.
.
Сабақтың тақырыбы: Қасиеттер терезесі, Қасиеттер, әдістер және оқиғалар. Қасиеттер терезесі, Қасиеттер, әдістер және оқиғалар.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4459 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелігі :Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге
деген қызығушылығын арттыру .
Сабaқтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
1. Visual Basic программасына қалай кіре аламыз?
2. Visual Basic программасының неше версиясы бар?
3. Visual Basic программасын түсіндір?
4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?
5. New парағын түсіндір?
6. Existing парағын түсіндір?
7. Recent парағын түсіндір?
8. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
9. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
10. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
11. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.
Жaңа сабақ:
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе Қасиеттер терезесі деп аталады. Проектідегі кез-келген объект белгіленген кезде оның қасиеттері қасиеттер терезесінде көрінеді. Бұл терезеде белгіленген объектінің әртүрлі қасиететрін таңдап орнатуға болады. Егер қасиететр терезесі көрінбесе, онда оны төмендегі командаларды орындап шығаруға болады:
1. Бас мәзірден View-Properties Windows командасын орындау арқылы;
2. Құрал-саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы
3. F4 функциональды клавишын басу арқылы
Visual Basic-ті оқып үйренудің кезінде біз обьект қасиеттер , оқиғалар және әдістер деген секілді ұғымдары пайдаланып іс жүргізетін боламыз.Пішін, батырма енгізу өрісі, жазу т.б іспетті барлық вйзуальді обьектілерді обьект атауға болады.Vіsuаl Ваsіс-те жүзден аса құрамдас обьект бар.Пайдаланушы Visuаl Ваsic – тің құрамдас объектілерден басқа өзінің жеке объектілерін жасай алады. Объектілер мен объект-бағдарлық бағдарламалауды пайдалану шын мәнінде күрделі тапсырмаларды шешу мүмкіндіктерін едәуір молайтады. Объектінің өзі оншалықты маңызды емес. Объектімен нендей іс-әрекеттер жасауға болатыны және объектінің қандай қасиеттерге ие екендігі әлдеқайда маңыздырақ. Әдіс дегеніміз - объектіге қатысты жасалатын әрекет болып табылады. Объект. Әдіс. Қасиет дегеніміз – объектінің сипаттамаларын немесе объектінің күйін белгілейтін объект атрибуты.
Форманың негізгі қасиеттері:
Name – формаға ат қою, программалық кодта Visual Basic объектіні осы ат қою арқылы таниды, сондықтан объектіге атты ағылшын тілінде қою керек.
Backcolor – форманың фонының түсін орнату түс мәндерін System немесе Palett тізімдерінен таңдауға болады.
Bolderstyle – форма жиегінің стильдерін орнату
Caption - форманың тақырыбын жазу
ControlBox – форманың өлшемдерін басқару батырмаларын орнату немесе алып тастау.
Font – шрифт түрлерін орнату
Forecolor – формаға Print әдісімен шығатын текст түсін орнату, бұл қасиеттің мәні формада орналасқан басқа текстік объектілерге әсер етпейді.
Height, Top, Left, Width - форманың экранда орналасуын реттеу және оның өлшемдерін орнату үшін қолданылатын қасиеттер де бар. Объектінің сипаттамаларын өзгерту үшін оның қасиеттерінің мәндерін өзгертуге жеткілікті. Оқиға дегеніміз обьектімен танылатын әрекет болыып табылады, ол үшін үн қосуды бағдарламауға болады. Оқиғалар осы қолдаманы немесе басқа бағдарламаларды пайдаланушының әректері нәтижесіеде туындайды. Визуальды бағдарлламалаудың мәні осы екі түсініке түйінделеді: оқиға және оған үн қосу. Егер пайдаланушы әлдебір әрекет жасаса, мысалы батырманы басса, үн қосу ретінде пайдаланушы жасаған процедураның коды орпындалады. Vicual Bacik – тың негізгі .
обьектісі - пішін. Басқа кез келген обьект сияқты, ол да қасиеттерге, әдістермен оқиғаларға ие. Жалпы, пішін дегеніміз - әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолтаңбаларының болашақ терезесі .
Жаңа сабақты бекіту : Ол үшін балаларға жаңа сабақтаң бірнеше сұрақтар қоя отыры сабақты аяқтаймын .
Үйге тапсырма : Қасиеттер терезесі, Қасиеттер, әдістер және оқиғалар.
Сабақты қортындылау : Жаңа материалды пысықтау, Оқушылардың менгерген білімдерін талдау , бағалау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.