файлдың таңбашасын жойса, не болады?
5. Таңбашаның негізгі арналуы (қызметі) қандай?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Объектінің атын өзгертудің (яғни бұрыңғы атын жаңа атқа өзгерту) бірнеше әдістері бар.
1. Қажетті объектінің белгішесінде маустың оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық менюден Переименовать командасын таңдаңдар, сонда объектінің ескі атының төңірегінде төртбұрышты жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа ат енгізіңдер де,
2. Маустың сол жақ батырмасын шертіп, объектіні белгілеңдер де, қапшық терезесінің менюіндегі Файл – Переименовать командасын орындаңдар. Объектінің ескі атының төңірегінде төртбұрышты жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа ат енгізіңдер де,
3. Объектіні белгілеп алып, оның атында маус батырмасын тағы бір рет шертіңдер - төңірегінде төртбұрышты жақтау пайда болады. Онда пернетақтадан жаңа ат енгізіңдер немесе ағымдағы атты түзетіңдер (редакциялаңдар). (Осы әрекеттерді рындағанда объектіні белгілеу үшін, герту мен оның атында шертудің арасында біраз үзіліс (пауза) жасаңдар, әйтпесе, Windows мұны екі қайтара шерту деп түсініп, таңдаған объектіні ашады).
4. Объектіні белгілеп, F2 пернесін басыңдар да, жаңа ат енгізіңдер немесе ағымдағы атты түзетіңдер.
V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Таңбаша немесе қапшықтың атын қалай өзгертеміз?
2. Таңбаша немесе қапшықтың атын өзгертудің неше тәсілі бар?
3. Операцияны болдырмау үшін қандай пернені басу қажет?
VІ Жаңа сабақты қорыту
VІ Оқушы білімін бағалау
VІ Үйге тапсырма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.