Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік  стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет -

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3515 | Размер: | Автор: гость
. КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ДҰРЫС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕТУ

Б.С.Батешова, Т.Н.Малдыбаев
Түркістан медицина колледжі,
«IT» үйірмесінің жетекшілері
ОҚО, Түркістан қаласы, С.Қожанов №42

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Педагогикалық мақсаты:
• Оқыту үрдісінің сапасын арттыру;
• Пәнаралық байланысты тереңдету;
• Студенттің маман болып даярлауға қызығушылығын арттыру
Үйірме отырысының барысында қолданылатын технологиялар:
• Ғылыми жобалау технологиясы;
• Интерактивті технология;
• Проблемалық оқыту технологиясы;
• Дамыта оқыту технологиясы
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Жалпы топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, көрнекілік құралдармен жұмыс, іздену жұмысы, ұжымдық әдісті қолдану, саралау, сараптау, бақылау және бағалау

Үйірме отырысының мақсаты: 2015-2016 оқу жылының бүгінгі отырыста қаралатын мәселелерді талқылау (талқылаулар ІІІ кезеңнен тұрады).
І кезең- Әлеуметтік желі. Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянды жақтары.
ІІ кезең- Тақырып бойынша сұқбат, пікір-талас жүргізу
ІІІ кезең- Колледжіміздің студенттеріне әлеуметтік желілерді дұрыс мақсатта қолдануды үйрету мақсатында насихат жұмыстарын жүргізу

Үйірме отырысының білімділік мақсаты:
• Әлеуметтік желілер туралы жалпы мағлұмат жинау;
• Әлеуметтік желіллердің адам өміріне тигізетін артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау;
• Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянды жақтарын анықтау;
• Студенттер, оқытушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
• Алған мәліметтерді сараптап, қорытынды жасау;
• Әлеуметтік желілердің жастар өміріне тигізіп жатқан қауіпсіз және қауіпті жақтарына үгіт насихат жасау
• Студенттердің ғылымға деген ізденіс қабілетін дамыту.
Отырыстың дамытушылық мақсаты:
• Студенттердің дарындылықтарын бір салаға бағыттау, дамытуға жағдай жасау;
• Студенттерді білім мен ғылымға баулу;
• Жан-жақты ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту;
• Студенттердің өмірлік танымын кеңейту.
Отырыстың тәрбиелік мақсаты:
• Мамандығына деген жауапкершілігін арттыру;
• Ұстамдылығын, төзімділігін қалыптастыру;
• Адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап құрметтеуге және оқуға деген ынтасын арттыру.

Пәнаралық байланыстар:
Қамтылатын пәндер: Неврология, Офтальмология, Физиотерапия, Хирургия
Қамтитын пәндер: Ағылшын тілі, Математика, қазақ тілі, Дүние жүзі тарихы, Экономика

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. А.ГАФФИН Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном)

WEB-сайттар тізімі:
www.wikipedia.org, www.google.kz, www.youtube.com, http://massaget.kz/, http://qazmedia.kz/, http://today.kz/

Үйірме отырысынң хронокартасы:
№ Кезеңдері Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2 Үйірме отырысының мақсаты мен жоспарын хабарлап, тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин
3 Тақырып бойынша статистикалық мәліметтер көрсету 5 мин
4 Тақырып бойынша сұқбат, пікірталас жүргізу 25 мин
5 Тақырып бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу 15 мин
6 Қызықты деректер 5 мин
7 ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Тұртаев Алмас Ұзақұлымен онлайн байланысқа шығу 5 мин
8 Қонақтармен сұхбат жүргізу 10 мин
9 Фотогалереямен таныстыру 5 мин
10 Үйірме мүшелерінің атқарған жұмыстарына баға беру 5 мин

Үйірме отырысын барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі- үйірме мүшелерін түгелдеу және зейіндерін зерттеу жұмыстарына аудару – 2 минут

ІІ. Үйірме отырасының мақсаты мен жоспарын хабарлау: Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, маңыздылығын айту. Отырыстың жоспарымен таныстыру- 3 минут.

