Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бағдарламалау жүйесі -

Бағдарламалау жүйесі

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3139 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалау жүйесі
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Жаңа сабақ
Бағдарламалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программа жиынтығы аталады.Программалау жүйесі пайдаланушыны немесе програмистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босататын және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді.Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін,программалау жүйесінің программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын программасы бар.
Әдетте программалау жүйесінде:
• қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамасы;
• тілді жүзеге асыру құралдарнын сипаттау- бұл осы тілдерден аударғыш программалар;
• стандартты бағыңқы программалар кітапханасы бар.

Программалау тілдерімен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру керек.
Программалау тіі- бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін,пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен симатикасы анықтайтын ережелер жинағы.
Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз орындайды.
Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен талдайды.Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік құрылымы машиналық кодка бірінен соң бірін негізгі жад аймағында интерпретацияланатын программамен бірге болуы керек,бұл жадтың айтарлықтай көлемін қажет етеді.
Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің өзінің артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері негізінен компиляциаланады. Ассемблер ьтілі негшізінде интерпретацияланады, Бейсик пен Лисп тілдері осы екі әдісті де кең қолданылады.
Құрылымы, кірістік тілінің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады:
• машиналық-бағытталған;
• машиналық-тәуелсіз
Машиналық бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен айтарлықтай тәуелді ішкі тілі бар. Машиналық бағытталған жүйелер машиналық тәуелді тілдердің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік береді:
- жасалынатын программалардың жоғары сапалылығы;
- белгілі бір аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі;
- объектік код пен жад тапсырмаларының болжаулылығы.
Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушілігі де бар:
* тиімді программалау жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет;
* қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру поцесінің қиындығы;
* программалау жылдамдығының төменділігі;
* бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютнрлердің басқа типтерінде пайдалану мүмкіндігінің
жоқтығы.
Машиналық-бағытталған программалау жүйелері бұл компьютердің ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін,есептерді шешу алгоритімдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен сипаттау жүйесі.
Қазіргі программалық жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік арнаулы:
1. Объект – бағытталған визуалды програмамлау жүйелері. Олар графикалық интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағын жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Программалау жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Программалау жүйесінің құрамында не болуы керек ?
3.Машиналық – бағытталған программалау жүйесінің артықшылықиары мен кемшіліктері қандай ?

Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Бағдарламалау жүйелері
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.