.
.
«Бекітемін» Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу. Сақтау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1310 | Размер: | Автор: Нартай4540________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Пән аты: Информатика
Класы: 5
Күні: 10.12/13.12.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу. Сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қарапайым графикалық редактор ұғымымен таныстыру, суретті ашуға, сақтауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың тәрбиелілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа, әсемдікке үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі- иллюстративті
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер.тақта.
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру:
Амандасу, түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ Жаңа білімді хабарлау:
ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған программа.
Paint- бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. Барлық растрлық бейнелер- пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.
Пиксель- растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
Мөлшерін өзгерткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық.
Ол үшін:
Батырмасын шертіңдер
Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар
Суретті жоғалтып алмау үшін жұмыс жасау кезінде оны жиі сақтап отыру керек.
Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Pаint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.
Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын таңдаңдар.
Редактор:
1. Құрал – саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.
Paint графиктік редакторы іске қосу:
Пуск – Программы – Стандартные – Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
Машық жұмысы: 3-қатарға бөліп беріледі.
IV Сабақты бекіту:
Графикалық редактор .................................................................................................................
........................................................................................................................................ арналған.
• Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
• Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
• Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
Өзіңді тексер! Тест тапсырмалары.
V Үйге тапсырма: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу. Сақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.