ІІІ. Тақырып бойынша статистикалық мәліметтер көрсету-5мин
Колледжімізге жазғы демалыс уақытысында колледж оқытушыларына Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Тұртаев Алмас Ұзақұлы келіп жиналыс жасаған болатын.
Тұртаев Алмас Ұзақұлының жасаған статистикалық мәліметіне үңілетін болсақ «елімізде интернет пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді. Осыдан 10 жыл бұрын интернет пайдаланушылар саны халқымыздың жалпы санының 4 % құраса, 2014 жылғы статистика комитетінің мәліметі бойынша 6 жас пен 74 жас аралығындағы интернет пайдаланушылар саны халқымыздың жалпы санының 63,9% құраған. Азаматтарымыз әлемдік үрдістен тыс қалып жатқан жоқ, көш бастап отырған барлық әлеуметтік желіге тіркеліп, пайдаланып әр түрлі санаттағы ақпараттарды алып жатыр. Ол түсінікті де, өйткені әлеуметтік желі арқылы адамдар өзінің ішкі сұранысына қажетті барлық ақпараттарды алып, ақпарат таратып, басқа адамдармен танысып, жарнамалар беріп, өз қуанышымен бөлісе алады. Бұл әлеуметтік желінің өкінішке орай, жағымсыз жақтарыда көбейіп бара жатыр. Қазіргі кезде әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып, әр түрлі заң бұзушылыққа жол беретін, тым анайы топтар да құрылып, оны пайдалаушылар да артуда. Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына кері әсерін туғызатыны белгілі. Осы әлеуметтік желідегі ақпараттар салдарынан өз-өзіне қол жұмсап немесе басқада заңға қайшы әрекет жасағандар туралы ақпараттар бұқаралы ақпарат құралдарында жиі-жиі айтылып жүр» - деді.
«Әлеуметтік желі» қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті біз үйірме мүшелерімен бірігіп осы тақырыпты таңдап отырмыз. Үйірме мүшелері жыл бойына, колледж жастарының арасында әлеуметтік желілерді дұрыс жағынан қолдануды насихаттау жұмыстарын жүргіземіз.
Үйірме отырсының мақсаты студентттің жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, зерттеу нәтижелерін бір деңгейде қалыптастыру, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Бүгінгі ашық үйірме отырысының қонақтары:
№11 Тілдер пәндер бойынша ЦӘК төрайымы: Алдабергенова Гүлмира Қыдырәліқызы
«ТМК жастары» бірлестігінің администраторы Е-206 топ студенті Нұрмахан Назерке

ІV. Тақырып бойынша сұқбат, пікірталас жүргізу -25 мин
Ендігі кезекте үйірме мүшелерінің осы тақырып төңірегінде жан-жақты зерттеу нәтижелерінде жинақталған мәліметтермен таныс болыңыздар. Үйірме мүшелеріне сөз берместен бұрын біз сіздерге бүгінгі отырыстың жоспарымен таныстыра кеткенді жөн көріп отырмыз.
Бүгінгі ашық үйірме отырысымызды түрі пікірталас түрінде өткіземіз. Ашық үйірме отырысының бірінші кезеңінде әлеуметтік желі, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянды жақтары, екінші кезең тақырып бойынша сұқбат, пікір-талас жүргізу, үшінші кезеңде Түркістан медицина колледжі студенттеріне әлеуметтік желілердің әсерлері туралы мағлұмат беруді жөн көрдік.
Барлығымызда бұған дейінгі отырыстарымызда «әлеуметтік желі» ұғымын, әлеуметтік желілердің тарихын, Қазақстанға түрлі желілердің келуі туралы мәліметтерді білеміз.
Ал біздің алдыңғы отырысымызда, сіздерге тапсырма ретінде:
- Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянды жақтарын білуді;
- Колледж студенттерінің арасында сауалнамалар жүргізуді;
- Сауалнамалардың нәтижелерін сараптауды;
- Колледж студенттерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігін анықтауды;
- Күнделікті әлеуметтік желілерде қанша уақыт отыратындарын біліп келу тапсырылған.

Ашық үйірме отырысы пікірталас түрінде өтетіндіктен, үйірме жетекшілері мен мүшелері өз пікірлерін білдіреді.
Құрметті үйірме мүшелері, осы мәселе бойынша сіздердің пікірлеріңізді біліп өтсек:
Қай кітаптың бетін ашып қарасақ та, XX ғасыр алтын дәуір деген сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын - жазушылар ғасыры бола тұра, заманауи технологиялар кезеңі қызметін де атқарады. Оның бірден – бір дәлелі ғажайып нәрсе интернеттің пайда болуы. Жалпы интернет дегеніміз бүкіләлемді байланыстырушы тор. Ол жетістіктерімен қоса адамның физиологиялық қажеттіліктерін де жаулап алды. Әсіресе, ең бірінші орындағы адам коммуникациясы, қарым – қатынасы әлеуметтік желімен алмастырылды. Жалпы алғанда әлеуметтік желі дегеніміз адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым - қатынас жасайтын құралы болып табылады. Көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе – бет қарым – қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым – қатынас жасауды жөн көреді. Ең басында ескі, таныс достарымен сөйлесу мақсатында қолданамын деп, соңында көптеген қиыншылықтарға тап болады. Бүгінгі таңда әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі, интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілерде сөйлеседі. Тиынның екі жағы бар демекші,әлеуметтік желі де адам арасындағы қарым – қатынасқа оң және кері әсерін тигізеді. Көптеген ғалымдардың ойынша, адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын, оның шынайы өмірмен қарым – қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым – қатынас жасаған адам, шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі қиынға түседі, жолында пайда болған проблемаларды шешуге қабілеті аз болады. Сондықтан да әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп.
Ал енді әлеуметтік желілердің пайдалы жақтарын тоқталсақ:
Әлеуметтік желілердің мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газет беттерін парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Әлеуметтік желілер жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен және т.б. таныса аласыз. Әлеуметтік желілерден ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Әлеуметтік желілер күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Ең маңызды және пайдалысы, алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-білістен хат-хабару алмасу үшін қолданылады. Үшінші себепте айтылғандай, хат-хабару алмасудан басқа пайдалы жағы көрініп тұрған жоқ.

