.
.
Сабақтың тақырыбы: Қасиеттер терезесі Қасиеттер терезесі
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2109 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелігі :Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге
деген қызығушылығын арттыру .
Сабaқтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
1. Бас мәір дегеніміз не?
2. Компоненттер панелі дегеніміз не?
3. Компоненттер қатарын түсіндір
4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?
5. Форма дегеніміз не?
4. Форма консрукторы дегеніміз не?
5. Recent парағын түсіндір?
6. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
7. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
8. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
9. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.
Жaңа сабақ:
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе Қасиеттер терезесі деп аталады. Проектідегі кез-келген объект белгіленген кезде оның қасиеттері қасиеттер терезесінде көрінеді. Бұл терезеден белгіленген объектінің әртүрлі қасиеттерін таңдап орнатуға болады. Мысалы: объектіге ат беру, түсін өзгерту, шрифтер орнату, экранда көрінбейтін ету т.б.
Объектінің мәндері сандық немесе символдық шама болатын қасиетіне жаңа мән беру үшін Қасиеттер терезесінің бірінші бағанындағы тізімде орналасқан қасиетің атына курсорды апарып екі рет шерту керек, нәтижесінде екінші бағанда қасиеттің бұрынғы мәні белгіленіп тұрады. Сол кезде клавиатурадан бірден жаңа мәнді теріп енгізуге болады.
Мәндері бульдік шама болатын не бірнеше тұрақты шамалар тізімінен тұратын қасиеттерге жаңа мән орнату үшін курсорды қасиет атына апарып екі рет шерту немесе қасиеттің бұрынғы мәні жазылған өрістегі тілсызықты шертіп ашылған тізімнен жаңа мән таңдау қажет.
Файлдық жол көрсететін элементтердің форматтарын өзгертетін қасиеттер параметрлерін курсорды қасиет атына апарып екі рет шерткенде немесе қасиеттің мәні жазылатын өрістегі үш нүкте белгісі бар батырманы шерткенде ашылатын терезеден таңдайды.
Сондай-ақ объектілер қасиеттерін программалаушы бірден код терезесінде программалау арқылы орната алады.
Егер экранда Қасиеттер терезесі көрінбесе, онда оны төмендегі командаларды орындап шығаруға болады:
1. Бас мәзірден View-Properties Windows командасын орындау арқылы;
2. Құрал-саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы;
3. F4 функциональды клавишын басу ақылы;
Жаңа сабақты бекіту : Ол үшін балаларға жаңа сабақтаң бірнеше сұрақтар қоя отыры сабақты аяқтаймын .
Үйге тапсырма : Қасиеттер терезесі
Сабақты қортындылау : Жаңа материалды пысықтау, Оқушылардың менгерген білімдерін талдау , бағалау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.