Әлеуметтік желілердің зиянды жақтарына тоқталып өтсек:
Компьютердің, ұялы телфондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
 Көздің көру қабілетін төмендетеді;
 Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
 Жүйкеге салмақ түсіреді;
 Шаршағыштық, әлсіздік басады.
 Сөйлеу қабілеті төмендейді

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
Аса қауіптісі - ана тілімізге төнген қауіп. Қазақша жазамыз деп орысша контентті көбейтіп бергенімізді өзіміз байқамай қаламыз. Себебі, қазақ тілін орыс тілінен ерекшелендіріп тұратын ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ әріптері «Мой Мирде» өліп қалған. Оларды жазсаң, орнына ???? деген жазу шығады. Егер қазақ тілінде таза жазамын десең, «Мой Мирға» жоламаған абзал. Бұған балама ретінде Facebook насихатталуы керек және сол ең дұрыс шешім.
ИНТЕРНЕТ ПЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ:
Телефон ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонымен өткізеді.
Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы — ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Бұрындары бір топта 25 студент болса, оның 8-9-ы сабақтың үстінде әлеуметтік желілерде отырады, музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

Тақырып бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу - 15 мин
Жоғарыда атап өткен негізгі мақсаттарымызға сай біз Түркістан медицина колледжі 210 студенттері арасында 10 сұрақ бойынша сауалнама жүргіздік. Сауалнамада студенттердің қаншалықты «Әлеуметтік желілермен» байланысын пайдаланатынын анықтаймыз. Сауалнама сұрақтары мен сауалнама нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.
VI. Қызықты деректер – 5мин
VII. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Тұртаев Алмас Ұзақұлымен онлайн байланысқа шығу – 5 мин
1. Сіз әлеуметтік желілерді қандай мақсатта қолданасыз?
2. Сіздің тарапыңыздан әлеуметтік желілерге байланысты ҚР Прьемер министрі Кәрім Мәсімовқа өзіңіздің қойған депутаттық сауалыңызға жауап қайтты ма, егер жауап қайтса қандай жауап алдыңыз?
3. Әлемде және еліміздегі түрлі болып жатқан жағдайларға осы әлеуметтік желілердің әсері бар деп ойлайсыз ба?
4. Осы кері әсерлеріне кім кінәлі деп ойлайсыз? (мысалы мемлекетті, ата-анасы, оқытушысы)

VIII. Қонақтармен сұхбат жүргізу – 10 мин
Ал енді құрметті үйірме мүшелері, бүгінгі үйірме отырысына келіп отқан, қонақтармен сұхбат жүргізейік.
1. Сіздің өміріңізде әлеуметтік желілердің алар орны қандай?
2. Сіз колледждің белсенді жастарымен Вконтакте, Whatsapp арқылы дебат жүргізетін едіңіз, сол дебаттарды осы күнге дейін жүргізіп келесіз бе?
3. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті, мемлекеттік тілде іс жүргізу пәндерін оқытуда, студенттерге әлеуметтік желілерді қолданасыз ба?
4. Әлеуметтік желілерге байланысты арнайы бір заң керек деп ойлайсыз ба?
5. «ТМК Жастары» бірлестігін не мақсатпен аштыңыздар?
6. «ТМК жастары» бірлестігінің алға қойған мақсаты бар ма?
7. «ТМК Жастары» бірлестігінде қандай посттар шығарылады?
8. «ТМК жастарының» соңғы кездері түрлі қызықты посттардың орнынна, тек студенттердің туылған күндерін құттықтайтын бірлестікке айналып бара жатыр деп ойламайсыз ба?

«ТМК Жастары» бірлестігінің редакторы, колледж түлегі Ибадолла Нұржаннан алған сұқбатымызға назар аударсақ (бейнебаян).

IX. Фотогалереямен таныстыру – 5 мин

Х. Үйірме мүшелерінің атқарған жұмыстарына баға беру

Сөзімді қорыта келе әлеуметтік желілер бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесіне және оқытушылармен жүргізілген сұхбатқа сүйенсек әлеуметтік желілердің пайдасы өте көп!

Атап айтатын болсақ:
Алысты жақындату
Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
Сана-сезімді жоғарылату.
Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету (материалды және моральді жағынан болсын). Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға және т.б. қаржылай қол ұшын беру. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа, қаржылай табыс табуыңа және т.б. қажеттіліктерге қолдануға болады.

Cонымен қатар интернетті және әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану білім сапасының төмендеуіне де әсері бар екен.
Сондықтан Интернеттің тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық!!! Біз көпшілік көкейіндегі мәселені талқыға салдық. Айтылған пікірлер арасынан керегін алып, керексізін қажет етпеуді әр адамның өз еншісіне қалдырдық.
Сөзімді аяқтай келе, әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.